Қазақстанның шекарадағы саудасын KazakhExport жетілдірмек

Қазақстандық өнімдерді өткізу нарықтарының географиясын кеңейту және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру – Қазақстан экономикасының басымды міндеттерінің бірі.
Атап айтқанда, Қазақстан ұлттық экспорттық стратегия бағдарламасын іске асыру шеңберінде шекаралық сауданы дамытуға, сауда кедергілерін жоюға, тауарлар мен қызметтер қозғалысының еркіндігін қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөледі.
Қазақстан үшін Қырғызстан мен Өзбекстан экспорттық қызығушылығы жоғары елдер санатына кіреді және жүк тасымалында көлікке қолжетімділігі, экспорт пен импорт көлемінің өсу болжамы бойынша Ресей мен Қытайдан кем болса да, олар сатылымның болашағы зор нарықтар. Осы елдермен бірге Қазақстан сауда-экономикалық ынтымақтастықты жүйелі түрде тереңдетіп кеңейтуде бірінші кезекте ірі инфрақұрылымдық жобаларға, халықаралық сауда кооперациясының дамуына сүйенеді, бұл өзара сауда көлемін ұлғайтады. Сарапшылардың болжамы бойынша, орта мерзімді перспективада сауда шикізатты жеткізу операциялары саласынан соңғы өнімді өндірудегі бірлескен ынтымақтастық саласына белсенді түрде ауысуда.
Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың толыққанды мүшесі болып табылатын Қырғызстанмен елдің ең тығыз қоныстанған аймақтары орналасқан оңтүстікте аумақтық жағынан шектеседі. Соңғы жылдары Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық оң динамикамен сипатталады, бірақ оны белсенді ету үшін инвестициялық ынтымақтастық, өзара сауда құрылымын әртараптандыру және оның көлемін ұлғайту сияқты салаларда айтарлықтай резервтер бар. Мамандандырылған жалғыз KazakhExport сақтандыру ұйымы Қазақстан Республикасының даму институты бола отырып, экспорттық несиелік агенттіктің функцияларын орындайды, қайта өңдеу секторының экспорттаушы кәсіпорындары мен екінші деңгейлі банктерді сақтандыру тәуекелдерінен сақтандыру қорғанысымен қамтамасыз етеді; сыртқы сауда операцияларындағы төлем және экспорттық операциялардың қауіпсіздігіне кепілдік бере отырып, екі жыл бұрын Қырғызстанның астанасы Бішкекте шетелдік өкілдің кеңсесін ашты.
Сонымен қатар Өзбекстан да Қазақстан үшін аймақтағы стратегиялық маңызды серіктес болып табылады. Былтыр екі ел арасындағы өзара тауар айналымын 5 миллиард долларға жеткізу жоспарланған болатын, бірақ пандемияға байланысты көрсеткіштер айтарлықтай төмендегенімен, Қазақстан Өзбекстанға тауар экспорты бойынша 10,5 пайыз (2,1 млрд доллар) үлесімен үш ірі сауда серіктесінің біріне айналды, тіпті экспортты ұлғайтты (2019 жылы бұл көрсеткіш 1,9 млрд АҚШ долларын көрсеткен). KazakhExport қазақстандық машина жасаудың дамуына белсенді қолдау көрсетеді. Өткен жылдың басынан бастап компания Өзбекстанға «СарыарқаАвтоПром» ЖШС автомобиль шығаратын кәсіпорнының алаңында «Узавтосаноат» АҚ-мен бірлесіп шығарған 16,5 млн АҚШ доллары сомасына 1064 JAC маркалы автокөлігін жеткізуге несие қаржыландырды. 2019 жылдың төртінші тоқсанында компанияның экспорттық несиелерді сақтандыру сияқты құралының көмегімен Ресей Федерациясына 3,4 млн АҚШ доллары сомасына 400 Ravon Nexia R3 маркасына Қазақстан – Өзбекстан өндірісіндегі автокөлік құралдарын жеткізу туралы келісім жасалды. Автокөліктерді құрастыру Қостанай автомобиль зауытында да жүргізілді.
Тәжікстан – сату нарығының шектеулі болуына байланысты Қазақстан өндірушілері үшін орташа экспорттық қызығушылыққа ие ел. Осыған қарамастан, 2020 жылдың соңында Қазақстаннан Тәжікстанға экспорт 693 миллион АҚШ долларын құрады. Экспорт құрылымында астық, отын, металдар басым болды. Өңдеу секторынан, негізінен, ұн және жарма өнеркәсібінің өнімдері, жануарлар мен өсімдік тектес майлар, электр машиналары мен жабдықтары ұсынылды. Мұндай нәтижелер басқалармен қатар, KazakhExport-тың Өзбекстанның түрлі даму институттарымен және қаржы ұйымдарымен тығыз ынтымақтастығының арқасында мүмкін болды. Компания импорттаушыларға несиелік тәуекелді сақтандырумен қамтамасыз ету арқылы қазақстандық тауарларды сатып алу үшін жергілікті банктерден экспорттық сауданы қаржыландыруды көтере алады. KazakhExport Өзбекстан Республикасындағы бірқатар банктермен, соның ішінде «Ипотека Банк» АҚ, «Turon bank» АҚ, « Tenge bank» АҚ, «Aloqabank» АҚ, «Qishloqqurilish Bank» және басқаларымен серіктестік байланыс орнатқан.
2021 жылдың басында Қазақстан Республикасының президенті сауда және интеграция министрлігінің алдына ұлттық дистрибьюторлық жүйені құру бойынша жұмысты сапалы жеделдету, нарықты отандық өніммен қанықтыру үшін жағдай жасау және осыған тұрақты даму міндетін қойды. Жүйе Өзбекстандағы, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы және Ресейдегі көтерме сату орталықтарының желісінен тұратын еуразиялық тауарларды тарату желісінің негізіне айналуы керек. Атап айтқанда, отандық өнімді сату нарықтарын кеңейту мен ЕАЭО шеңберінде және үшінші елдермен ынтымақтастық жобаларына қатысу тұрғысынан Қазақстанның сауда-логистикалық әлеуетін күшейту бойынша шаралар қабылдау т.б. Осыған байланысты ҚР сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымы болып табылатын KazakhExport компаниясы сақтандыруды қолдау құралдарын жетілдіру, компанияның шетелдік өкілдері қатысатын елдердегі импорттаушылармен байланысты нығайту және шикізаттық емес экспорттық өнімді жылжыту бойынша жұмысты жалғастыра бермек.