Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
23:59, 04 Қыркүйек 2019

Қазақстанда үзбей жазып жүрген жалғыз жазушы - Назарбаевтың құдасы

Нұр-Сұлтан қаласында Азияқаламгерлерінің І форумы өтіп жатыр. 

Бүкіл ақпарат құралдары жазғандайфорумның ашылуына президент Қасым-Жомарт Тоқаев келді.

Тоқаевтың форумға кеп қатысуы,сөз сөйлеуі бұл шараның маңыздылығын көрсетті деді қатысушылар. Мемлекеттарапынан үлкен қолдау тауып, 281 миллион 35 мың теңге бөлінген форумға елбасшысының келуі заңды. Сонымен қатар форумда панельдік дискуссиясының алғашқыбөліміне президент қатысқандықтан Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев, Мәдениет және спортминистрі Ақтоты Райымқұлова сияқты лауазымды тұлғалар да болды. «Хабар»,«Қазақстан» арналарының басшылары да қатысты. Панельдік дискуссияның президентқатысқан алғашқы бөлімінен кейін лауазымды тұлғалар да шығып кетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқысөзін: «Азия ақын-жазушыларының алғашқы форумы Қазақстанның Тұңғыш Президенті –Елбасы НұрсұлтанӘбішұлы Назарбаевтың бастамасыменөткізілуде» деп бастады. Мұндайәлемдік шара Назарбаевтың бастамасымен өтіп тұратын. Мемлекеттік хатшы МаратТәжин де бір топ Азия қаламгерлерін қабылдағанда бұл форумның ұйытқысы Елбасыболғанын айтыпты. Соған қарағанда Назарбаевтың әлемдік шаралардыұйымдастырудағы зор еңбегін айтпай кету мүмкін болмаған. Осыған дейін қаншахалықаралық шаралар өткіздік, соның ең зоры бүгінгі Азия форумы өтіп жатқанЭКСПО аумағы қалған  ЭКСПО-2017 шарасы даНазарбаевтың еңбегі. Айта кетейік, бұл халықаралық мамандандырылған көрменідайындауға Қазақстан бес жыл ішінде 565 миллиард теңге жұмсаған болатын.

Қ.Тоқаев өз сөзінде Азияәдебиетінің ішінде Қазақ әдебиетінің түркі дәуірінен бергі алыптарына тоқталып,бірнеше ұсыныс, жаңалықтарын айтты. «Қазақстандық 30 жазушы мен 31 ақынныңшығармалары БіріккенҰлттар Ұйымының 6 тіліне аударылып, жарыққа шыққалы отыр. Осы туындылар 5 құрлықтағы 90-нан астамелге, яғни 2,5 миллиардоқырманға тарайды. Бұл – қазақ әдебиеті тарихында бұрын-соңды болмағанбірегей оқиға» деді президент. Бұл Азия қаламгерлерінің форумыда бұрын-соңды Қазақстанда болмаған І форум деп айтылып жатыр.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевбірнеше ұсыныстарын айтып, Азияны әлемдік рухани дамудың орталығына айналдырутуралы сөз қозғады. Қазіргі уақытта бұл қаншалықты іске аса қоятыны белгісіз.Өйткені әр құрлық түгілі, әр халық өз руханияты үшін күресіп жатыр. Оның ішіндеАзия халықтарының рухани күресі мүлде бөлек.

