13:00, 31 Желтоқсан 2021
Қазақстандықтар қаңтарда қанша күн демалады?
2022 жылдың бірінші айында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 13 күн демалады, — деп хабарлайды «Жас Алаш».
2022 жыл сенбіде басталады. Мереке күндері - 1 және 2 қаңтар - сенбі, жексенбіге, 3 және 4 қаңтар дүйсенбі және сейсенбіге түседі.
5 және 6 қаңтар, бейсенбі және сенбі — жұмыс күндері. 7 қаңтар, жұма — демалыс. Бұл күні Қазақстан Православ рождествосын атап өтеді. 8 және 9 қаңтар, сенбі және жексенбі — демалыс күндері.