Қазақстанның кез келген аймағы туризмге сұранып тұр

03.07.2018, 20:38

136

Әріптестікке қол қойысқан  KazakhTourism ұлттық қоры  мен QazaqGeography қоғамдық бірлестігі елдегі туризмнің, ғылым және мәдениеттің дамуына ықпал етпек.  Бұл компания шетелдерде еліміздің туристік әлеуетін тарату, сонымен қатар Қазақстанның туристік саласына инвестициялар тартумен айналысатыны белгілі. Айтулы шара Қазақстан, Ресей Федерациясы (Якутия, Башқұртстан), Венгрия, Болгария, Түркия, Украина, Қырғызстан командаларының шеруімен басталды.– Бүгін меморандумға қол қойылуы өте маңызды, бұл біздің екі ұйымның — «KazakhTourism» ҰҚ» АҚ мен «QazaqGeography» РҚБ география, этнография, мәдениеттану, тарих салаларында бірлескен жобаларды іске асыруда дамуы, – дейді бұл жөнінде «QazaqGeography» РҚБ басқарма төрағасы Ж.Рүстем.Енді осы жобалар бойынша 2018 жылдың тамыз және қыркүйек айларында Ұлы Жібек жолы және Орталық Қазақстанның тарихи және табиғи ескерткіштері бағыты бойынша  бірлескен екі экспедиция болады. Ал «Көшпенділер әлемінде» көшпенділердің үш тарихи эпосы көрсетілгенін айта кету керек. Бірінші эпоста «Багатур» командасы болгарлық батырларды құтқарып қалған перізаттар туралы аңызды сахналап, түрік командасы Осман қорғанының тарихын жеткізуге тырысты. Ал қазақстандық топ Медет пен Айсұлудың махаббат дастанын қойып, аңызды сахналау кезінде теңге алу, қыз қуу, аударыспақ сияқты ұлттық ойындар көрсетті.Осылайша аумағы жеті ауылдан тұратын фестивальдің тұрғындары көшпенділер мәдениетін жетік меңгерген  жаужүрек сарбаздар, мергендер, ат құлағында ойнайтын шабандоздар және музыканттар сан түрлі қойылымдар қойып, шеберлігімен көрерменді тәнті етті.Екі күн бойы әр «ауылда» қызықты шаралар өткізіліп, көшпенділерден келе жатқан көне қару – садақпен атудың шеберлерін анықтап, түркі халықтарының этникалық музыкасымен таныстырды. Сондай-ақ көкпар тарту, аударыспақ, қыз қуу, асау және тағы басқа ұлттық ойындар паш етіліп, меймандарға көшпенділердің ас әзірлеу әдісі мен мәзірі ұсынылды. Жиналған қауым қазақ күресі, арқан тарту, асық ату, көшпенділердің тағы да басқа дәстүрлі ойындарына куә болып, рухы мен болмыс-бітімі берік батырлар өз өнерін ортаға салған осынау дүбірлі шарада дала батырларының ежелгі шайқастарының қыр-сырымен танысты.Бұл халықаралық мәдени фестиваль 2008 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Бұл күндері Астана іргесіндегі этноауылдан орта ғасырлардағы батыр, ару, мерген, тіпті құсбегілерді де кездестіруге болады.– Біз Мажарстаннан келдік, – дейді шараға қатысушы Андраш Бюро. –Сіздерге мажар халқынан үлкен сәлем! Бұл фестивальде әр елден келген мықтылар дала халқының ұлттық сайыстары бойынша өзара үздікті анықтады. Сондай-ақ қатысушылар өз халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін паш етті. Шеберлердің тартуы да көпшілікті бейжай қалдырмады.Ал ұйымдастырушы Даниэль Сержанұлы бұл фестивальді енді жыл сайын өткізуді жоспарлап отырғанын айтады. «Туристер тартатын үлкен шара жасағымыз келеді. Осы мақсатта арнайы келісімдерге қол қойылды», – дейді ол.Шынында, «KazakhTourism» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Р.Күзембаев та «Көшпенділер әлемі» фестивалі жыл сайын өткізілетінін айтып қалды. Алғашқы кезде біз Астанада, мүмкін, Ақмола облысында боламыз. Одан соң Қазақстанның барлық өңірлерін шарлап шығамыз деп ойлаймын. Өйткені біздің территориямыз ортақ, тіліміз, дәстүріміз ортақ, сондықтан мұндай керемет іс-шараны барлық өңірлер тамашалауы тиіс деп санаймын. Яғни Қазақстанның кез келген аймағы туризмге сұранып тұр. Міндетіміз – біздің азаматтарымыз үшін ғана емес, шетелдерден келетін туристер үшін де қызықты болатын жаңа туристік бағдарлар құру, – дейді Р.Күзембаев.Ақтамберді Садықан
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31