Президент «әралуандық үйлесімі»дей отырып, «Рухани байланыстарды кеңейту – жаңа замандағы Азия халықтарыныңбіртұтастығының кепіліАзиябіріге алады» деді. Азияның бірігуі қай сипатта болады, ол жағыайтылмады. Егер бұл әдеби форум болғандықтан әдебиет жағынан бірігеді десек,тағы қателесер едік. Өйткені үш мыңжылдық тарихы бар Қытай әдебиеті, тамырытереңге кеткен жапон әдебиеті мен бүгінгі қазақ әдебиетін салыстыру, тіпті,қиын. Одан бөлек, біз әлі білмейтін Азияның кішкентай мемлекеттерінің үлкенәдебиетін айтпай-ақ қоялық.  Қ. Тоқаевтыңбұл пікіріне форумға қатысушы кореялық Ко Ын мырзаның сөзі қайшы боп шықты.«Жақында өткен Азия әдебиеті фестивалінің ашылу салтанатында мен Африка менАзияны, Латын Америкасын «үшінші әлем» деп атауға түбегейлі  қарсыекенімді айттым. Бұл атау екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болғанеді.  Бүгінгі жағдайды зерделей отырып,Азияның әрбір бөлігі, әрбір елі, мәдениеті өзінің түпнұсқа бейнесін тапса дегенойға келдім. Азия Еуропа сияқты біртұтас емес екені анық. Еуропа ерте бірігіп,жалпы алғанда бір дінге бас ұрды. Бірақ біздің кейбір көршілер Еуропа елдеріментуыстасып кетті. Азияда мұндай тұтастық мүмкін емес. Азия табиғиерекшеліктердің, тау мен даланың, шөл мен көлдің астасып жатқан әлемі. Осыәркелкілік әдебиетке де тән. Азияның діндері мен философиялық жүйесі де тереңәрі күрделі» деді. Сонымен қатар Ко Ын: «Батысқа бағдар ретінде қараудан бастартуымыз қажет. Латын Америкасының магиялық реализмі Еуропа әдебиетіне жаңалеп әкелді. Сол сияқты Азия әдебиеті де жаңа серпін беруі тиіс» деген ойдыайтты. Міне, осы ой көкейге қонымдырақ. Жалпы форумның панельдікдискуссиясындағы осы кореялық қаламгердің пікірі көп ақын-жазушының ойынаншықты. Жалпы Африка, Азияға «үшінші әлем» ретінде қараудың тамырын жоюды айтуарқылы бүкіл Азияның мәселесін көтеріп отыр. Ал одан арылудың жолдарын Қиыршығыстағы осы Оңтүстік Корея, Жапония бастап кеткен жоқ па?!.

Ко Ын мырзаның баяндама жасауытиіс тақырыбы «21 ғасыр поэзиясындағыжалғыздық» еді. Ко Ын жақсы ой айтқаныменнен бұл тақырып аясынын Азияғасыйдырып, жалпы поэзиядағы емес, Азияның әлемдегі «жалғыздығы» туралы айтты. Ол«үшінші әлем» туралы көзқарас тұрғысынан келді.

Катаржазушысы Моза Аль-Малки «Әлем әдебиетіндегі Азия адамының образы» тақырыбында баяндама жасауы тиіс еді. Бірақол кісі бірнеше әйел жазушылардың  атынатап, тақырыбын мүлде аша алған жоқ.

Моңғолиялық ақын Мэнд-Оёоо«Азия поэзиясының әлемдік әдебиетке әсері» тақырыбында баяндама жасады. Оның баяндамасы біздіңсайтта жарияланды.

Малайзияданкелген Мухаммад Хаджи Саллех «Оңтүстік шығыс Азия әдебиетіндегі баяндауәдісі және оның маңызы» тақырыбындағы баяндамасын оқыды. «Біздің әлем –қазір өте қиын орынға айналды. Қақтығыстар мен соғыстар жиіледі. Дәл осындайжағдайда жазушылардың негізгі рөлі – осынау әлемді жақсарту. Бұл шығармашылықтұрғыда өте күрделі процесс. Біз, жазушылар, ұзақ уақыт бойы жазып жүрміз.Әдебиеттің маңызды екенін әлемге түсіндіруіміз керек. Бірақ әдеби тілді қазірғылым тілі ығыстырып барады» деп «Азия авторларының қауымдастығын» құрудыұсынды. Бұл ұсынысқа ұқсас сөзді Қасым-Жомарт Тоқаев та айтты. «Азияқаламгерлері туындыларының біртұтас электронды кітапханасынқұратын уақыт жетті»деген еді президент өз сөзінде.

Ал Үндістаннан келген жазушы АмарМитра «Азия халықтарына ортақ мифтік элементтердің заманауи әдебиеттегікөріністері» тақырыбында баяндама жасауы тиіс еді. Бірақ бұл жазушы көбіне өзромандарындағы үнді мифтерін айтып, қаламгерлерді жалықтырып алды десек теболады.

