Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:00, 09 Ақпан 2022

Қазақта жемқорлық жоқ боп кетсе...

None
None

Жемқорлық деген біздің мәдениетіміздің бір бөлігі және адамның элита ретінде қалыптасуына қатты көмектесетін қасиет.

Елеулі байлыққа кенелудің басқа заңды жолдары жоқ, – деген екен ресейлік публицист Александр Невзоров.

– Біз шенеуніктердің зәулім сарайлары мен алтын унитаздарын көргенде, олардың әйелдерінің қымбат брендті жылтырақтары мен киім-кешегін көргенде, мұның қып-қызыл коррупция екенін түсінеміз, бірақ Ресей коррупциясыз өмір сүре алмайды. Коррупция жойылған сәтте құбырлардан шығатын түтін тоқтайды, күннің жарығы сөніп, ештеңе жұмыс істемей, бар тіршілік тоқтап қалады.

Жол салуға бөлінген сметадан ұрлау мүмкіндігі болмаса, кай ақымақ жолға асфальт төсейді? Жұмысшылармен ұрсысып, техниканы түгендеудің еш мағынасы, еш қажеті қалмайды.

Швейцария мен Жапония жемқорлықсыз-ақ жақсы өмір сүреді, бірақ олардың бағытымен жүру біз үшін түк тиімсіз. Жапония мен Швейцарияның мысалымен өмір сүруге бет алғанымыз үшін біреу ақша бере ме? «Жапондай болайық» деген жоба жасалып, смета жазылып, оның кемінде жартысын ұрлап алуға мүмкіндік ұсынылса ғана жапондай болуымыз мүмкін. Жемқорлықты жоя алмаймыз. Ісікті алып тастау науқастың өзінің өлімімен тынатындай жағдай бұл. Ресейде коррупция болмаса, тіршілік тоқтайды, – деген екен ол.

Ресейді айтып отырғанымен, Қазақстанға «сен тыңда» дегендей болыпты. Өте қорқынышты болжам. Қазақтың элитасы да жемқорлықтың арқасында қалыптасты емес пе? Қазақ қоғамында да ұрлау мен жеуден, алдаудан басқа баюдың төте жолы жоқ! Қазақ жемқоры да бас-басына, іші-сыртына алтын жалатылған сарай салдыруға құмар. Қазақ та коррупциясыз өмір сүре алмаса, одан ешқашан құтыла алмаса, түбі оңбаймыз-ау.

Тегтер: