Қазақстанға жаңа рухани-моральдық жол картасы керек

Әлем күрт өзгеруде, ертең не боларын білмейтін кезде біздің қоғамныңдертіне шипа керек.
Қоғамды жаңғыртуды,30 жыл бойы қалыптасқан «ыңғайлы көпшіліктің» қасаң тартқан санасын өзгертудіакадемик Оразалы Сәбден қазіргі заманда әлемнің өркениеттік жақсы құндылықтарынпайдалана отырып, ең өзектісі ретінде Абайдыңтолық адам ілімінің жол картасын жасап, біздің рухани конституциямызретінде жалпыхалықтық оқу жүргізу керек дейді.
Абайдыңтолық адам ілімін жаңғырту
Абай – туматалант, данышпан, хакім, гений,қазақтың идеалы. Шығыстан да, батыстан да көп ілім-білім жиған Абай сол білімнен адамзат биігіндегі өз ойларынқорытып шығарды. Анықтап айтқанда, әл-Фарабидің философиялық ғылым көздері, Жүсіп Баласағұнидың мораль философиясы,Қожа Ахмет Ясауи, Бақырғани Сүлейменнің сопылық ілім негіздері т.б. ғұламалардыңеңбектері арқылы өз іліми мектебінжасақтады. Ең негізгісі– ұлы Абайдың «толық адам» ілімі. Өзөлеңдерінде: «Ғалым болмай немене,Балалықты қисаңыз», «Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге», – дегенАбай ойлары хакімнің ғылым-білімге үлкен мағына бергенін дәлелдейді. Адамзат білім болғанда ғана жарыққа, биіккежетеді, дамиды деп түсінді. Осы ойларының мәнін аша түсу үшін қарама-қарсымағынада надандық, білімсіздік, қараңғылықты кінәлады. Абай білімнің неғұрлымтереңін көздеді. Білімді тереңдету үшін Абай«мұлахаза» және «мұхафаза» концептуалды ұғымдарына жүгінді, терең ойғасалып, ғылыми ізденістер жасады. Хакімнің осы ізденістерінен «толық адам»ілімі туды. Ол Конфуцийдің моральфилософиясын меңгерген сияқты немесе Абай ізденіс ілімі соған алып келгендей.
«Кімде-кім осы жолмен жүруді өзіне шарт қылып қадам басса, солтолық адам делінеді» деп, «толық адам» бойындағы қасиеттердің ең негізгісі етіпізгілікті алға тартты. Бұл жерде Абай «Құтты білік» дастанындағы жәуанмәртлікті адамгершілік негіздеріретінде пайдаланып, «толық адам» концепциясына этикалық бағыт ретіндекіргізеді. Оның негізіне: ғылым, рақым,ғадәлет ерекшеліктерін алады. Осы үшеуініңбасын қосып, ізденіп толық игерген адам ғана «толық адам» қатарынақосылуы мүмкіндігін айтады.
Бізге де кейде сол Еуропакеңесшілерінің арқасында дүниенің көрінген сырына, қоғамның заттық әлемінебасымдық беріп, мұнай-газымызды, жерасты байлығын тезірекалсақ, шетелге сатып байысақ деп жүргендер де аз емес. Ойлағанын жасап та үлгерді,байларымыз да жетеді.Ал үкімет пен парламентсолардың шотын жауып жүрген сияқтыболып көрінеді. Әйтпесе өндірілген мұнай көлемінің 28-ақ пайызы бізде, ал 72 пайызы шетел компанияларыныңқолында екенін қалай түсіндіруге болады? Неге олар түскенбарлық табысты шетелгеалып кетуі керек? Біздің шенеуніктер Абайдың «пайда ойлама, ар ойла» деген өсиетін ұмытқан болар? Өкінішке қарай,егемендіктің 30 жылында біз Абайдың ой өркениетінмұқият зерделегенде баяғыда жүйені басқа арнаға салып, шетел үстемдігіндекетпес едік. Қазып жіберсек, бұл жерде кешірілмейтін қателіктер көп. Әттең, қайран Абай, ерте туыпсыз.
Ашығын айтқанда, біз еліктеп келген жаhандық дамудың қазіргі материалистик моделітиімсіз екенін мойындауымыз керек. Біз миллиардтаған адамға эндемиялықкедейшілік жағдайында өмір сүруге жағдай жасап отырмыз. Алға жылжуға жаңа жол табу керек. Сондықтан жүйелік тәсілдіқарастыра отырып, мәселелершешімінің адекваттылығының, тұтастылығының жауабын іздеген дұрыс. Олардың ішінде бастысы – дүниетануға гуманистік пәрменберу, дүниенің көрінбеген сырын,рухани-ізгілік бағыттары, қадамдары мен сананы ояту идеяларын тудыру керек. Қазір ХХl ғасырда адамиақыл-күй мен рухқа сенетін уақыткелді, әйтпесе өте қауіпті апатқадушар болуымыз мүмкін. Мәселе қоғамның адамгершілік тұрғыдан бүліну қаупі жөнінде болып тұр. Адамзаттың дамуыншығысқа бұрып, оны заттық жүйеден рухани, қоғамды ізгілендіру рельсінетүсірген жағдайда әлем тыныштанады,тұрақты дамиды.
«Осылардың бәрін қалай іске асыру керек?»дегенде, ұлы Абайдың «толық адам»іліміне қайта ораламыз. Сонда заңды сұрақтууы мүмкін: «Толық адам кім, өзі?Оның үлгісі біздің арамызда бар ма? Өзі кімнен өнеге-өсиет алып, кімге қарап,бой мен ой түзей аламыз?» т.б. Әрине,бар, түркі халқы, қазақ халқы – кемеңгер халық. Оларды осыкітаптағы тарихи ұлы тұлғалардан көруге болады. Дәл қазіргі уақытқа келсек, менАбайдың «толық адам» үлгісі деп, кеше ғана өмірден өткен академик, заңғар тұлға СалықЗиманов пен заты неміс болса да, ділі қазақ, халық жазушысы Герольд Бельгерді, академик ТұрсынбекКәкішевті айтар едім. Үшеуінің де өміріне, істеген істеріне үңілсең,«елім» деп, «егемендігім» деп, тіршілігінде тек шындықты айтып шырылдап, біліктіұсыныс-идеяларды айтып та, жазып та кетті. Қазақ халқын қалай ізгілендіремін деп, өмірлері күреспенөтті. Олар басқағажақпаса да, халыққа жақты,елдің сүйіктісі болды.Міне, Абайдың «толық адам» аманатын орындаған деп, осы тұлғаларды айтуға болар еді. Жастар осытұлғалардың еңбектерін оқып, өнеге алса екен.
Меніңше, адам толық адам болғанда ғана қоғамғашын пайдасын тигізеді. Адам өз мақсатына адал болғанда ғана ақыл-ойы ештеңегетәуелді һәм қолы байлаулы болмайды.Тек тәуелсіз ой ғана кемел істерге бастайды. Толық адамға биліктің де, байлықтыңда керегі жоқ. Дүниенің қызықтарын, нәпсіні, басқаны ұмытып,тек еліне, халқына қызмет етудіойлайды, ел игілігі жолында барын салады.Оның бойы рухани тазарған кезде алтыншы сезімі ашылуы мүмкін, сол кездеөзі ойламаған мүмкіндіктерге қол жеткізуі неғайбыл.
Абайдың «толықадам» ілімін шығыстық рухани даму жүйесімен ұштастырып, осыларды дүниежүзілікой өркениетінің дамуымен жүйелі түрде синтез жасап, жандандыруға болады депойлаймын. Ол үшін бізге материя мен сананы, рухты бір жүйе ретіндеқарастыратын жаңа идеялар керек, бұл біздің батыстық жүйеден басты айырмашылығымызболмақ. Ол деген: Ұлы Жібек жолын жандандыру, Түркістанды қайта жаңғырту, рухты ояту, үлкен экономикалықбелдер жасау, рухани, логистикалықжобалар ұсыну т.б. Мысалы, 2012 жылы Түркістанды халықаралық деңгейде рухани орталыққа айналдыру жобасынжасап, елбасына жіберген болатынмын. Ендігі мәселе осы жобаны толыққанды іскеасыруда.
Еңмаңыздысы – адам, оның ішкі әлемі, әр отбасы, ұрпақ тәрбиесі,ұлттық дәстүрді жаңғырту. Себебі жаңапостиндустриалды өркениетте бірінші кезекке адам факторы мен рухани санақойылуы керек. Бұл дегеніміз – Абайға жүгіну.Осы орайда, бір ұсыныс айтқым келеді. Біздің мемлекетімізде ғалымдардың қатысуымен «Хакім Абайдың толық адамілімінің жол картасын» жасап, біздіңрухани конституциямыз ретінде халықты оқыту керек. Осыны игерген адам тиістіқызметке алынуы керек. Барлықоқу орындарында Абайдыңтолық адам ілімін жол картасымен оқыту арқылы біз қоғамөмірін ізгілендіре аламыз,цивилизацияға жаңаша бет бұрамыз.Абайармандаған заман енді туады. Әлі көп кешікпейдүниежүзі Абайды Конфуций менНострадамустай оқитын болады. Абайдың феноменінсонда ғана адамзат түсінетін болады. Басқалар түсінгенше, Абайды өзімізбойымызға сіңдірейік.
Себебі ХХІ ғасырдацивилизациялық даму соған алып бара жатыр. Жаһандану процесі руханисалаға мейлінше, күштірек ене бастады. Адамның рухани санасына, әлемдікпсихологияның өзгеруіне батыл өзгерістер жасалынуы қажет. Бұл халықаралық қатынастарда құқықтың сақталуына, келісіммен бейбітшілікке алып келеді. Оғанөту бұрынғы идеологиялық постулаттарды қайта қарастырудан басталады. Мысалы, экономика жағынан алып қарайтын болсақ,оны әдеттегідей, абстрактілі тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыруға емес, нақты адамның тұтынымына бағыттау кeрек.Мысалы, жаңа ұсыныс ретінде «әр адамға әлеуметтік-экономикалық нормативтерді енгізужолымен ғана адам капиталы саласында кедейшіліксіз өмірді қамтамасызетуге болады». Бұл дегеніміз – экономиканы әр адамның керегіне бұру.
Абайды оқу, тану,ойларының тереңіне үңілу, маржанын теру ойшылдың ой өркениетіне мойын бұру болыптабылады. Сонда ғана рухани биіктікке қолымыз жетпек, сонда ғана жаңа өркениет есігінен «толық адам» болыпаттай аламыз. Қазақтың тербеліп өсер бесігі – шетел насихатшыларыемес, ол ұлы Абайдың шығармалары, қара сөздері, шығыс философиясы. Ұлы Абай– шығыс даласында руханиреволюция жасаған әлемдік тұлға. Ойшыл хакімді өзінің осы лайықты биігінекөтеру біздің парызымыз. Абай ілімі бізге математиканың көбейту кестесін білусияқты бір қалып «стандарт» ретінде пайдаланса, қоғамның алға жылжуына үлкенәсері болары сөзсіз. Әр жеке адам «Мен ішкі жан дүниемніңжұмағына қалай кірем? Осы өмірде кіре алам ба?» деген сауалды өз-өзінеқойып, соны Абай ілімі арқылы шешуге тырысуы керек. Қытай болса Конфуцийдітолыққанды іске асыруда. Ұлы Абайдың «толық адам» ілімін игерген жас қазақ өзінде, елін де бақытты етеді.
Келешекке көз салсақ, әлемнің постиндустриалдыдаму кезеңінде қоғамды ізгілендірузаманының моральдық кодексін жасақтағанда басқа әлемдік генийлермен бірге ұлыАбайдың ой өркениеті, оның «толық адам»ілімі, асыл сөздері сол моральдық кодекстіңфундаменттерінің бірі болып қаланатынына негізмол және де олар күлліадамзат ұстанатын мұраттар.
Осыған дайындық ретінде Қазақстанда, Ұлы Жібек жолында Абай атындағы рухани академия ашып, сол академияда Абайдың мұрасын,шығыс философиясын зерттейтін, Еуразия кеңістігіне ғылыми кадрлар дайындайтынорталықтар қызмет етсе, өркениеттің дамуына үлкен септігін тигізер еді. Бұлтуралы ұсынысымды президент Қ.Тоқаевқа жазған болатынмын.
Кемеліне келген толық адам өзінің біліктілігісонша жоғары болғандықтан, ол адамзат алдына, жалпы әлемге бағалы, өте құндырухани дүниелер, жаңалықтар алып келеді, жаңа өркениетке жол ашады. Генийлер деосылардан шығады.
ХХІ ғасырда сананы өзгерту, жаңамораль жүйесін жасау туралы
Хакім Абай: «Рухани құндылық – адамзатөмірі мен адами жетілуінің қосқанаты – ізгілік пен танымға бірдей азық әрі жетекші», – деп пайымдайды. Ақыл мен жүректі ізгі етуші – әділет.Абай «Он төртінші сөзінде» ақылжүректің ізгі қызметінде көрініп, нұрлы болуы әділеттен дегенді байқатады. Әділетті ақылмойындаған нәрсені ғана Абай жүрек ісі деп біледі. Ал «Ойғатүстім, толғандым» өлеңінде жүректің өзін оның негізгі қасиетіәділеттілікпен байланыстырып, өмірде өзінен де пенделік қателік кетіп,әділеттен бұра тартқан кезіне өкініш білдіреді.
Абайда Алланың әділетін тауып,танып, анықтау,оны бәрінің де бастауы етіп көрсету басым.«Бұдан ізгілікті қоғамның ХХІғасырда моральдық кодексі қандай болуы керек?» деген заңды сұрақ туады. Адамның қабілеті шексіз.Егер ол жастайынан жанына керектініңбәрімен айналысса,оқыса-тоқыса, ілім қуса – дегеніне жетеді. Осыжолда ол өте бай да (миллиардер) бола алады,биліктің де шыңына шыға алады,тіпті үлкен ғалым, сәулетші т.б.болуы, үлкен жетістіктерге жетуі мүмкін.Бірақ сол жолда оның алдынан шайтан жолғашығару үшін әртүрлі тән рахатына бататын ұсыныстар болады, тәннің нәпсіге ұрынуы,үлкен пара да ұсынылуы мүмкін т.б. Өкінішкеқарай, көріп жүргеніміздей, олардың көбісі талантын таптап, осы жолға түсіп кетеді. Ал бойындақалыптасқан адамдық, моральдық принциптерінұстап қалатындар діттеген мақсатынажетеді. Жалпы, мораль дегеніміз – нәзік дүние бола тұра, ол қоғамның руханидамуы мен табиғат заңдылықтарыныңадам өмірінде орындалуынан туады. Тек осы жағдайдағана адамның ішкі рухани дүниесітолыққанды қанағат табады,кемелденеді.
Абайдың теріс істі кісінің өзі жасамай, оның өзгеден шыққанынкөргенде-ақ: «...ұятісті қылған адамды есіркегендіктен, бір нәрсе іштен рақым секілді болыпкеліп, өзіңді қысып, қызартып кетуін» ізгіліктің белгісі ретінде танытады.
Әлемде бар моральдық кодекстерді (діни, кәсіби, корпоративтік және т.б.) саралайтын болсақ,барлығында бірінші орында ізгілік, адамгершілік, яғни этика-әдеп принциптері өзек болыпсаналады. Мәселен, діни кодекстерде өмірдің мәнін ұғыну, денсаулықты бағалау, адамның өзін және өзгені сыйлауынегізгі құндылықтар ретіндеқарастырылады. Ал кәсіби кодекстер мамандардың біліктілігімен қатар, сол қауым үшін құнды этикалық принциптерді қамтиды. Бұл қағидаларды ұстанбау, түптепкелгенде, адамның жұмыстан кетуін немесе сол қоғамның мүшелігінен шығарылуын көздейді. Мәселен, Гиппократ антының дәрігер үшін маңызы қандай болса, сол сияқтыжурналист кредосының да мәні жоғары. Қазіргі әлемде болып жатқан коронавирус індетінауыздықтау дәрігерлер антының риясыз орындалуында. Біздің дәрігерлеріміздіңриясыз еңбегін, қандай қиындыққа барып жатқанын тек батырлық дейміз. Дәрігерлерге көмекті аямау керек.
Абай адамның адамгершілігімен кісілігін кемелді, толық етугенегіз болатын басты қасиеттерді анықтайды. Хакім Абай айтқандай, ақыл, рақым, әділет – үшқасиетті үлгі етуден туындатады. Экономикалық дамудың үздіксізне өміршең болуын қамтамасыз ететін бірден-бір дүние оның рухани құрамдас бөлігінің, моральдың болуы керек екенін бүгінгі өміріміз осылайша айшықтап отыр. Осы тұста моральдық, этикалық кодекстердіңбелгілі бір салаларда ғана емес, халықаралық келісімдер меншарттарда да болуытиіс екенін атап айтқым келеді. Себебі барлығындатек экономикалық тиімділікке баса назар аударыладыда, оның гуманитарлық, этикалық астарықалып қояды. Сондықтан ізгі қоғам құру жолында жалпы адамзатқа ортақ ізгілік құндылықтар: адамгершілік,адалдық, әділдік, ар т.б.қамтыған халықаралық мораль кодексін қабылдаудың да мәні жоғары. Бұл өз кезегінде мегадипломатия арқылы экономикалық дамудағы тұрақтылыққа әсер етеді.
Мысалға, қазіргі уақыттағы қазақ қоғамыналсақ, зиялы, адал адам таза еңбегімен ешқандай жетістікке де, байлыққа да жетеалмайды. Біздің бүгінгі өміріміз, Шәкәрім айтпақшы, «әйтеуір, қол жетпейтін бір жанталас». Ал, керісінше, айлакер, қу,нәпсіқұмар адамдар жең ұшына қол жалғап, тамыр-таныс, сыбайластық арқылыбиліктің биік шыңына жетіп жатқанының куәсі болып отырмыз. Біздегі байлық пен биліккеқол жеткізгендер ішінде үкімет басшысы, әкім, министр, бизнес өкілдері менбанкирлер бар. Ал қарапайым дәрігер, мұғалім, инженер, ғалым, жазушы, ақынматериалдық құндылыққа қол жеткізбек тұрмақ, айлығы шайлығынан аспай жүр. Біз сонда қандай қоғам орнатып жатырмыз? Неге біз адамзатқа лайық таза жолменжүрмейміз? Жауабы қашан болады? Меніңойымша, бұндай стратегиялық қателікті, теріс ұғымды, қоғамды, цивилизацияныдағдарысқа алып баратын жолды тек мораль,адамның ары мен тазалығы, сананы көтеру арқылы жеңуге болады. Ол үшін осы қиындықтарды еңсеру арқылы адам өзінебақыт әкелетінін сезінуі қажет. Бұлардыжасау үшін, меніңше, мынадай қағидаттарды ұстанған жөн.
Бірінші–адамдардың санасына өзгеріскерек. Айналада,қоғамда болып жатқан мәселелерге мән беріп, неге бұлай деген сұрақты қою. Сенсаясатпен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады. Еңбек етіп, мемлекетке салықтөлеп отырғаннан кейін «осыншама қазба байлықтың үстінде отырып, Абайшаайтқанда, неліктен шеңгел шайнап отырмыз» деген сұрақты қою осы елдің азаматы болған соң, әбден заңды. Сананыөзгерту дегеніміз – айналаңдағы өмір күнделікті күнкөріс қамы ғана емес,өзіңнің және ұрпағыңның болашағын ойлау, сол үшін жауапты болу.
Екінші–саннан сапаға көшу. Біз осы уақытқа дейін баламыздыақылы оқуда оқытып, «диплом алса болды» деген мақсатта болдық. Жоғары оқу орнынбітірген жас дипломын алады, бірақ неге мамандығы бойынша жұмысқа тұра алмайды,егер жұмысқа тұрса, еңбекақысы неге аз, неге кәсіби өспейді деген санада дасауал туындауы керек. Сананың өзгеруі деп осыны айтамыз. Сапасыз білімалып, кейде 2-3 дипломмен жұмыссыз жүруден гөрі нарықтық заманға ыңғайлы, нан тауыпжей алатын мамандық таңдайық, сол салада кәсіби біліктілігімізді арттырайық. Сонда ғанабақуаттылығымыз артады. Бұл үшін сананы өзгерту арқылы таңдауды тек өзімізжасаймыз. Елдің материалдық жағдайы дұрыс, баспанасы, кәсібі болғанда ғана бізекінші сатыға, елдің рухани жағын күшейтуге күш сала аламыз. Абайдың «толық адам» ілімі ұлттық рухани құндылығымыздыарттыру мақсатында бізге осы кезде керек болады.
Елдің ең басты капиталы – адам. Егер адамжан-жақты, ізгі, әділетті, рақымсүйгіш болғанда ғана елдегі адам капиталыныңсапасы артады. XXI ғасырдахалықаралық деңгейде адамның сапасынөлшеуде белгілікөрсеткіштермен қатар, Абайдың«толық адам» ілімі ең озықидея ретінде пайдаланылуы тиіс.
Үшінші–санасы өзгерген, сапалы кәсіби білімі бар, мақсатыайқын адамға патриоттық сезім,психологиялық пәрмен, яғни жоғары ерік күш қажет.Ол күнделікті үздіксіз жаттығумен келеді. Соның арқасында адамсананың ең жоғарғы деңгейіне жетеді. Гегель айтпақшы, «тәрбие – адамдыбала кезден тәрбиелеу ғана емес, ол – сананың оянуы». Дұрыс сапалы білім ментәрбие алған адам, халық мықты мемлекет құрады.
Төртінші– әр адам дүниежүзінде орын алып отырған сын қатерлерге адекватты түрде өзініңбарлық күш-жігерін, мінез-құлқын, қайратын, қайсарлығын жұмсауы қажет.Негізгі мәселе – басқалардыбасқарудан гөрі әр адамның өзін-өзіигеруге мән бергені жөн. Өз қадірін білген адам басқаның да қадірін білеалады, ал басқалар соған сай ізет қылады.
Бесінші –адамның рухани дамуы, текдін жүйесімен байланысты емес, ол – өміріміздің бейнесі, қоғамды ізгілендіруге талпындыру. Керек болса, біз Құдайдың, табиғаттыңалдында байлығымызбен жауап бермейміз,керісінше, істеген жақсылығымыз, руханиқұндылығымыз бен санамыз қайдеңгейде екенімен есеп береміз. Адам өмірде үлкен байлығымен жетістіккежеттім деп мақтануы мүмкін. Адамныңрухани өте азғын болуы біріншісінжоққа шығарады да, ол адам Абайша«толық адам» болмайды. Ал байлыққа көзсіз ұмтылу бақыт әкелмесі анық. Рухани күшті адам жамандық жасай алмайды.Себебі оны жоғарыда айтқан моралі жібермейді. Оқу орындарында сапалыбіліммен қатар, моральдыазамат тәрбиелесек, игі болар еді. Оның өзін-өзі тануға, өзінің потенциалын ашуға,мәдениетіне, тазалығына және оның ішкі адами сапасынамән берілсе.
Алтыншы–осыларды іске тиімді асыру үшін адамөзін-өзі бақылап, басқара білуі керек.Адам алдына қойған мақсатына жетіп, «толық адам» болуы үшінөзін бірқалыпты ұстауы, сыртқы және ішкі факторлардан өзін сақтап, іс-әрекеттерін басқара білуі керек. Әрине, мұның бәрі ең жоғары моральдыққұндылықтарға, адамның ар ұстанымына, қалыптасқан мінезіненегізделеді. Мораль кетсе,бәрі кетті деген сөз. Мектепте жастарды мінезінің қалыптасуына, ойының тұрақтануына, негативті процестермен күресугебейімдеу керек. Жеңіл мал табудан,«көп айтса болды, билік айтсакөнді» дегеннен арылу қажет. Осыжетістікке жететін ұзақ жолда үлкенкүш-жігер, талап, әсіресе тұрақты бақылауқажет. МұндайдаАбайдың «Егер ісіңненнәтиже көргің келсе, әр уақытта өзіңнен өзің есеп алып отыр» деген сөзінеске алсақ жарареді. Өмірде басқаларды басқарудыңалдында өзіңді басқаруды үйрен. Ол рухани санамен келеді.
Осылардың бәрін игергенадам тұлға болып қалыптасады.Одан ары адам өзінің бір даму деңгейіне жеткенде кемелденген толық адамболып есептеледі. Қалай ойласаңызда, сапалы білімсіз, рухани қалыптаспаған адам өмірге бағалы ештеңе алып келе алмайды.Себебі оның өзі Абайдың «толық адамы»бола алмайды, оның ақыл-ойын,рухын миымен толық игеруге шыдамдылығы мен төзімділігі жетпейді. Егер адам Абайдың«толық адам» ілімін шынжүрегімен түсінсе, «мен өзімді өзгертемін, қойған мақсатыма жетемін» деп мақсатқойса, ол адамды енді бұл жолда ешкім тоқтата алмайды. Түптеп келгенде, моральдық қалпын сақтаған адамөзін де, елін де, адамзатты даалға алып баруға өз септігін тигізеді. Сонда ғана ол адам осы өмірде өзініңішкі дүниесінің жұмағынакіруі мүмкін. Ал моральдық қалпы жоқадам кешірілмейтін қателіктер жасайды.
Егер болашаққа болжам жасайтын болсақ, адамзат ең жоғарғы моральдық қалпымен, сананыңшыңымен жүретін болса, онда зорлық-зомбылық, соғыс,үлкен қақтығыстар да болмас еді.Ол үшін білім мен тәрбие жүйесі күрт,түбегейлі өзгеруі керек. Оның басындаәр адамға жеткілікті деңгейде материалдық тұтынуқажеттілігі мен мораль тұруы керек, адами қасиеттердің қалыптары әр адамның ой-санасына енгізілуі қажет. Әрине,бұл көп іс-әрекетті, ұзақ уақытты алатын процес. Дегенмен әр адамның жеке рухани мүмкіндіктерііске аспайынша, өмірдің жақсаруы екіталай. Себебі мұңсыз адам ары қарай да теңсіздікке, жалған ұжымдықтың құлдығына ұшырай береді.Билік оны неге сендіргісі келеді – соны жасайды, жалған ақпараттар т.б. тетіктер арқылы мақұлдатады. Мұны «ұятсыз өтірікке сендіру» депатауға да болар еді. Ары кете берсе,бұл жолдиктаторлық жүйеге алып баруы мүмкін.Мұндай сұмдықты болдырмау үшін жаңа этика туралы заң қабылдау керек.
Алда цивилизациялық дамуда VI–VII жаңа технологиялықукладтарды игерудің арқасындадүниеде үлкен өзгерістің, ғылыми-техникалық революцияның болатынына сенеміз.Себебі сана эволюциясы, рухани революция,қоғамды ізгілендіру заманы келе жатыр. Ал адамзатболса осыған қызмет ете отырып,өзінің рухани даму шыңынашығады. Сонда ғана бүкіл адамзатәлемнің бейбітшілік дамуының жемісін көреді. Бізге де рухани биіктікқажет.
ОразалыСӘБДЕН,
ҚРМемлекеттік сыйлығының иегері,
э.ғ.д.,профессор, академик