11:41, 16 Сәуір 2021
Қазақтың аса көрнекті ақыны Есенғали Раушанов өмірден өтті

Қазақтың аса көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушанов қайтыс болды.
Бұл туралы ақын Ақберен Елгезек жазды.
Ақынның қазасына «Жас Алаш» ұжымы көңіл айтамыз.
Есенғали Әбдіжаппарұлы Раушанов 1957 жылы 5 қазанда туған. Алғашқы жыр жинағы «Бастау» деген атпен 1980 жылында жарық көрді. Кейін ұлт бостандығы, туған дала тарихы туралы жазылған. «Келінтөбе» (1984) «Шолпан жұлдыз туғанша» (1988) «Ғайша бибі» (1991, «Aлаш» сыйл.) «Қара бауыр қасқалдақ» (1995) атты жыр кітаптары жарық көрген.