Қазақстанда шағын әуежайлар салынады

24.01.2018, 15:23

186

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек еліміздің өңірлеріндегі әуе тасымалын дамыту мақсатында 16 шағын әуежай салынатынын мәлім етті. «Жергілікті авиацияны дамыту мақсатында қолға алынған бұл жұмыстар былтыр басталған болатын. Нәтижесінде Үржар, Үшарал секілді қалаларда шағын әуежайлар ашылды. Жергілікті авиацияны қолдау үшін субсидия беріп отырмыз. Былтыр Үржарға субсидия берілген болатын. Биыл Үшаралға берілмек. Алдағы екі-үш жылдың ішінде басқа да әуежайлар салынады. Осы мақсатта алдағы уақытта аймақтық санаттағы 20 ұшақ сатып алынады», — дейді ол.Ол сонымен қатар, болашақта ашылатын жаңа халықаралық бағыттарды атап өтті. «2017 жылдың басынан бері шетелдік және жергілікті әуе компаниялар Астанадан Делиге, Варшаваға, Хельсинкиге, Будапештке, Пекинге, Ереванға, Киевке, Батумиге, Минералды суларға, Сианьға 10 жаңа халықаралық әуе бағытын ашты. Биылғы жылы да Астанадан Түмен, Краснодар, Вильнюс, Томскі, Челябі, Сочи, Батуми және Душанбе қалаларына рейстер ашуды жоспарлап отыр» деп атап өткен ол Air Baltic, Emirates, Fly Dubai, Ангара, Аэрофлот секілді шетелдік компаниялар Рига – Алматы, Дубай – Алматы, Дубай – Ақтау, Краснояр – Алматы, Мәскеу – Қызылорда рейстерін ашуға ниеттеніп отырғанын мәлім етті.Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 07:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 06:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 07:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 07:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 07:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 07:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39