Әзербайжан ақыны Анар Расул оғлыРзаев «Түркі халықтарының әдеби мұрасы» тақырыбында сөйледі. Негізінен бір ғана«Қорқыт ата кітабы» туралы айтты.  Барлықтүркі мемлекеттерін Қорқыт туралы телехикая түсіруді ұсынды. Сөз басындаэкс-президент Назарбаевтың әзербайжан тілінде шыққан кітабына алғы сөз жазғанынмақтан тұтанын жеткізді. «Әзербайжан мен Қазақстанды тереңге кетіп жатқантарихи тамырластық пен ортақ дін байланыстырады. Ал қазіргі дәуірде экономикамен саясат біріктіріп тұр. Екі елдің тәуелсіздік дәуірінде  осы бірліктіңнегізін Гейдар Әлиев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалап кетті. НұрсұлтанНазарбаевтың Бакуде басылған кітабына алғысөз жазғаныма қуаныштымын», ­­деді Анар Рзаев.

Олжас Сүлейменов елімізде «сапалыдәуір» басталғанын айтты. Ол жайында Тоқаев пен Назарбаевтың сөздеріне мән бересөйледі. «Бұл жайында қазіргі уақытта әрбір отбасыда талқыға түсіп жатқанПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың таяудағы Жолдауында жан-жақты айтылған. Олайтқан реформалардың болуы қажет. Бірақ Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір дежаңаруы керек. Бұл жайында, жаңа уақыт жайында таяуда ғана Нұрсұлтан Назарбаевтамаша айтып еді. Ол әлемде күштілердің емес, ақылды адамдардың дәуірі туыпкеле жатыр деп керемет айтты. Мұндай жан-жақты әрі нақты пайымды көптен беріестімеген едім» деген Олжас Сүлейменов жазушы Сәбит Досановқа тисе сөйледі.  «Кейінгі 20-30 жылдың шегінде өндіріп жазыпжүрген жазушы — Сәбит Досанов. Бір күні Сәбит маған келіп ақша алып кетті.Сөйтіп кітаптарын бастырды. Кітабын шығарған баспа барлық таралымын өзінеберіп, «өзің сат» депті. Сәбит он шақты кітабын ғана туыстарына, достарынасатыпты. Қалғанарын сата алмай, қайтадан маған келді. Мен әкімдерге, тағы біртаныстарыма хабарласып, қол ұшын бердім. Сол Сәбиттің жолы болып, бір жақсыжермен құда болды. Елбасымен! Жазушымыздың жолы боп берді. Күнде жазатын жазушыүзбей кітабын шығаруға құлшына кірісіп кетті. Бірақ содан бері мағанхабарласпайды. Енді қалған 799 жазушы қайтеді? Қайтіп күн көріп, жазудан жанрахатын тауып, жайлы тұрмыс кешпек? Олардың бәрі билікпен құдандалы бола бермейдіғой...» деді Олжас Сүлейменов. Бұл кісінің баяндамасының тақырыбы: «ҚазіргіАзия қаламгерлерінің қоғамдағы орыны мен рөлі» еді...

Саудиялық Юсеф Әл-Мохаймид«Әдебиеттің терроризммен күрестегі рөлі» деген тақырыпта баяндама жасады. «Дінмен әдебиетті бір-біріне қарсы қою – көнеден келе жатқан қасірет. Өткен ғасырдада әдебиетті тұншықтыруға талпыныстар көп болды. Тіпті тарихта Нобельсыйлығының иегерін өлтіру әрекеттері де тіркелген. Араб әлемінде болғантеррористік оқиғалар әдебиеттен де көрініс тауып жатыр. Саудиялық ақынныңжанкештілікке арнап жазған романы әдебиеттің терроризмге қарсы екенін көрсетті.«Түнгі күтпеген оқиға» сияқты сүбелі туындылар да осы терроризмге қарсыжазылды. Ауған жазушысы Халед Хоссейни де әдебиет әлеміне осы сарындас шығармаларыментанылды. Әдебиет – діннен азат, толерантты құндылық. Сауд Арабиясында жазушыларәдебиет пен журналистиканың дамуына көп үлес қосты. Бұқаралық ақпарат құралдарымен журналистикалық бірлестіктердің көбі әдебиет өкілдерінің күш салуыменқалыптасты. Бүгін араб әлемінде әдебиет терроризмге қарсы тұруға тырысып жатыр.Оны оқу бағдарламасынан ысырып, жылдар бойы әдебиет пен музыкаға мектепте тыйымсалынды. Соның бәрін «ислам әдебиеті» деген шымылдықпен бүркемеледі. Бірақшынайы әдебиет өмір сүріп жатты. Соңғы бес жылда біздің әдебиетте үлкен алғажылжу бар.  Тіпті 2030 жылға арналған стратегиямызда әдебиет жетекші орыналып тұр. Қазір романдар мен повестер маңызды үнге айналды. Осылайша әдебиетнегативті, хайуандық жүйеге ымырасыз күрес жариялап отыр. Деспотизм басқаратынәлемде интернет пен әлеуметтік желі арқылы жазушылардың екінші тынысыашылды. Бейбітшіліктің жалғыз кілті әдебиетте. Әдебиет – терроризммен күресжолындағы ең тиімді құрал екенін көрсетіп отыр», – деді.

ИбрагимНасралла«Өткен ғасырларда жоғалған тілдер мен Ұлттық әдебиеттер» тақырыбындабаяндама жасады. «Мен айтатын тақырып өте кең. Оны оқу да мүмкін емес. Он бесминут сөйлесең деп айтқан еді, бірақ қазір бес минутқа қысқартып отырсыздар.Баяндаманың соңындағы өлеңді оқып бермес бұрын, бұл тақырыпқа мысал ретіндеПалестинаны айтып кетейін. 1984 жылы мен Палестинада болдым. Ол жердеу меніңата-бабам қуылған ауыл болған еді. Ең бірінші сұрағаным, «соған баруыма болама?» еді. Өйткені Израил ол аймаққа қару шығаратын завод салған еді. Менің соңғыроманымда израилдіктер қиратқан ауылды қалпына келтіретін эпизод бар. Сонда:«сендер бір халықты өлтіре аласыңдар, бірақ оның көлеңкесін ешқашан жояалмайсыңдар. Ауыл қирар, бірақ ондағы үйлердің көлеңкелерін жерлей алмайсыңдар»деген сөз бар. Ол көлеңкелер – біздің естеліктеріміз. Біздің тіліміз. Кезкелген окупация естеліктерден қорқады. Бұрын Израил құрылмай тұрып, жиырма жылбұрын Палестинадағы ауылдардың атын өзгертетін комитет құрылған. Сөйтіп арабжеріндегі ауылдар еврей тілінде атала бастады. Бұл әрекет мемлекет құрудыңалғашқы қадамы еді. Бұл тілдің өте маңызды рөлін көрсетеді» деді ИбрагимНасралла. Соңында өлеңін оқып, баяндамасымен толық таныстыра алмады.

АнатолийКим «Қару мен қалам, даму мен сенім» тақырыбында ұзақ баяндама жасады. ЯкупОмероглы «Азия қаламгерлері шығармаларындағы жаһандыққақтығыс зардаптарының көрініс табуы» тақыбырындажалпы сөйледі. Төлен Әбдік «Ғаламтордыңәдебиетке әкелген жаңалығы мен кемшіліктері және болашағы» тақырыбындабаяндама жасауы тиіс еді. Бірақ ол жөнінде ештеңе айтқан жоқ. Жалпы форумтуралы ғана айтты.  

Бір байқағанымыз алғашқы күніБукер сыйлығының иегерлері көрінбеді. Сөйлемеді. Баяндамашыларға он бес минутрегламент бекітіліп, аяқ астынан бес минутқа қысқарып қалғанға ұқсайды.

Форумға келген қазақақын-жазушыларының дені ­– жасы үлкендер. Жастар сирек. Оның үстіне барлығыдерлік ағылшын, өзге де шет тілін білмегендіктен бір-бірімен тәржімашы арқылығана сөйлеседі. Қазақ қаламгерлері бір-бірімен жолығып, арқа-жарқа боп жүр.

Тегтер: