Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:24, 23 Маусым 2023

Қазақстандағы шағын және орта бизнес һәм әлемдік деңгей

None
None

Шағын және орта бизнес – нарықтық экономиканың дамуының негізі. Сала кәсіпорындары жұмыс орындарын ашады, бюджетке салық төлейді, халықтың ақшасын айналымға тартады, монополиямен күресуге көмектеседі.

Олар дағдарыс жағдайында экономиканың тұрақтылығын сақтайды, өйткені олар өзгерістерге икемді жауап бере отырып, жұмысты тез қайта құрылымдауға қабілетті. Кез келген мемлекет шағын және орта бизнестің дамуына мүдделі, сондықтан Қазақстанда ШОБ-ты дамыту тұрғысынан түрлі мемлекеттік бағдарламалар, сондай-ақ түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Нәтижесін қазірдің өзінде байқауға болады: Қазақстандағы ШОБ қазірдің өзінде ЖІӨ-нің 37 пайызын құрайды.

Jusan Bank басшысы Нұрдәулет Айдосов ШОБ саласын дамыту жөнінде былай дейді:

– Қабылданып жатқан қадамдар мемлекеттің экономикалық әлеуетін ашуға, тұрақты ұзақ мерзімді даму үшін капиталдық негіз жасауға мүмкіндік береді. Күшті шағын және орта бизнес секторы маңызды элемент болып табылады. Оны дамыту үшін кедергілер жүйелі түрде қысқартылып, мемлекеттік қолдау бағдарламалары жүзеге асырылуда. Соның арқасында кәсіпкерлік белсенділік артып, экономикадағы ШОБ үлесі артып келеді. Мен ШОБ бойынша жұмыстың кейбір шағын нәтижелерімен бөлісе кетейін. Менің ойымша, алдағы жылдары жеке кәсіпкерлік бұдан да маңызды рөл атқаруы керек. Яғни демографиялық үрдістің өзгеруіне байланысты жұмыс орындарына өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру қажеттілігі туындайды.

Жалпы, әлемдегі жағдайды қарастыратын болсақ, ШОБ жаһандық әсерге ие екенін байқалады. Осылайша, барлық кәсіпорындардың 90%-ға жуығы микро, шағын және орта кәсіпорындар (ШОБ) болып табылады. Олар жұмыс орындарының 70%-ын қамтамасыз етеді, ал олардың әлемдік ЖІӨ-дегі үлесі 50%-ды құрайды. Осылайша, ШОБ экономиканы қалпына келтірудің негізгі ойыншылары болып табылады.

Қазақстанда шағын және орта бизнес әлі де даму және қалыптасу сатысында, ал сектордың көрсеткіштері әлемдік орташа деңгейден әлі де төмен. Дамыған елдермен салыстырғанда, алшақтық та баршылық.

Дегенмен де соңғы жылдары Қазақстанда оң динамика байқалады. Атап айтқанда, 2022 жылы ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі бір жыл ішінде 3,2-ге өсті. Өз кезегінде, Қазақстан Республикасында жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша бір жыл ішінде 31,6%-ға артып, 2 миллионға жуық бірлікке жетті.

Соңғы жылдардағы Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі драйверлерінің бірі цифрландыру болып табылады. Мысалы, Қазақстандағы белсенді ШОБ субъектілерінің санының айтарлықтай өсуі интернетті пайдаланатын ұйымдар санының өсуімен сәйкес келеді. Мәселен, бір жыл ішінде олардың саны 16,3%-ға өсті, бұл саланы цифрландырудың маңыздылығын көрсетеді.

Сонымен қатар ел банктері ұйымдарға электрондық қызметтер арқылы көптеген мүмкіндіктер береді. Бұл кәсіпкерлік қызметті айтарлықтай жеңілдетеді. ШОБ үшін ЕДБ цифрлық қызметтерінің танымал болғаны сонша, ірі банктер осы мақсаттар үшін жеке қызметтер мен мобильді қосымшаларды жасайды. Солардың ішінде бизнеске арналған интернет-банкинг, көптеген онлайн қызметтер ұсына алатын банк қосымшалары, соның ішінде жеке кәсіпкерді тіркеу, шот ашу, несиелер, депозиттер, бизнесті сақтандыру және инвестицияларды басқару, сондай-ақ басқа да көптеген қызметтер мен мүмкіндіктер қарастырылған. Сондай-ақ кассаларға арналған қосымша, интернет-банкинг және карта немесе QR арқылы төлемдерді қабылдауға және тауарларды сатуға мүмкіндік беретін цифрлық құрылғылар да жетерлік. Одан бөлек, оңайлататын, ең бастысы салықты дұрыс есептеп, 910 формасын толтырып, одан кейін салық органдарына жіберетін онлайн есеп пен салық есептілігін жасау сияқты қызметтер бар.

Мұндай цифрлық шешімдер шағын және орта бизнестің жылдам қарқынмен дамуына мүмкіндік береді.

Саланың дамуына бюрократия, кәсіп ашудағы және оны заңды түрде жүргізудегі қиындықтар сияқты факторлар кедергі келтіргені жасырын емес. Осыны ескерер болсақ, қазір технология барлық кезеңдерді жеңілдеткендіктен, ШОБ-тың онлайн режимге көшуі көлеңкелі экономиканы азайтуға оң әсерін тигізуде. Егер бұрын бизнес ашу үшін уақыт, ақша, күш қажет болса, қазір барлығы интернет арқылы бірнеше минутта шығынсыз және уақыт жоғалтпай жасалады.

Тегтер: