11:22, 25 Наурыз 2021
Қазақстанда тағы бір облыс қызыл аймаққа өтті
25 наурызда Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, — деп хабарлайды «Жас Алаш».
"Қызыл" аймаққа Атырау облысы да енді. Мұнда тәулігіне коронавирустың 65 жаңа жағдайы тіркелді, ал барлығы — 18 183 адам вирус жұқтырған.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары.⠀«Сары» аймақта: Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары.⠀«Жасыл» аймақта — қалған барлық өңір.