Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:22, 27 Қаңтар 2023

Қазақты жұта жаздаған...

None
None

Путин деген қашан да осы «орыс пен Ресейдің жері» деген саяси дау-дамайда өзінің екі «көзір картасын» қолдана жөнеледі.

Бірі – Ресей ешқашан колониялық соғыс жүргізген жоқ, әрі Ресейде ешқашан колония болмаған. Екіншісі – орыстар деген мынау дүниеде шырқы әбден бұзылған, жан-жағынан жаулары жұлмалап тастаған халық-мыс.

Шындық олай емес еді. Путин өтірік соғады, дейді журналист Ибраш Нүсіпбаев. Оның пайымдауынша, егер шындыққа тура қарасақ, Ресей өмір бойы бөтеннің жерін колония ету үшін соғыс жүргізіп келеді. Тарихта бәрі тұр. Патшалық Ресей, сосын, совет одағын алыңыз. Дүниенің жерін басып алған ғой, өзге империяларға еліктеймін деп.

– Алайда Ресейдің жер жаулау әдісі өзгелерден бөлек болды. Мәселен, Ұлыбритания, Испания, Франция немесе Германия басып алған бөтеннің жерінде өз әскері мен әкімшілігін орнатып, өзінше қожалық етсе, Ресей басып кірген жеріне орыстарды жаппай көшірумен айналысты. Орысты қаптатып, бөтен халықтарға аяусыз ассимиляция жүргізді. Мысалы, Сібір, Қиыр Шығыс, Сахалин мен Камчатканы басып алуы ассимиляциямен қатар жүргізілді. Жергілікті халықтарға орыстың есімдерін берді, орыстармен отау құруға мәжбүрледі. Қазір коряк, чукча сияқты көптеген ұлт өкілдерінің 80 пайызының аты мен тегі орысша жазылған.

Орталық Азия мен Қазақстанды жаулауы да мәжбүрлі ассимиляциямен жүргізілді. Ең жаманы – орыстарды жаппай зорлап көшіріп әкелді. Патша заманында Қазақстанға Ресейден миллионға дейін орыс көшірілсе, советтер билігі Қазақстанға 2,5 миллион орысты әкеп тастады. Кавказ, Балтық елдері мен Шығыс Еуропада да сөйтті. Өйткені басып алған жерлерінде орыстардың жүргені кейін «ол жерде орыстар тұрады» деуіне мүмкіндік береді. Қазір де Путин мен оның пропагандистері Украинадағы оккупациясын осындай желеумен ақтап отыр. Кезек Қазақстанға келіп жатса да сөйтеді олар.

Рас, экс-советтік елдердің бәрінде дерлік орыстар бар. Бұл Ресейдің баяғыдан бері сұмдық арам колониялық саясат жүргізіп келгенінің дәлелі. Ал орыстың таза өз жері – Мәскеу мен оның маңайы ғана. Бірақ Ресей маңайында мекендеген чуваш, марий, бесермян, удмурт сияқты көптеген халықтарды күштеп ассимиляциялап, бәрін орыс қылды, – дейді журналист.

Тегтер: