Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:07, 20 Қараша 2022

Қазақстанда президент сайлауы басталды

None
None

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы басталды. 

Қарақат Әбден «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінен;

Нұрлан Әуесбаев оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан;

Жигули Дайрабаев «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан;

Мейрам Қажыкен «Аманат» республикалық кәсіподақтар бірлестігінен;

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық-саяси күштердің халықтық коалициясынан;

Салтанат Тұрсынбекова "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінен.

Бірнеше кандидат, оның ішінде, Қарақат Әбден, Жигули Дайрабаев, Нұрлан Әуесбаев дауыс беріп үлгерді.

Одан бөлек, Алматы әкімі Ерболат Досаев, премьер-министр Әлихан Смайылов, Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин де дауыс берді.

ОСК мәліметтері бойынша, 8150 учаске дауыс беруге кірісті. Сондай-ақ, 11 шет мемлекеттегі Қазақстан өкілдіктері жанынан 12 учаске дауыс беруге кірісті.

Тегтер: