Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:42, 24 Ақпан 2023

Қазақстанда журналистердің мәртебесі артады

None
None

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпараттық индустрияны дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеуге кірісті.

Бұл туралы басқарма басшысы Дархан Қыдырәлі:

— Қазір дәстүрлі медианың бағыты концептуалды түрде өзгеруде. Жаңа медиа ұғымы қалыптасты. БАҚ туралы заңнаманы қайта қарау жұмыстары жүргізілуде. Балаларға қатысты кибербуллингті реттеуге заңнамалық түзетулер енгізілді. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, «Масс-медиа туралы» заң қоғамдық талқылауға ұсынылды. Сондай-ақ онлайн-платформалар мен онлайн-жарнама қызметін реттеуге арналған жаңа заң жобасы әзірленуде, — деп пікір білдірді.

Ол заң жобасы аясында журналистердің мәртебесін арттыру, мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру тетіктерін реформалау, өзін-өзі реттеу институттарын дамыту, телерадио хабарларын тарату саласындағы тенденцияларды өзгерту жоспарланғанын айтты.

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы заңға түзетулер әзірленді. Ұсынылып отырған өзгерістер азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектейтін мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттырады. Ақпараттық доктрина талқыланып, біз де ақпараттық саланы дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеуге кірістік», — деді Д.Қыдырәлі.

2023 жылы қандай медиа сауаттылық қажет болады?

Марат Биғалиев, Internews Орталық Азиядағы өкілдігінің басшысы:

«Соңғы бір жылда біз ақпараттық соғыстардың адамдарды бір-біріне қалай қарсы қоятынын көрдік. Отбасы мен достары ажырап кетеді. Қоғам ретінде біз бөлшектеніп жатырмыз және бізді басқару оңай екенін түсіндік. Медиа сауаттылық бір-бірімізбен диалогты жалғастыру, бірлікте болу жолдарын табуға көмектеседі. Эдьютонның биылғы басты мақсаты да осы. Бізбен бірге бес күндік цифрлық саяхатқа 34 адам барды: Қазақстаннан 16, Тәжікстаннан 11 және Өзбекстаннан жетеуі. Олардың барлығы тәжірибе алмасу сессияларына қатысып, сарапшыларға сұрақтар қойып, жобаларын аяқтады, содан кейін олар питчингте тәуелсіз қазылар алқасына ұсынылды», — деді.

Эдьютон – инновациялық форматтағы іс-шара, жаңа білім алуға, тәжірибе алмасуға, медиа, ақпаратты және цифрлық сауаттылықты таратуға арналған идеялар мен жобаларды әзірлеуге бағытталған еркін және шығармашылық алаң.

Бұл БАҚ, ақпараттық және цифрлық сауаттылықты ілгерілету саласындағы соңғы білімді алу ғана емес, сонымен қатар өзіңіздің жеке жобаңызды қаржыландыру мүмкіндігі. Биылғы жылы келесі бағыттар бойынша жобаларға қаржылық қолдау көрсетіледі:

  • тұрақты кәсіби журналистік ұйымдардың медиа-сауаттылықты ілгерілету үшін әртүрлі жанрларда контент құру: сұхбаттар, қысқаша бейнероликтер, комикстер, мемдер және т.б. өтініш берушілердің медиа ресурстарында жариялау мүмкіндігімен;
  • медиасауаттылық қағидаттарын насихаттайтын театрландырылған және қойылымдар (аудиторияның белсенді қатысу элементтері бар);
  • Қазақстанда жас ақындар арасында медиа, ақпараттық және цифрлық сауаттылық бойынша айтыстар ұйымдастыру;
  • қазақ, тәжік, өзбек және орыс тілдерінде цифрлық манипуляция мен жалған ақпаратқа төзімділік әдістерін талқылау үшін пікірталас алаңын ұйымдастыру.
  • барлық ұрпақ өкілдерін, әлеуметтік осал топтар мен мүгедектерді медиа және ақпараттық сауаттылыққа тарту;

Барлық өтініштер мемлекеттік тілді де, этносаралық қатынас тілін де пайдаланатын аудиторияның мүддесін ескеруі тиіс және 2023 жылдың 31 шілдесіне дейін мерзімін ұзарту мүмкіндігінсіз аяқталуы тиіс. Эдьютон нәтижелері бойынша 16 жоба қолдау тауып, 2023 жылы жүзеге асырылатын болады, яғни Орталық Азия елдерінің басқа тұрғындары да медиа сауаттылық дағдыларын жетілдіре алады.

Бұл жоба Америка Құрама Штаттарының Халықаралық Даму Агенттігі (USAID) арқылы америка халқының көмегімен мүмкін болды және USAID қаржылық қолдауымен Internews жүзеге асыратын MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасының бір бөлігі ретінде жүзеге асырылуда. Internews оның мазмұнына жауапты және USAID немесе АҚШ үкіметінің көзқарасын білдірмейді.

Тегтер: