Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:30, 08 Маусым 2023

Қазақстандық кәсіпкерлер Оңтүстік Кореяның ірі кәсіпорындарында болды

None
None

Жаңа мүмкіндік пен заманауи инвесторлар іздеген Қарағанды облысының кәсіпкерлері Оңтүстік Кореяға аттанды.

Бұл сапар өңір іскерлеріне қос тараппен ынтымақтастыққа, жергілікті тұрғындарға жаңа жұмыс орындарын құруға және шетелдермен тауар айналымын ұлғайтуға мүмкіндік береді.  

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов бастаған делегация Оңтүстік Кореяның Ульсан қаласы әкімінің шақыруымен индустриалды фестивальге қатысты. Екі күнде қарағандылықтар ондағы ірі кәсіпорындарды да аралады.Еске сала кетейік, Ульсан — кеме жасау, автомобиль жасау және мұнай-химия саласы дамыған іргелі өнеркәсіптік аймақ. 2010 жылы Қарағанды облысының әкімдігі мен Ульсан метрополиясы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісім бекіткен болатын. Бүгінде осы өңірде корей серіктестерімен бірлескен кәсіпорындар қарқынды жұмыс істеуде. Индустриялық фестивальге қатысу қарағандылықтар үшін өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге ілкімді септігін тигізді. 

Оңтүстік Кореяда аймақ кәсіпкерлері үшін ең ірі зауыттарға экскурсиялар ұйымдастырылды. Кездесу барысында Қарағанды «Forever Flourishing» компаниясы өкілінің ұсынысына Оңтүстік Кореялық қызығушылық танытты. Біздің кәсіпкер бірлескен кәсіпорын ашу үшін алаң ұсынуға дайын екендіктерін жеткізді.Алдағы уақытта Корей бизнесмендері Қазақстанға, оның ішінде Қарағанды облысына сапармен келу жайлы уағдаласты. Бүгін әкім орынбасары Ермек Алпысов басқарма басшыларына шетелдік өнім өндірушілердің қызығушылығын тудырған мәселелерді іөңірдегі бизнес-қоғамдастықпен пысықтауды тапсырды.

Тегтер: