Қазақстанда «The Planet of ART 2023» халықаралық фестивалінің музыкалық циклі өтеді
Халықаралық «The Planet of ART» фестивалі – дарынды балалар мен жастарды қолдауға, олардың шығармашылық әлеуетін іске асыруға, фестивальге қатысушы елдердің өнері мен мәдениетінің алуан түрлілігін халықаралық аренада танымал етуге, халықаралық мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған жыл сайын өтетін алаң.
Халықаралық фестивальді өткізу Федерацияның негізгі миссиясын көрсетеді, атап айтқанда әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру және бейбітшілікті, толеранттылықты, бірлікті, өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған алаңдарды құру, сондай-ақ балалардың, жастардың және барлық адамдар бүкіл әлемде тұрақты бейбітшілік пен келісімге қол жеткізу үшін айырмашылықтар мен әртүрліліктен бас тартпай бірлікті сақтай отырып, өмір сүруге ұмтылдыру.
Қазақстанда «The Planet of ART 2023» халықаралық фестивалінің музыкалық циклі өтеді. ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясы фестивальге қатысқысы келетіндер үшін өтінімдерді қабылдауды ашты. Фестивальдің мақсаты – балалар мен жастарға шығармашылық әлеуетін көрсетуге мүмкіндік беру.
– Байқаудың музыкалық бағдарламасына заманауи өңдеуде қазақ композиторлары мен хореографтарының шығармалары енгізіледі. Бұл Қазақстан мәдениетін танымал етуге зор үлес қосады, — деп атап өтті ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясы, — байқауға қатысуғаӘзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің 12 мен 18 жас аралығындағы барлық талантты өкілдері шақырылады.
«The Planet of ART 2023» қатысушылары шараның халықаралық алаңында өз елін таныстырып, бейбітшілік мәдениетінің жас елшілері ретінде әрекет ете алады. Фестиваль серіктестерінің арқасында байқауға қатысу және қорытынды бағдарлама толығымен тегін болады.
Жобаның бағыттары: «вокал», «аспаптық жанр», «хореография». Өтініштер 15 наурызға дейін қабылданады және Қазақстан бойынша іріктеу кезеңдері еліміздің барлық 17 облысында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өтеді.
Қатысу ережесі мен тіркелу нысаны мына сілтеме бойынша қолжетімді: unescoclubs.kz/the_planet_of_art_2023_rus
Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша басқа елдердің финалистері Қазақстанға білім беру және мәдени бағдарлама бойынша шақырылады. Балалар тренингтер мен шеберлік сабақтарына қатысады, ұлттық мәдениетпен танысады, Қазақстанның жетекші мұғалімдерімен және өнер қайраткерлерімен ынтымақтастықтың құнды тәжірибесін алады, сондай-ақ біздің елде әлемнің түкпір-түкпірінен жаңа достар табады.
Астана және Павлодар қалаларында жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімімен өтетін екі ауқымды гала-концерт «The Planet of ART 2023» фестивалінің музыкалық циклінің шарықтау шегі болады.