Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:51, 10 Тамыз 2020

Қазақстанда темекі мен ішімдікке қатысты жаңа заң жобалары күшіне енді

Қазақстанда ішімдіктерментемекі сату ережелері өзгерді, енді сатушылар бәрінен, тіпті зейнеткерлерден деқұжаттарды көрсетулерін сұрауға міндеттеледі.

Бұл денсаулық сақтау жүйесі туралыжаңа кодексінде көрсетілген.

«Жеке басын куәландыратын құжатұсынылмаған жағдайда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекіөнімдері, кальянға арналған темекі, кальян қоспасы, темекіні қыздыруға арналғанжүйелер, электронды тұтыну жүйелері мен оларға арналған сұйықтықтарды сатуданбас тарту міндеттеледі», — делінген кодексте.

Айта кету керек,бұл ереже алкоголь сатушыларырна да қатысты. 110-баптың 18-тармағында алкогольдікішімдіктерді сату кезінде жеке басын куәландыратын құжатты талап ету және егербұл талап орындалмаса сатудан бас тарту қажет екендігі айтылған.

Осылайша, егер бұрын сатушы сатып алушының белгілібір жасқа жеткенін жай ғана анықтайтын болса, енді оләркімнің жеке куәлігін тексеруге міндетті.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап тағыбір өзгеріс енгізу жоспарланып отыр. Ол бойынша,витриналарға темекі қораптарынсалуға тыйым салынады. Оның орнына сатылатын темекі өнімдерінің тізімі ғана болады. Яғни, темекі тауарларын сатыпалушы осытізімді оқып болғаннан кейін ғанакөрсетуге мүмкін болады. Бұл туралы 110-баптың 4-тармағының16 тармақшасында айтылған:

«Бөлшек сауда кезінде темекіөнімдері, оның ішінде қыздырылған темекі өнімдері, кальянға арналған темекі,кальян қоспасы, темекіні жылытуға арналған жүйелер, электронды тұтыну жүйелеріжәне оларға арналған сұйықтықтар туралы ақпарат сатып алушылардың назарынатемекі өнімдерін графикалық кескіндер мен сызбаларсыз бағасын көрсету арқылысатылатын өнімдер тізімін орналастыру арқылы сатады».

Сонымен қатар, Қазақстандатемекі шегуге тыйым салынған аймақтардың тізімі кеңейтілді. Жабық автобусаялдамалары, ойын алаңдары, метро және жерасты жолдарында темекі шегуге тыйымсалынады. Аталған орындарда электрондық темекі шегуге, кальян мен темекіөнімдерінің барлық түрлерін пайдалануға тыйым салынған.

Түрлі мекемелерде кальян шегугеде тыйым салынды. Алкоголь және темекі өнімдерін сату қауымдастығының атқарушыдиректоры Темірлан Жақыпбеков осы туралы:

— Біздің жастар мекемелердекальян жиі қолданады. Қазір оларға тыйым салынған. Кафелерде, қоғамдықорындарда, жазғы дәмханаларда көшеде, кальян шегуге болмайды, егер темекішегуді қаласа, оны тек үйде ғана қолдана алады, — деді.

Кальянды тыйым салынған жердетемекі шеккені үшін 42 мың теңге көлеміндегі айыппұл салынуы мүмкін. Яғни, айыппұлмөлшері екі есе дерлік артты.

Антикальяндық шектеулергеқарамастан, тек шілде айының өзінде полиция Нұр-Сұлтан қаласында 20 заңбұзушылық фактілерін тіркеді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күн сайынрейдтер өткізеді.

«Жол бойында біз азаматтардыңқалада тіркеуі бар-жоғын тексереміз, мүмкін бұл жерлерде біреу мас болып,темекі өнімдерін, кальян және т.б. ойын-сауық мекемелерінде тұтынуы мүмкін», — деді жергілікті полиция бөлімінің бастығы Госман Жакин.

Еркежан АРЫН

Тегтер: