Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:22, 11 Тамыз 2022

Қазақстанның бірқатар өңірінде бейсенбі күні бұршақ аралас жаңбыр күтіледі

None
None

Қазақстанның бірқатар өңірінде бейсенбі күні бұршақ аралас жаңбыр күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

«Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, жаңбыр жауады, шығысында, орталығында және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Найзағай, екпінді жел тұрады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстік-шығысында дауыл тұрады. ҚР солтүстігінде түнде және ертеңгісін тұман күтіледі», — делінген хабарда.Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, кейде жаңбыр жауады. Күн күркірейді, бұршақ. Солтүстіктен 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +12+14, күндіз +23+25.Алматыда құбылмалы бұлтты, аздаған жаңбыр жауады, найзағай. Солтүстік-батыстан 2-7 м/с жел тұрады, күн күркірегенде екпіні 12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +17+19, күндіз +28+30.Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +17+19, күндіз +31+33.Қарағанды облысында солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Күндіз +23+28 (солтүстігінде +19), түнде +8+13 (оңтүстігінде +17)Ұлытау облысында күндіз +25+30, түнде +12+17.Ақмола облысында күндіз +23+28 (шығысында +19), түнде +10+15.Алматы облысында күндіз +27+32, түнде +15+20.Жетісу облысында күндіз +27+32, түнде +13+18.Шығыс Қазақстан облысында солтүстігінде нөсер жаңбыр күтіледі. Күндіз +21+26 (оңтүстігінде +30), түнде +10+15 (оңтүстігніде +18).Абай облысында солтүстігінде нөсер жаңбыр күтіледі. Күндіз +21+26 (оңтүстігінде +30), түнде +10+15 (оңтүстігінде +18).Павлодар облысында оңтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр күтіледі. Күндіз +23+28 (оңтүстігінде +20), түнде +12+17.Жамбыл облысында таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз +27+32, түнде +15+20.Атырау облысында күндіз аптап ыстық күтіледі. Күндіз +34+39, түнде +20+25.Батыс Қазақстан облысында күндіз қатты ыстық болады. орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +32+37, түнде +18+23.Маңғыстау облысында күндіз солтүстік-шығысында аптап ыстық күтіледі. Күндіз +30+35 (солтүстік-шығысында +38), түнде +21+26 (солтүстік-шығысында +18).Ақтөбе облысында батысында аптап ыстық күтіледі. Күндіз +28+33 (батысында +36), түнде +15+20 (солтүстігінде +12).Қостанай облысында күндіз +27+32, түнде +13+18.Солтүстік Қазақстан облысында күндіз +23+28 (оңтүстігінде +20), түнде +12+17.Қызылорда облысында басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +29+34, түнде +18+23 (солтүстігінде +15).Түркістан облысында оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз +30+35, түнде +17+22.«Алдағы тәулікте еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысындағы, шығысындағы жекелеген тау өзендерінде су деңгейінің құбылуы байқалады, жекелеген таулы өзендерде жауын-шашынның болжануына байланысты су деңгейінің көтерілуі мүмкін», — деп ескертті синоптиктер.

Тегтер: