12:45, 25 Тамыз 2023
Қазақстанда соңғы қоңырау 25 мамырда соғылады

Қазақстанда соңғы қоңырау қайтадан 25 мамырда соғылатын болды.
Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары — еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.
— Мойындау керек, бұл әлемдік тәжірибе (36 апталық оқу жылы. — еск.). Бірақ мұндай жаңалықтарды енгізу әрқашан тыңғылықты дайындықты талап етеді. Министрліктің шешімі орынды, бірақ асығыс болды деп есептеймін. Осыған байланысты биыл 34 апталық оқу жылы ұзақтығына, 25 мамырда аяқтауға ораламыз деп ойлаймын, — деді Дүйсенова Астанада өткен тамыз кеңесінде.