Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:45, 19 Мамыр 2022

Қазақтар туралы әдепсіз сөз айтқан азамат халықтан кешірім сұрады (видео)

None
None

Түркістан облыстық Полиция департаменті әлеуметтік желі арқылы тарап жатқан бейнежазбаға түсінік берді.

Бейнежазбада бір топ азаматтардың жайлым үшін өзара дауласып жатқаны, осы кезде бір өзбек азаматының қазақтарға қатысты дөқрекі сөздер айтып жатқаны көрсетіледі. Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бейнежазба бірден назарға алынып, оқиға орнына полиция шыққан. Тәртіп сақшылары анықтағандай, оқиға күндізгі уақытта Төлеби ауданы аумағындағы жайылымда болған. Онда жергілікті тұрғындар жайылымдық жер мәселесін талқылаған. -Аталған жайтты Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы өз бақылауына алып, Төлеби ауданына іссапармен барды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қызметкерлерге тапсырмалар берді. Сондай-ақ облыс пен аудан әкімі, прокуратура, полиция, ардагер ақсақалдар, этно-мәдени орталықтардың өкілдері мен басқа да құзыретті органдар халықпен кездесіп, профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Әдепсіз сөйлеген ер адам өзінің кінәсін толық мойындап, халық алдында кешірім сұрап, өкінішін білдірді.

Орын алған жайт ҚР ҚК-нің 174-бабы 2-бөлігі "әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.  Қазіргі уақытта ауданда жағдай тұрақты. Полицейлер қандай да бір құқық бұзушылықтар мен арандатушылыққа жол бермеу мақсатында тәулік бойы қызметте. Ал басқа да құзырлы органдар, қоғамдық бірлестіктер мен еріктілер тобы сақшыларға көмектесуде. Сондай-ақ жалған ақпарат таратушыларға заң аясында әкімшілік емес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын, яғни ҚР Қылмыстық Кодекстің 274-бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша шара көрілетінін ескертеміз,-делінген полицияның таратқан ресми мәліметінде.

Тегтер: