Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
19:56, 21 Маусым 2023

Қазақстандықтар әлем елдерінде БҰҰ құрылымдарында волонтер ретінде жұмыс істей алады

None
None

Соңғы бір жылда елімізде волонтерлік ұйымдардың саны екі есеге артты. Қазақстан еріктілердің халықаралық қозғалысына белсенді қатысып жатыр.

Жақында Абай ауданындағы өрт кезінде еріктілер өрт сөндірушілерге көмектесіп, оларды азық-түлікпен, киім-кешекпен және бірінші қажеттіліктегі заттармен қамтамасыз етті. Сонда қоғам қиын сәттерде бір-біріне көмектесудің маңыздылығын тағы бір мәрте түсінді деуге болады. Бүгінгі таңда бұл өзекті бағыт әлемнің түкпір-түкпірінен келген волонтерлердің бір-бірімен араласуына, тәжірибе алмасуына және туындаған мәселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.

Қазақстандықтар ең бастысы, волонтер бола отырып, әлемнің түкпір-түкпірінен пікірлес адамдарды тауып, тәжірибе алмасуға, тіпті басқа елдерге көмектесуге де қатыса алатындықтарын түсінуі керек. Осыған дейін хабарланғандай, Астанада 30-дан астам елден делегаттар қатысқан еріктілердің халықаралық форумы өтті.

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен БҰҰ Еріктілер бағдарламасы арасындағы толық қаржыландыру бағдарламасын іске асыру туралы келісімге қол қою рәсімі өтті. Келісім Қазақстан азаматтарының БҰҰ құрылымдарында әлемнің әртүрлі елдерінде өздерінің волонтерлік қызметін жүзеге асыруға қатысу мүмкіндігін іске асыруға бағытталған. Қазақстан тарапынан құжатқа Қазақстан Республикасы ІІМ басшысы Дархан Қыдырәлі және БҰҰ тарапынан БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойлы Құрбанов қол қойды.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Астанада өткен волонтерлар форумы туралы:

«Өздеріңізге белгілі, бүгін екі күнге созылған волонтерлердің халықаралық форумы аяқталды. Министрлік ұйымдастырған алқалы жиынға БҰҰ, ТМД, Түркі мемлекеттері ұйымы, ТҮРКСОЙ, АӨСШК өкілдері және әлемнің 34 елінен қатысушылар келді», — деп жазды Дархан Қыдырәлі Facebook парақшасында.

Сондай-ақ форумда БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш сөз сөйледі. Ұйымның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стройдің үндеуі, сондай-ақ БҰҰ Еріктілер бағдарламасының Атқарушы үйлестірушісі Тойли Құрбановтың, Толеранттылық және бейбіт қатар өмір сүру министрлігінің Бас директорының сөйлеген сөздері маңызды сәт болды. БАӘ өкілі Афра Мохаммед Аль Сабри, белгілі түрік мәдениет қайраткері Халук Левент және басқа да баяндамашылар Қазақстандағы волонтерлік қызметті дамыту жұмыстарын жоғары бағалады.

Форум аясындағы отырыстарда байыпты ұсыныстар мен маңызды ойлар айтылды. 11 сессияда 80-ге жуық баяндамашы сөз сөйледі. Бұл болашаққа бағдар беріп, игі қоғам құру жолында күш біріктіретін маңызды тұғырнама деп білеміз. Осының бәрі түптегі ізгілікті оятып, бізді бір адамдық мүддеге тартады. Форум аясында Астанада волонтерлік хаб ашылды, бұл да еліміздің өңірдегі волонтерлік қызметтің өсу орталығына айналғанын көрсетеді деп сеніммен айта аламыз.

Ақпарат және әлеуметтік қоғамдық даму министрлігі мен БҰҰ Еріктілер бағдарламасы арасында толық қаржыландыру бағдарламасы Қазақстан азаматтарына БҰҰ құрылымдарында әлемнің әртүрлі елдерінде өздерінің волонтерлік қызметін жүзеге асыру мүмкіндігін енгізуге мүмкіндік береді.

«Сонымен қатар Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркия Республикасы арасында волонтерлік қызмет саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісімдер халықаралық ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтеді деп сенеміз. Шараға атсалысқан барлық әріптестер мен еріктілерге үлкен рахмет!». – деп қорытындылады Дархан Қыдырәлі.

Форумға Қазақстаннан жан-жақты салаларды қамтитын волонтерлар легі қатысты. Мәселен, Дамира Сұлтанбекова «Жас Ұлан» еріктісі болғанына бір жылдан асты, бірақ өзі үшін экобелсенділік саласында одан әрі дамуға бел буған. Оның айтуынша, бұл жеке тұлғаның өсуі мен дамуына көмектеседі, табиғатқа деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімін оятады:

— «Жас Ұлан» ұйымы Қазақстандағы экологиялық белсенділікті дамытудың көшбасшысы болып табылады. Мен өзім үшін «Эко әлем» бағдарламасын таңдадым, біз қоршаған ортаға қамқорлық жасауды, қоқыстарды сұрыптау идеяларын көпшілікке жеткізуді, құрметке шақыруды үйренеміз. тБолашақта ЮНИСЕФ волонтеры болғым келеді, жұмыс тәжірибесі сонда қажет. Бұл ұйымда волонтерлік сертификат береді. Батыста бұл эмпатикалық адам екеніңізді растайтын құжат сияқты және көптеген мүмкіндіктерге есік ашады. Тіпті жоғары оқу орындарында оқуға грант алуға мүмкіндік бар», — дейді ол.

Дамира экология саласында да мансап құруды жоспарлап отыр, ол тіпті балаларға қоқыс сұрыптау туралы ойын түрінде айтып беруді де ойлап тапты.

«Егер сіз экологиялық волонтерлікпен айналыссаңыз, мамандығыңыз экологиямен байланысты болса, бұл үлкен көмек болады. Егер сіз бұл жұмысты шын жүректен және жан-тәніңізбен орындасаңыз, сіз үлкен жетістікке жетесіз. Бұл жаңа адамдармен танысуға мүмкіндік береді, — деп бөлісті ол.

Форумға Қазақстанның медициналық университеттерінде оқитын медициналық еріктілер де қатысты. Әлия Әлімханова – медициналық волонтер, ол хоспистегі дәрігерлерге тегін көмек көрсетеді, ауыр науқастарды қарайды, балаларды емдеуге қаражат жинауға көмектеседі.

»Маған қарапайым адамдардың алғысын алған сезім ұнайды. Бізде университетте еріктілер ұйымы бар, сол арқылы бізді хоспистерге жібереді. Науқастарды күтеміз, тазалаймыз, тамақтандырамыз, укол саламыз. Осы бағытта дамуды жоспарлап отырмыз.  Болашақта мен «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымын құруды қарастырып жатырмын. Мен әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдарға көмектескім келеді және әртүрлі елдердегі әріптестеріммен байланыста болғым келеді», — дейді ол.

Дүние жүзіндегі «28 ілмек» клубының мүшелері де бір ортақ іспен байланысты. Еріктілердің негізгі миссиясы — балалардағы жүйке ұштарын ынталандыруға көмектесетін шала туған нәрестелерге арналған ойыншықтар мен заттарды тоқу. Клуб мүшелері жайлы кофеханаларда жиналады, онда пікірлес адамдармен бірге родблоктардан тапсырыстарын дайындайды.

«Клубтың ішінде бізде жаттығу сабақтары бар, жиналыстар өткенде, біз бір-бірімізге қолдау көрсетеміз. Клуб 13 елде жұмыс істейді. Перзентханада жүріп, 500 грамдық кувездегі балаға көмектесу керек деген сезім оянадаы, салмағы 500-600 грамм нәрестені көргенде дүниеге деген көзқарасың мүлдем басқаша болып өзгерелі екен. Қарағанды ​​чатында 70 адамбыз, бір-бірімізбен тығыз байланыста боламыз, координаторымыз басқа елдермен байланыста», — деді клубтың Қарағандыдағы үйлестірушісі Ксения Бектау.

Қазақстанда да барлық еріктілер үшін бірыңғай портал құру бастамасын көтерген ұлттық волонтерлік желі бар. Оның төрағасы Вера Ким енді әрбір қайырымдылық акциясы ресми түрде өтетінін, әрбір қазақстандық волонтер мәртебесін алып, осы салада дами алатынын айтты.

"Қазіргі таңда kazvolonteer.kz порталында 2 мыңнан астам волонтер тіркелген. Бұл бір волонтерлік портал, сауалнаманы толтырып, бағыт таңдап, өз іс-әрекетіңізді жүзеге асыра аласыз. Мысалы, сіз Қостанайда тұрасыз, ал жергілікті Балалар үйіне көмек керек. Сіз порталға кіріп, қайырымдылыққа қатысуды жоспарлап отырғаныңызды ескертесіз, мұның бәрі ресми түрде өтеді. Балалар үйі сізге куәлік береді, сіздің әрекетіңізді растайды, бұл сіздің волонтерлік тарихыңызда жинақтала береді. Бұл сіздің сонда болғаныңызды, жұмыс атқарғаныңызды растайтын мысалдардың бірі ғана», — деді ол.

Сондай-ақ, төраға біздің азаматтардың БҰҰ волонтеры болуға және халықаралық платформада өз қызметін жүзеге асыруға мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

«БҰҰ-ның волонтерлік бағдарламасы да бар, БҰҰ порталында тіркелуге болады, яғни халықаралық волонтер атануға болады. Ол жерде де өз құзыреттеріңізді ресми түрде растайсыз, мінездемеңізді енгізесіз. Ол былай жұмыс істейді: белгілі бір ел еріктілер көмегін сұрағанда, жеке деректеріңізге сәйкес келетін болсаңыз, сізге автоматты түрде көмекке қатысу ұсынылады», — деп түсіндірді Вера Ким.

Форумда меморандумға қол қойған халықаралық волонтерлік ұйымдармен ынтымақтастық аясында Қазақстанның қалай дамитынын жөнінде. БҰҰ Еріктілер бағдарламасының аймақтық маманы Эмилия Асадова аз-кем түсініктеме берді:

»Біз үшін Орталық Азиялық волонтер деген кім екенін түсіну маңызды, біз әлеуметтік сауалнамалар жинауды, стратегияларды қарастыруды және волонтерлік қызмет туралы қандай заңдар бар екенін зерттеуді жоспарлап отырмыз. Біз волонтер стратегияларға қалай қатысатынын талдаймыз. Қолда бар деректерге тоқталатын болсақ, Орталық Азияның волонтерлері өте жанашыр және мейірімді, олар қиындықтан қорықпайтын үлкен жүректі адамдар деп сипаттайды. Осы өңірден қаншама волонтерлерді кездестірдім, олар қолы бос емес болса да, жеке істеріне уақыт тауып, адамдарға көмектесіп жүрген нағыз батырлар. Орталық Азия халқы тарихи қонақжай, бұл адамдармен кездескен кездегі естеліктерім өте жылы. Мен өзім Орталық Азия, Өзбекстаннанмын, бірақ мен Бангкокта тұрып жатқаныма 8 жыл болды, маған сеніңіз, мұндай пікірді салыстыра отырып, айта аламын», — дейді.

Сондай-ақ сарапшы қазақстандықтардың БҰҰ волонтерлік қызметінің халықаралық платформасында өзін қалай көрсете алатынын айтып берді.

«18 жастан бастап БҰҰ волонтеры бола аласыз, бірақ қазір бағдарламалар онша көп емес, өзіңізді еліңіздің деңгейінде жариялағаныңыз дұрыс. Осы салада екі жылдық тәжірибе жинақтағаннан кейін және 25 жасқа толғаннан кейін сіз БҰҰ маманы ретінде өтініш бере аласыз. Мен өз елімде көп жылдар бойы волонтер болдым, содан кейін БҰҰ елдеріне көмек көрсетуге қатыса бастадым. Сонымен қатар, бізде онлайн волонтерлік қызмет бар, бұл әртүрлі елдерден көмек сұрауларына белсенді түрде жауап беруге болатын онлайн платформа», — деп түсіндірді Эмилия Асадов.

Белгілі болғандай, ізгі ниетті жүзеге асырып, волонтерлар командасының мүшесі болу соншалықты қиын емес. Бастысы, алғашқы қадамды жасап, өзіңе жол ашқан маңызды.

Тегтер: