Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:54, 21 Мамыр 2021

Қазақстанды кесектеп сатып жатыр

None
None

Стратегиялық кәсіпорын 17 есе арзанға сатылып кетті       Экономист Қазбек Бейсебаев әлеуметтік желіде дабыл қағыпты.

«Қазатомөнеркәсіп» өзінің еншілес компаниясын небәрі 323 миллион теңгеге сатып жіберіпті. Небәрі дейтіні сол – бұл компанияның нарықтық құнынан 17 есеге арзан баға екен.        Мәселенің мәніне келсек, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі комитеттің дерегінше, «Қазатомөнеркәсіп» өзінің Kazakhstan Solar Silicon деген компаниясын сатып жіберді. Нарықтық құны әу баста 5,6 миллиард теңге деп бағаланған компания, шындығында, 322,9 миллион теңгеге кетіп қалыпты. Есептесек, 17 есеге арзан сатылған. Мемлекет бұл кәсіпорынның жарғылық капиталындағы өзінің 100 пайыздық үлесін бүтіндей сата салды. Аукцион аясындағы сауда-саттық бағаның төмендеуі әдісімен жүргізіліп, кәсіпорынның бастапқы құны тіпті 16,8 миллиард теңгеден басталған екен. Кепілді жарна 87,5 миллион теңге болған.        Kazakhstan Solar Silicon – жекешелендіру аясында сатылуы жоспарланған «Қазатомөнеркәсіптің» үш еншілес компаниясының ішіндегі ең қымбаты еді. Ең қымбатымыздың сонша арзанға өткені қалай?       Өскемендегі Новая Согра ауылында орналасқан Kazakhstan Solar Silicon кәсіпорны күн қуатын электр қуатына айналдыратын кремнийден жасалған фотоэлектр торларының өндірісімен айналысады.      «Бұл сендерге жанармай бекеті немесе сауда орталығы емес қой. Бұл  мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар кәсіпорын. Бұл сауалды депутаттар мен Ұлттық сенім кеңесінің мүшелеріне қоюдан еш қайыр жоқ. Турасын айтқанда, Қазақстан қазір кесектеп сатылып жатыр. Оян, азамат», – дейді Қазбек Бейсебаев.

Тегтер: