14:06, 16 Наурыз 2021
Қазақстанда тағы бір өңір қызыл аймаққа енді
Коронавирус инфекцясының таралуы бойынша үш өңір "қызыл" аймақта орналасқан.
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы "қызыл", «сары» және «жасыл» аймақтар туралы ақпарат жариялады, — деп хабарлайды.
COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймаққа Батыс Қазақстан облысы кірді.
"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы және Батыс Қазақстан облысы тұр.
«Сары» аймақта Ақмола, Алматы, Атырау, Қарағанды облыстары.
Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.
