Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:13, 02 Қаңтар 2023

Қазақстандықтардың зейнетақы активтері қайда инвестицияланып жатыр?

None
None

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов ел тұрғындарының Бірыңғай жинақтау зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) активтерін инвестициялау тетіктері туралы айтты.

Ішкі экономикадағы теңгенің құнсыздануының негізгі критерийі — валюта бағамы емес, елдегі инфляция деңгейі. Сондықтан зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі мақсатының бірі — ұзақ мерзімді кезеңде инфляция деңгейінен жоғары кіріс табу,

— дейді Пірматов.

Оның айтуынша, Ұлттық банк БЖЗҚ-да жиналған зейнетақы активтерін басқарушы ретінде валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша әртүрлі жерге инвестиция жасайды.

Зейнетақы активтерінің валюталық бөлігін тиімді инвестициялау үшін қатерлер мен табыстың оңтайлы ара қатынасын қамтамасыз ететін жаңа стратегия әзірленді. Валюталық активтерді басқару индекстік негізде жүзеге асырылады. Ол ақшаны жаһандық акцияларға, дамыған және дамушы елдердің облигацияларына, инвестициялық деңгейдегі эмитенттердің корпоративтік облигациялары сияқты активтерге инвестициялауды көздейді.

Мәселен, қазір Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында тұрған қаржыдағы теңгенің үлесі — 71,5 пайыз. Шетел валютасында инвестицияланған ақша көлемі 28,5 пайыз,

— деп нақтылады Ұлттық банк төрағасы.

Тегтер: