11:16, 09 Желтоқсан 2022
Қазақстандық журналист Тамара Сухомлинова қайтыс болды

Қазақстандық журналист Тамара Сухомлинова қайтыс болды, — деп хабарлайды Жас Алаш «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
«Бұл біздің журналистер қауымы үшін, оны білетін және сүйген барша адам үшін ауыр қаза», — делінген хабарламада.
Басылым мәліметінше, Тамара Сухомлинова «Ақ Жайықта» ұзақ жыл жұмыс істеп, оқырмандары үшін бар ынта-жігерімен атқарып жатқан іске ерекше үлес қосқан. Кейін ол өз бетінше жұмыс істеуге шешім қабылдаған.
«Отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз. Біз Тамараны ешқашан ұмытпаймыз», — делінген хабарламада.