12:44, 13 Шілде 2023
Қазақстанның ауасы лас аймақтары белгілі болды
Ұлттық статистикалық бюро Қазақстанның ауасы лас аумақтарын атады.
2022 жылы Қазақстанда ауаны ластайтын орындардан шығатын шығындылар 3,8 пайызға азайып, 2 млн 314 мың тоннаны құрады.
Мәселен, өткен жылы республика кәсіпорындары жалпы ластаушы заттардың 93,4 пайызын залалсыздандырған.
Атмосфераға ең көп шығарындылар Павлодар облысында — 724,1 мың тонна, Қарағанды- 469 мың тонна және Ақтөбе облысы - 136,5 мың тонна.
Ластанудың негізгі көзі өнеркәсіп атап айтқанда электрмен, газбен, бумен және ыстық сумен қамтамасыз ету – шығарындылардың 39 пайызын құрап отыр. Одан кейін өңдеу өнеркәсібі – 32 пайыз, тау-кен өнеркәсібі – 15 пайыз, көлік және қойма шаруашылығы — 5 пайыз.