Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:00, 28 Шілде 2023

Қазақстанды жаяу жүріп өткен 73 жастағы ақсақал енді әлемді араламақшы

None
None

Қазақстанның түкпір-түкпірін  жаяу аралаған жезқазғандық 73 жастағы саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов енді жер шарын жаяу аралауды мақсат етіп отыр.

 

Ол әлемді екі жылда аралар шығуды жоспарлаған. Қария саяхатты Атыраудан бастап, Шығыс Қазақстанда аяқтамақшы. Мақсат – салауатты өмір салтын насихаттау. Сәрсенбай Қотырашов бұл әрекетімен саяхаттаудың ешқашан кеш емес екенін көрсеткісі келеді.

Жалпы, ақсақал 16 мың 200 шақырымды бағындыруды көздеп отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.

«2 тамызда Атыраудан бастаймын. Ол жерден Астрахань, Дағыстан, Шешенстан, Грузияға барып, Түркияға тоқтаймын. Түркияда Анкара мен Ыстамбұлды аралаймын. Бұл Жерді айналып шығудың бірінші кезеңі болмақ. Ал келесі жылы екінші кезеңді бастаймын», – дейді Сәрсенбай ақсақал.

Айта кетейік, жасы 73-ті алқымдаған қария былтыр Қазақстанды жаяу жүріп өткен еді.

Тегтер: