Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:55, 24 Тамыз 2023

Қазақстанда жаңа бейнебақылау жүйесі іске қосылады

None
None

25 тамыз сағат 00:00-де ел аумағындағы бірнеше жолда жылдамдық асырғандарды автоматты тіркейтін ZEREK-2 жүйесі жұмыс істей бастайды.

Polisia.kz ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Борановаға сілтеме жасап хабарлағандай, ZEREK-2 Шымкент — Қызылорда, Шымкент — Өзбекстан шекарасы, Шымкент — Тараз, Тараз — Қайнар, Қонаев — Талдықорған және Астана — Павлодар тас жолында жылдамдық асырған жүргізушілерді анықтайды. Жалпы 33 бағдарламалық-аппараттық жүйе жұмысқа дайын.

Мұндай құрылғылар Көкшетау — Астана тас жолында бұрыннан жұмыс істеп тұр.

ІІМ өкілі биыл жеті айда елімізде 7 мыңға жуық жол апаты болып, 1200 адам көз жұмғанын, 8500 кісі жарақат алғанын атап өтті. Мұның 730-ына жылдамдық асыру себеп болған.

Тегтер: