Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына 30 жыл
1992 жылдың мамырында Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымына (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization, UNESCO, ЮНЕСКО) құрамына кірген 164-ші мемлекет атанған болатын.
2003 жылы ЮНЕСКО тізіміне енген еліміздің алғашқы мәдени нысаны Қожа Ахмет Ясауи кесенесі болды.
Сондай-ақ ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне 2004 жылы Тамғалы археологиялық ландшафының петроглифтері, 2014 жылы Жібек жолы: Чанъань-Тянь-Шань дәлізінің желісі, 2008 жылы Сары-Арқа – Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері, 2016 жылы Батыс Тянь-Шань табиғи нысандары енген.
2021 жылы 24 қарашада ЮНЕСКО-ның 2022-2023 жылдарға арналған халықаралық мерейтойлар тізімі қабылданып, оған Қазақстанның ұсынысымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен Роза Бағланованың 100 жылдығы енді. Осылайша, Қазақстанның қос тұлғасының мерейтойлары ЮНЕСКО көлемінде аталмақ.