Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:55, 03 Шілде 2020

Қазақстанның сегіз өңірінде ауа райы бұзылатыны ескертілді

"Қазгидромет"синоптиктері 3 шілдеде Қазақстанның сегіз өңірінде ауа райы бұзылатынынескертті.

Нұр-сұлтанда өткінші жаңбыр жауып, күнкүркіреп, бұршақ жауады деп болжанады. Солтүстік-шығыстан желдің екпінісекундына 15-20 метрге дейін жетеді.

3 шілдеде Атырау облысында 36 градус ыстық болады.

Оңтүстік Қазақстаноблысының кейжерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан 15-20 метрге дейін жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінденайзағай ойнайды.

Ақмола облысының кей жерлерінде жауын-шашын,найзағай, бұршақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батыстан кейжерлерде секундына 15-20 метр.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Желоңтүстік-батыс. Оңтүстікте 35 градус ыстық.

Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Күндізкей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстік, найзағайкезінде секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Шығыс Қазақстаноблысының кейжерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желоңтүстік-батыстан кей жерлерде 15-20 метрге дейін, күндіз екпіні секундына 25метрге дейін жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағайойнап, түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан кей жерлердесекундына 15-20 метрге дейін жетеді.

 

 

Тегтер: