Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:28, 20 Мамыр 2022

Қазақстандықтар Құлсарының экс-әкімі түсірілген видеоны талқылап жатыр

Қазнет Атырау облысы Құлсары қаласының бұрынғы әкімі түсірілген видеоны талқылап жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Telegram-каналдарда жарияланды. Кадрларда Құлсары қаласының экс-әкімі Қаржау Шарғабаев бір буманы көрсетіп, оны басқа адамдардың сұрауы бойынша алуға келгенін айтады. Ер адамның айтуынша, оған кішкентай пакетте дәрі бар екенін айтқан. Экс-әкім видеоны түсіріп тұрған белгісіз адамның сұрақтарына жауап береді, ал Қаржау Шарғабаевтың бетінен көгерген іздер байқалады.

Полиция бұл жағдайды тексеріп жатқанын мәлімдеді.

«Нәтижесін кейінірек хабарлаймыз», — деді Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

Тегтер: