Қазақстанның киберқалқаны 20 миллионға жуық шабуылға тойтарыс берді
«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ «Киберқалқан» кешенінің қорғаныс құралдары кибершабуылдарға тойтарыс беру үшін жұмыс істеуде.
Қауіптерді азайту үшін нақты уақытта барлық желілік трафикті талдау және әрбір пакетті тексеру жұмыстары жүргізіледі. Киберқалқан зиянды трафик пен зиянды бағдарламаларды сүзу арқылы ішкі және сыртқы периметрлік шабуылдарға тойтарыс береді. Бір айдың ішінде 20 миллионға жуық кибершабуыл тойтарыс берді. Сарапшы мамандар кибершабуылдар Қазақстандағы сайлау кезеңінің басталуымен байланысты деп болжайды. Мұндай шабуылдардың негізгі мақсаты Қазнет инфрақұрылымының жаһандық жұмысын бұзу болуы мүмкін.
«Белгілі бір сыртқы күштер осылайша елімізге былық салуды көздеп отыр. Олар Қазақстандағы оң өзгерістердің алдын алмақшы. Бірақ біз таңдаған бағытымыздан таймаймыз», — деді Мемлекет басшысы.
DDoS шабуылдары вирус жұқтырған компьютерлер мен IoT құрылғыларының желілерін пайдаланды, олар ботнет деп аталады, оларды бүкіл әлем бойынша таратуға болады. Қазіргі уақытта «Киберқалқан» күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
2017 жылғы маусымда ҚР Үкіметі «Қазақстан киберқалқаны» киберқауіпсіздік тұжырымдамасын бекіткен болатын, онда IT және телекоммуникациялар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың, электрондық ақпараттық ресурстарды қорғаудың, цифрлық сауаттылықты арттырудың негізгі бағыттары айқындалды.
«Қазақстанның киберқалқаны». Не істелді?
- 2018 жылдан бастап «Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстары мен республиканың маңызды ақпараттық инфрақұрылымын кибершабуылдар мен киберинциденттерден қорғау үшін Ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті үйлестіру орталығы жұмыс істейді.
- Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігіне қатерлерді талдау, бағалау, болжау және алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстанда да салалық жедел ақпараттық қауіпсіздік орталығы құрылды.
- Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді оңтайландыру мақсатында ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне тестілеу актісін алу үшін электрондық лицензиялау веб-порталы арқылы өтініш беру тәртібі енгізілді.
- Киберқауіпсіздік мәдениетін дамыту мақсатында халықтың киберқауіпсіздік қатерлері туралы хабардарлығын арттыру бойынша іс-шаралар тұрақты негізде жүргізілуде, социологиялық зерттеу нәтижелері бойынша халықтың хабардар болу деңгейі 75%.
- 2021-2022 жылдарға «ақпараттық қауіпсіздік» мамандығы бойынша білім беру гранттарының саны 2632-ге дейін ұлғайтылды.
- 2020-2021 жылдар аралығында ақпараттық қауіпсіздік саласында 542 маман оқуын аяқтады, төрт маман «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтті.
- Ақпараттық қауіпсіздік саласында қайта даярлықтан өткен мамандардың саны ұлғайтылды. Мәселен, 2021 жылы ҚР Президенті жанындағы АМУ-де ақпараттық қауіпсіздік саласындағы 5 921 маман қайта даярлаудан өтті.
- 2017 жылы «Атамекен» ҰКП 2017 жылғы 17 шілдедегі №171 бұйрығымен IT саласының он кәсіби стандарты жаңартылды және бекітілді.
- «Қазақстан киберқалқаны» тұжырымдамасының екінші кезеңін іске асыру шеңберінде 2022 жылғы 25 ақпандағы жағдай бойынша Тізілімге 56 отандық өндірушілердің 173 АКТ өнімі (оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз етудің 45 түрі және электронды өнеркәсіптің 128 атауы) енгізілді.
- Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жоғары сапалы кәсіби қызмет көрсету нарығын дамыту мақсатында 26 жеке жедел ақпараттық қауіпсіздік орталықтары құрылды.
- 2019 жылы Қазақстан БҰҰ-ның Халықаралық электрбайланыс одағының 2018 жылғы жаһандық киберқауіпсіздік индексінде 82-ші орыннан 40-шы орынға көтерілді. Ал 2021 жылдың 29 маусымында БҰҰ ХЭО ұйымдастырған ресми конференцияда Киберқауіпсіздіктің жаһандық индексі бойынша есептің 4-ші басылымы жарияланды, онда Қазақстан Киберқауіпсіздік тұжырымдамасында белгіленген күтілетін нәтижеден айтарлықтай асып, 31-ші орынды иеленді.