Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:05, 24 Маусым 2022

Қазақтар қайда қарап келген?

None
None

Ресейдегі Новороссийск айлағында қазақстандық мұнайды тиеу бір аптаға тоқтатылған екен.

Терминал маңындағы судың түбінен сонау екінші дүниежүзілік соғыстан қалған снаряд-миналар табылып, енді соны залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін мұнай тиеу тоқтатылатынын Каспий құбыр консорциумы 15 маусымда ескерткен. Бізге ыңғайлы кезде Қашаған 15 шілдеге дейін жоспарлы жөндеуге жабылып тұратын кезде.Қазақ мұнайын тиеуді тоқтату Тоқаевтың Петерборда «мінез танытқанымен» тұспа-тұс келгенін небір қиялдаушылар сан-саққа жүгіртті. Новороссийск түбіндегі екі айлақтың жұмысы бір аптаға тоқтай тұрмақ. Әзірге солай дейді.

Бұл жердегі мәселе – мұнайы кідіретін бір аптаның өзі Қазақстан үшін зор шығын. Ресейлік саясаткер Роман Юнеманның пайымдауынша, Қазақстанның бюджетінің мұнайдың ақшасына тәуелдігі төтенше, ал мұнайдың сатылуы Ресей территориясы арқылы өтетін құбырға тіреледі.

«Иә, Қазақстанның Ақтауында Каспий теңізіндегі порты бар және Қытайға тартылған құбыры бар. Бірақ ол екеуінің мұнай тасымалдайтын бар мүмкіндігі Ресей арқылы өтетін құбырлардан үш есеге төмен. Қазақстанның ресейлік құбырларға таяу арада балама табуы мүмкін емес. Қазақстан бюджеті кірісінің шамамен 60 пайызы мұнай өндіру мен сатудан құралады. Каспий консорциумы құбырымен Қазақстан өз мұнайының 80 пайызын дерлік экспорттайды. Қазақстан үшін бір апталық кідіріс деген 1 миллион тонна мұнай экспортынан қағылу, бұл ел бюджетінің жылдық табысының 1 пайызы. 1 пайыз аз көрінбесін, бұл қазақтардың мәдениет пен спортқа жұмсайтын жылдық шығынының үштен бірі», деп жазыпты ол.

Қазақстандық шенеуніктер Каспий құбыр консорциумының бұл жолғы тоқтатылғаны мұнай экспортының жалпы көлеміне әсер етпейді деп отыр. Ал әсер етсе не болатынын көз алдымызға елестетейікші?

– Каспий құбыр консорциумы немесе Самараға тартатын құбыр жабылса, Қазақстан үшін қатер ұшан-теңіз. Менің есебімше, Ресей арқылы жүретін бүкіл мұнай экспортын тоқтатып, тасымал Әзербайжан мен Қытайға бағытталса – Қазақстан сол-ақ сәтте бюджет кірісінің 40 пайызынан айырылады. Ол шығынның орнын бастапқыда Ұлттық қорының резевтерімен толтырар, бірақ 2-3 жылдан кейін қоры да таусылады. Бұл кез келген экономика үшін таза катастрофа. Ресей территориясы арқылы өтетін экспорттың басқа түрлері мен жолдарын тоқтату туралы айтпағанның өзінде.Ресей Қазақстанға қысым жасай алатын осы тетігін бұған дейін ешқашан қолданған емес. Ал қолданса не болады?  Бұл жерде отыз жыл бойы Қазақстан билігінің не себепті мұнай экспортының балама бағыттарын құруға тырыспай келгені бөлек сұрақ. Ресейдің Батыс елдерімен шиеленісі күшейген сайын Қазақстанның көпвекторлық саясатын ұстануы қиындай түспек. Тіпті ол мүлдем мүмкін емес боп қалуы да ықтимал, жақын уақытта. Сол кезде Қазақстан түбі бір жақты таңдауға мәжбүр болады, әрі қай тарапты таңдағанына қарамастан, сол таңдауы қалай да оған тым қымбатқа түседі, – деп қорытады саясаткер.

Тегтер: