14:24, 01 Ақпан 2023
Қазақстанда жеңілдетілген автонесие алу үшін банк шарттары аталды
Қазақстанда жеңілдетілген автонесие алу үшін банк шарттары аталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бағдарлама бойынша несиенің ең жоғары сомасы - 10 миллион теңге. Банк несие өтінімдерін мақұлдау кезінде шешім қабылдайтын және өтініш берушіге кепілдік хат беретін негізгі критерийлер:
- төлем қабілеттілігі — кейінгі 6 айда үздіксіз зейнетақы жарнасының болуын қамтамасыз ету қажет;
- несие тарихы — несиелер бойынша төлемді кешіктірмеу қажет;
- қарыз жүктемесінің коэффициенті — қарыз алушының отбасын асырау шығыны және ағымдағы міндеттемелер бойынша төлемдерді ескере отырып, өз міндеттемелерін төлеу мүмкіндігін бағалайтын көрсеткіш.
Банкке хабарласпас бұрын қарыз алушы autonesie.kz порталында тіркеліп, кейін автосалонда төлемге шот-фактураны алып, одан кейін банкке келіп, өтініш беру керек.