Қазақстанда пәтер жалдау бағасы қымбаттады

Қазақстанда жалға берілетін тұрғын үйлер қайтадан қымбаттай бастады. Бір ай ішінде, яғни 27 маусым мен 26 шілде аралығында орташа тарифтер 4,2%-ға өскен.
Krisha.kz жалға беру бағасын қадағалайтын 13 қаланың 11-інде бағаның өсуін тіркеді.
Мына аймақтарда тариф көтерілген:
— Қостанай, Петропавлда +10%;
— Алматы, Шымкент +7%;
— Ақтау: +5%;
— Ақтөбе: +4%;
— Астана, Қарағанды, Орал +3%;
- Павлодар, Көкшетау +2%.
Атырауда баға өзгерген жоқ (0%). Ал Өскеменде 1 пайызға төмендеген.
Жыл басынан бергі өзгерістер
Бұл ретте қаңтар айынан бергі динамикаға көз жүгіртетін болсақ, жалға алу ақысы орташа есеппен небәрі 3%-ға ғана қымбаттаған.
Қостанай (+13%), Ақтау (+10%), Ақтөбе (+9%) тарифті көтеру бойынша көшбасшылар қатарында.
Сонымен қатар, жалға алу ақысы Көкшетау қаласында (6%), Өскеменде (5%) және Алматыда (1%) төмендеген.
Астанада орташа жалдау бағасы қаңтардағы деңгейге – 0%-ға оралды.
Сұраныс пен жалға алу бағасының өсуі шілде айының ортасында басталды.
Пәтер қанша тұрады?
27 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының қалаларында жалға берілетін тұрғын үйлердің орташа бағасы мынадай:
— бір бөлмелі пәтерлер – 124 мың теңге;
— екі бөлмелі пәтерлер – 165 мың;
— үш бөлмелі пәтерлер — 209 мың;