Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:33, 28 Сәуір 2023

Қазақстандағы ең ірі екі ГЭС-тің иесі өзгерді

None
None

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты делініп жүрген екі бірдей гидроэлектростанция «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ қарамағына өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі KASE деректеріне сілтеме жасап.

Деректерге сүйенсек, «Самұрық-Қазына» Шүлбі СЭС пен Өскемен СЭС-те 100 пайыз үлеске ие болған.

«Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған „Самұрық-Қазына“ ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2023 жылғы 25 сәуірден бастап «АЭС Шүлбі СЭС» ЖШС және «АЭС Өскемен ГЭС» 100 пайыз қатысу үлестеріне ие бола бастады", — делінген деректе.

Айта кетейік, бұған дейін Үкімет қаулы шығарып, Шығыс Қазақстандағы екі су электр станциясы мемлекет меншігінен «Самұрық-Қазына» қоры меншігіне бірнеше шарт бойынша берілетінін мәлімдеген еді.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ акцияларының төлемі ретінде «СЭС Өскемен АЭС» ЖШС және «АЭС Шүлбі СЭС» ЖШС-дегі мемлекеттік үлесті тиісті саланың уәкілетті органының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген салалық оң қорытындысы болған жағдайда беру", - делінген еді қаулыда.

Сол кезде Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне, сондай-ақ, Энергетика және Ұлттық экономика министрліктеріне «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, қаулыны іске асыру бойынша қажет шараларды қабылдау тапсырылған болатын.

Тегтер: