Қазақстанда орын алған қанды оқиғаға біз де кінәліміз!
Ұлыбритания парламентінің Қазақстандағы қаңтар оқиғасын талқылаған дебаттарын зерттеген ҚазТАГ тілшісі Мәдина Әлімханованың пайымдауынша, Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде ескі режимнің (Назарбаев) дәуірі аяқталған сыңайлы.
Сонымен Мәдина қарындасымыз не дейді?
Ұлыбритания парламентінің депутаты Маргарет Хэдждің мәлімдеуінше, Қазақстанды халықты тонап, байыған элита билеп отыр.«Бүгін мен басқа мемлекеттегі сыбайлас жемқорлық туралы сөз қозғағым келіп отыр, өйткені бұл мәселенің өте өзекті екені өз алдына, бірақ мен Ұлыбританияның осындай арсыз әрекеттерге жол бергені туралы айтайын деп едім. Турасын айтсақ, Британия клептократияға (алаяқтар мен ұрлылардың билігі – ЖА) жол беріп отыр, – деді Хэдж Қазақстандағы қаңтар оқиғасына қатысты пікірталас барысында. Ол британдық үкіметке екі өтініш айтты.«Біріншіден, ол, яғни Ұлыбритания үкіметі мұның алдын алып, қазақстандық заң бұзушыларға санкция салуы керек. Екіншіден, үкімет келесі сессияда экономикалық қылмыстар жөніндегі заң жобасын ұсынуды міндетіне алған кезде, яғни үкімет, заң жобасы қағидаттарының тармақтары оның мақсаттарына сәйкес, қатал, тиімді болып, Ұлыбританияның іс жүзінде қылмыстық жолмен ұрланған ақшаның ізін жасыруға қарсы ыждаҺатты күрес жүргізуге бейілді екенін қамтамасыз етуге тиіс», – деп атап өтті британдық халық қалаулысы.Депутат Қазақстанда ел байлығының басым бөлігі – 162 адамның қолында шоғырланған деген ақпаратты әріптестерінің есіне салды.«Елді халықтан ұрланған ақшаға байыған клептократикалық элита билеп отыр. 2019 жылға дейін оның жеке дара диктаторы Нұрсұлтан Назарбаев болды. Қазақстанда ел дәулетінің – 55 пайызына ат төбеліндей, 162 адам ғана иелік етеді. Негізінен, олар Назарбаев әулетінің мүшелері мен жақындары. Елдің адам құқықтарын қорғау саласындағы абыройы өте нашар, БАҚ бостандығы да шектеулі. Сонау – 2006 жылы АҚШ-тың 42-президенті Билл Клинтон әкімшілігіндегі мемлекеттік хатшының халықаралық құқық жөніндегі көмекшісінің бұрынғы орынбасары Джонатан Винер былай деген еді: «Мен азат әлемде Назарбаев сияқты өзінің сыбайластығымен соншалықты танымал болған басқа көшбасшыны көз алдыма елестете алмаймын… Біз оның сыбайластығы туралы, кем дегенде – 15 жыл білеміз». Алайда, біз Британияда бұған көз жұмдық, көз алдымыздағы сыбайлас жемқорлықты елемей, қазақстандық режимге ұрланған ақшаның ізін жасыруға, оны оңды-солды шашуға көмектесіп келдік», – деді Хэдж.Өз сөзінің дәлелі ретінде ол бірнеше мысал да келтірді.«2008 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта біз – 205 қазақстандық клептократқа алтын виза беріп, олардың қылмыстық жолмен ұрланған ақшаны Ұлыбританияда оңды-солды шашуына жол бердік. Ол кезде біздің еліміз инвестиция арқасында Tier 1 Investor визасымен елге көшіп келуге рұқсат беру бойынша танымалдыққа ие болған елдер арасында бесінші орында болатын-ды. Chatham House-нің жақында жасалған есебі қазақстандық элитаның Ұлыбританияда жарты миллиард фунт стерлингтен астам сомадағы жылжымайтын мүлікке ие екенін көрсетті. Осы соманың – 330 млн фунт стерлингке жуығы – Назарбаевтың үлкен әулетіне тиесілі, оның ішінде – Назарбаевтың күйеубаласы сатып алуы мүмкін Саннингхилл-Парк те бар. Атап айтарлығы, ол оны – 15 млн фунт стерлингке сатып алған, бұл сатушы сұраған сомадан – 3 млн фунтов стерлингке артық», – деді талқылауға қатысушы депутат.Оның айтуынша, «ұйымдасқан қылмысты және сыбайлас жемқорлықты зерттеу жобасы Назарбаевтың – $7,8 млрд-тан астам соманы құрайтын құпия түрдегі активтері өзі бақылайтын төрт қайырымдылық қорына шоғырланғанын көрсетті, ол қаржы барлық салаларға отельдерден бастап, банктерге дейін салынған».«Бұл орасан зор байлық, ішінара 2020 жылы құрылып, Ұлыбританияда тіркелген «Jusan Technologies» холдингтік компаниясына тиесілі. Біз қазақстанның билеуші табына өзіміздің шекараны, жылжымайтын мүлік нарығымызды және қаржы құрылымдарымызды ашып, оларға заңсыз жолмен жинаған байлығын заңдастыруға және жұмсауға мүмкіндік бердік. Бұл аз болғандай, біз мұндай құқықбұзушылықтың ешқайсысына қарсы қолданыстағы заңдарды қолданбаймыз. Бұл неге қазір маңызды болып тұр? Өйткені, сыбайлас жемқорлыққа белшесінен батқан қазақстандық саяси элита жіктелді», – деді сөзін жалғастырған ол.Хэдж атап өткендей, сұйытылған газ бағасының күрт қымбаттауы салдарынан орын алған наразылық тез арада билеуші режимге қарсы бағытталған жалпыұлттық қозғалысқа ұласты. Назарбаев осы лауазымға өзі таңдаған жаңа президент Тоқаев алғашында ескі режимнен іргесін аулақ салуға тырысты. Одан кейін ол Ресейдің көмегіне жүгінді, сөйтіп, елге орыс әскері енгізілді. Содан кейін әскерилерді наразылық білдірушілерге қарсы шығарып, «ескертусіз оқ атуға» бұйрық берді. Басым көпшілігі бейбіт азаматтар болған наразылық білдірушілер ешбір ескертусіз оқтың астында қалды. Кейбір сарапшылардың пікірі бойынша, наразылықты осылай қатаң басудың салдарынан – 225 адам қаза болып, 4,5 мың азамат жарақаттар алып, тағы 10 мың адам тұтқындалды, – деді сөзін нақтылаған депутат.
Оның айтуынша, адамдардың Қазақстанда осылай қаза болуы британдықтарды ойландыруға тиіс. Қазақстанда орын алған қанды оқиғаға біз де кінәліміз. Шетелдіктерге тиесілі меншікке қатысты ашықтықтың болмауы, біздің әлсіз реттеу режимі және біздің әлсіз құқық қорғау органдарымыз – қазақстандық элитаға көмектесті және оларды айтақтады, – деді сөзін түйіндеген Хэдж.