Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:53, 03 Шілде 2020

Қазақстанда ҰБТ аяқталды

Кезекті ҰБТ еліміз бойынша 21 маусым мен 1 шілдеаралығында өткізілді. Оған рекордтық көлемде – 131 754 өтініш тіркелсе, оның111 113-і, яғни 82 пайызы – биылғы мектеп түлектері.

Өткен жылы бұл көрсеткіш12% төмен болғанын атап өткен жөн. 2020 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу 161пунктте жүргізілді. Тестілеудің әділ өту барысын қадағалау мақсатында қалалармен өңірлерге Білім және ғылым министрлігі тарапынан 1 983 өкіл жіберілді.Сонымен бірге, ҰБТ барысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік, Үкіметтік емес ұйым,БАҚ, «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің өкілдері мен қоғам белсенділері барАрнайы мониторингтік топ (510 адам) бақылады. ҰБТ қорытындысы бойынша,тестілеуге тіркелген азаматтардың 92,1% тестілеуге қатысты, 2019 жылы бұлкөрсеткіш 94% құраған болатын. Шекті балды 82 154 талапкер жинады, бұл өткенжылғы көрсеткіштермен салыстырғанда бір деңгейде қалып отыр. Жалпы республикабойынша орташа көрсеткіш 64,06 балды құрады, мұнда 2019 жылғы орташакөрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылық жоқ (65,5 балл). Биылғытестілеуде алғаш рет электрондық үкімет базасы арқылы Face ID жүйесіпайдаланылды, осыған байланысты ҰБТ тапсыруға басқа адамның кіруге әрекеттенуіайтарлықтай төмендеді. Мәселен, биыл 7 мектеп түлегі өз орнына ҰБТ-ға басқаадамды жібермек болған, өткен жылы дәл осындай 34 жағдай орын алған еді. 119талапкер денсаулығына байланысты ҰБТ тапсырмады. Олар үшін басқа күндері, яғни19 шілдеге дейін тестілеу ұйымдастырылатын болады. Сонымен бірге, биыл алғашрет талапкерлерге калькуляторлар пайдалануға рұқсат етілді. Тестілеу уақытыұзартылып, түлектер қорытынды мектеп емтихандарынан босатылды. ҰБТ жүргізілгенәр аудитория арнайы бейнебақылау камераларымен жабдықталған болатын,нәтижесінде 9,5 млн-нан астам адам ҰБТ барысын онлайн режимде бақылады. Ендіережеге сәйкес 2020 жылғы 25 тамызға дейін бейнежазбалар жіті тексеріледі. Егербейнежазбада грант иеленген талапкердің тыйым салынған заттарды пайдаланғаныанықталса, тестіленушінің ҰБТ нәтижесі жойылады және гранты қайтарылады.Еліміздің барлық ҰБТ өткізу бекеттерінде сақтық шаралары қолға алынып,медициналық-санитарлық нормалар қатаң сақталды. Әрбір ҰБТ-ға қатысушыдезинфекциялаудың 5 кезеңінен өтті: дезинфекциялық өткелдерден өтіп, арнайыкілемшеде аяқ киімдерін зарарсыздандырды, дене қызуын өлшетіп, қолдарынзарарсыздандыру сұйықтығымен өңдеді және бірнеше медициналық маска алды.Тестілеуге кіргізу және отырғызу кезінде талапкерлер арасында екі метрарақашықтық сақталды. Әрбір аудитория бактерицидтік құралдармен және ауарециркуляторларымен желдетілді және тазартылды. Аудиториялар 35% дейінтолтырылды, әрқайсысында тек 10-18 адам отырды. Өткен жылы бір аудиторияда ортаесеппен 50 талапкер болған еді. Жалпы, маусым айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуқалыпты режимде өтті. Еске сала кетейік, келесі ҰБТ тамыз айында өтеді, ондаталапкер шектік балл жинаса, ЖОО-ның ақылы бөліміне оқуға түсе алады. Соныменбірге, ЖОО ақылы бөліміне түсу үшін қаңтар айындағы ҰБТ сертификаттары дажарамды болып қала береді.

Тегтер: