Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніндегі «жасыл» экономиканың үлесі зор
Қазақстанда жасыл экономиканың және де жасыл технологиялардың дамуы ауыл шаруашылық мәселелерді шешумен қатар инвестициялық тартымдылық пен ғаламдық бәсекеге қабілеттілікті арттыра түседі.
Агроөнеркәсіп кешенін инвестициялау негізінде аграрлық өнімдердің сапасы мен көлемін арттыруға толық мүмкіндік туады. Жасыл экономикаға салынған жалпы инвестиция көлемі жағынан бірінші Ақмола облысы (25,7 млрд.теңге), екінші орында 12,7 млрд теңге көрсеткішпен Жамбыл облысы, одан кейін Атырау облысы (9,1 млрд теңге) қарастырылды. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағдарламасы Қазақстанның барлық аумағында қоғамның қаржылай қолдауымен жалпы сомасы 236,7 млрд теңгеге 435 жоба қолданысқа берілді, бұл ретте қоғамның қаржыландыру сомасы 172,9 млрд теңгені құрады. Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеудің басты бағытының бірі – аграрлық сферадағы инвестициялық қатынастар болып табылады. Агроөнеркәсіп кешенінің экономикасы аймақтық жағдайларды, өндірістің инвестициялық тартымдылық механизмін дамыту ерекшеліктерімен салдарын тиісті түрде қарастыруды, экономикалық теңсіздікті және мәселелерде есепке ала отырып, оны қалыптастыруға және реттеуге бейімді ыңғайды талап етеді.
Нақты инвестицияның абсолюттік деңгейіндегі, сондай-ақ ауыл шаруашылығына арналған инвестициялық қатынастардың ауытқуы мемлекетке және жеке секторларға да байланысты. Жеке секторда инновация және қаржыландыру мүмкіндіктері болады, сонымен қатар жеке сектордан көп мөлшерде инвестиция тартылады. Бірақ ол үкіметтің тарапынан жасалатын реформалар мен инновациялық бизнес үлгілерді талап етеді. Инвестициялық үрдісті басқарудың тиімді жолын жүргізе отырып, ауыл шаруашылығындағы инвестицияны басқаруды қалыптастыру арқылы несиелер мен салық беру, қаржылық қолдау немесе әр түрлі проблемаларды шешу арқылы отандық өндірушілердің бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге өз ықпалын тигізеді. Ауыл шаруашылық кешеніндегі мемлекеттік инвестиция импульсінің жоғарылауы тұтастай алғанда экономикаға, мемлекеттік жалпы инвестициясына қатысты екенін сипаттайды.
Агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық қызметті реттеу мәселелері мемлекеттің ұлттық мақсаттары мен мүдделерін іске асыру үшін маңызды болып табылады.
Ауыл шаруашылығында жасыл экономиканы дамыту – бұл тұрақты дамудың прогресін жақсарту қажеттілігі. Жасыл экономиканың инвестициялық шешімдерін қолдау үшін кейбір модельдер шешімдері осы тұрғыда қарастырылады. Ауыл шаруашылығының инвестициялық үрдісі мемлекеттік реттеудің басты бағыты арқылы несиелік, сонымен қатар инвестициялық ынталандыру қарастырылуы қажет. Қаржылық ұйымдар дұрыс және сапалы жасыл қаржы жүйесін құруы қажет және оңтайлы инвестициялық ауқымда жасыл несие көлемін бақылауы тиіс. Және де инновациялық қаржы жүйесі арқылы жасыл салаларға көбірек әлеуметтік капиталды бағытталды. Бүгінде елімізде «жасыл» инвестицияларды батыстық компаниялардан инвестициялық банктерді қаржыландыру арқылы тарта алады. Ал, инвестициялық үрдісті басқарудың тиімді жолын жүргізе отырып, ауыл шаруашылығындағы инвестицияны басқаруды қалыптастыру арқылы несиелер мен салық беру, қаржылық қолдау немесе әр түрлі проблемаларды шешу арқылы отандық өндірушілердің бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге өз ықпалын тигізеді. Агроөнеркәсіп кешенінде жасыл экономикаға көшу бұл инвестицияларды, кәсіпкерлікті және инновацияны ынталандыратын ортаны қолдайды. Орнықты және тұрақты инвестициялар жаңа инновациялық технологияларды дамытуға серпін береді. Кешенді инвестициялау негізінде агро өнімдердің сапасы мен көлемін арттыруға толық мүмкіндіктер бар. Басым инвестициялық жобаларды іске асыру аясында тауарлардың және көрсетілетін қызметтің экономикалық қолжетімділігін арттыру АӨК-ң дамытудың басты міндеттерінің бірі және инвестициялар тартуды ынталандыру арқылы ауыл шаруашылық өнімдерінің өндіріс көлемін ұлғайту болып табылады. Сарапшылардың пікірінше, тұрақты экономикалық өсім үшін инвестиция өнімнің 20-25%-ын құрауы қажет. Осылайша, дамыған елдерде орташа жылдық капитал салымдары 16-22% және жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны 2-3% болады. Сонымен қатар, отандық және шетелдік теңгерімділігін ұмытпауымыз қажет. Әлемдік тәжірибеде көрсетілгендей, дамыған елдердегі шетел инвестицияларының үлесі 4,5% ұлттық экономиканың ортақ салымын қалыптастырады. Қазақстанда бұл көрсеткіш шетелдік инвестициялардың жалпылай ағыны 15,8 млрд долларды құрады, ал бұл 2017 жылмен салыстырғанда 5,3% жоғары көрсеткіш.
Инвестициялық субсидиялау есебінен тартылған инвестициялардың көлемі 2017 жылы жоспар бойынша 100 млрд теңге болса, іс жүзінде 114,4 млрд. теңгеге жеткен. Ал, 2018 жылы бұл көрсеткіш 115,3 млрд теңгеге жоспарланған болса, іс жүзінде 118,7 млрд. теңгені құрады.
Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағдарламасы Қазақстанның барлық аумағында қоғамның қаржылай қолдауымен жалпы сомасы 236,7 млрд. теңгеге 435 жоба қолданысқа берілді, бұл ретте қоғамның қаржыландыру сомасы 172,9 млрд. теңгені құрады. Инвестициялар арқылы жылыжайлар салынып, жалпы қуаты жылына 42,8 мың тонна көкөніс өнімдерін шығаруда. Басым инвестициялық жобаларды іске асыру аясында тауарлардың және көрсетілетін қызметтің экономикалық қолжетімділігін арттыру АӨК-ң дамытудың басты міндеттерінің бірі және инвестициялар тартуды ынталандыру арқылы ауыл шаруашылық өнімдерінің өндіріс көлемін ұлғайту болып табылады.
Агроөнеркәсіпті инвестициялау негізінде аграрлық өнімдердің сапасы мен көлемін арттыруға толық мүмкіндік алынады. 2018 жылы жалпы жасыл экономикаға бағытталған инвестициялар 2,5 есеге артқан, яғни 80,2 млрд. теңгені құрап екі жарым есеге өскен. Инвестициялардың ең үлкен көлемі Ақмола, Атырау облыстарына бөлінген. Ұлттық экономикадағы «жасыл» технологиялардың бәсекеге қабілеттілігі белсенді түрде өсуде, ал 2050 жылға қарай «жасыл» экономика шеңберінде ЖІӨ 3%-ға арттырылады. Шетелдік инвесторлар тарапынан еліміздің жасыл жобаларына Испания, Германия мемлекеттерінен қызығушылықтарын танытуда. Олар жергілікті әзірлемелерге инвестиция бағыттауымен шектелмей, жаңа технологияларымен бөлісуді жоспарлайды.