Қазақтың бірінші скрипкашысы

ӘйткешТолғанбаев туралы жазғың келеді. Алайда ақпарат аздығы қолды байлайды. Екіншіжаһан соғысына қатысқан скрипкашы жайында аңызға бергісіз ақиқат бар.
«Хабар» арнасы мыңдаған жобаны жүзеге асырып келеді.Кезінде «Тағдырластар» аталған, ондағандеректі фильмнің басын қосқан жоба да көрерменге жол тартты. Бірнешеуіне біз деатсалыстық. Ұсыныс жасаған режиссер Өркен Әліпбаева еді. Келістік. Себебі есімдеріел арасында кең танылмай жүрген тұлғалар көп еді. Мысалы, Әйткеш Толғанбаев.Өскен жер, кешкен ғұмырын паш ететін жібі түзу дүние жасай алсақ, аз олжа емесқой. Кезінде Рим таңғалған, Вена қол соққан скрипкашыны қазіргі қазақ жастарыбіле ме? Сұрап көріңізші, тұсыңызданиықтарын бір көтеріп өте берсін. Жазушы Тұрсын Жұртбай айтады: «Әйткеш Толғанбаевтың тағдыры – мынадүниедегі бүкіл адамзаттың қолымен туралған, жадаумен туралған көк шөп тағдыры», – деп. Немесе жазушы СұлтанОразалиннің пайымына келейік. «Әйткеш Толғанбаев деген адам – шын мәніндебіздің музыкалық өнеріміздегі қайталанбас құбылыстардың біреуі». Туысы Манатайатаның әңгімесін тыңдадық. «Тума талант қой, дарын иесі. Он төрт жасында үйдегібарлық музыкалық аспаптарды өз бетімен үйреніп, меңгеріп, тартатын болған», –деді ақсақал.
Үшпікірдің іші-сыртына үңілу үшін Өркен екеуміз Әйткеш жайында деректі фильмтүсіруге бел будық. Тақырып жақсы таңдалғанымен, материалтапшы болатын. Ол өнер көрсеткен Еуропа театрына бару қайда, тіпті сол жақтандерек алудың өзі машақат еді. Отандық баспасөзде «түк жоқ» десек те, қисынға келеді, шығармашылығы баспасөзқұралдарында қамтылмаған. Тұстастарының көбі екі ауыз сөзбен тоқталады. Мұрағатақтаруға мұрша болмады. Тағдыр-талайы қиын-қыстау шаққа тап болған саңлақмузыкант туралы бір фильмді,әйтеуір,жасап шыққандай едік. Қазір ғаламторда бар.
Сұлтан ағадансұраймыз ғой, Әйткештің ататегін.
– Ырғызбай тұқымынан тарайды, Ырғызбайдан – Мырзатай, Мырзатайдан – Жұман,атақты «Абай» романындағы Жұман, одан Толғанбай,Толғанбайдан,міне, Әйткеш.
– Абайғажақын екен ғой.
– Ал ендіАбайды алсақ, Ырғызбайдан –Өскенбай, одан Құнанбай, Абай жаңағы бұлкісілердің аталарының бәрі немерелес, шөберелес, бірелде өскен, бір ауылда туған,оны роман арқылы өте жақсы білесіздер.
– Ә, ендіӘйткеште бұл өнер қайдан пайда болған деген сұраққа жауап табылып кележатқандай.
– Бағытыңдұрыс, тағы сол «Абай» романын оқып отырғанда, Әбдірахман – Абайдың баласы, Мағыш бар, тағы басқалары – бәрі скрипка ойнайтын емес пе еді. Әбіш Петербургтан келгенде ең алғаш рет «міне, орыста осындай бір аспап бар, осындайәдемі үн шығарады» деп, сол елге скрипкаөнерін таратады ғой. Одан кейін Мұқаш,солардың барлығы скрипкашы болып кеткен ғой кезінде. Абайдың төңірегіндескрипка тартатын адам көп болған. Ал оның өзі мына Әйткешпен тұйықталып тұр.
Әйткеш туралы айтқандардан естіп едік. Бала кезінде музыкаға жақын болған екен. Жақын болғанысоншалық – аспап біткендімеңгере беріпті. Үйренбеген әні жоқ. Бірақ одан қанағат таппаған. Дала кезіп,қурайдың үніне құлақ тосады екен. Құстардың сайрағанына назар аударады. Әлде бір сарынды іздейді. Радиодан ерекше бірмузыканы естігенде ғана байыз табады. Сөйтсе, орындаушы скрипач екен. Ендіскрипкаға ғашық болады. Біршама рубльді туыстарына тапқызып, Семейден, әлде өзге бір қаладан скрипка сатыпалдырады. Сонда ғана іздегеніне қол жеткізіп, өнердің жаңа бір түрін тереңтүсініп, үлкен махаббатпен меңгере бастайды. Жазушы ағадан сыр тарттық қой,енді Әйткештің немере туысы МанатайБалқатайұлына ойысайық.
–1936 жылы Семейде көркемөнерпаздардың байқауы өтті. Мектеп оқушылары арасында.Соған Әйткеш те қатысты. Алматыдан келген жюри құрамында Ілияс Жансүгіров барекен. Латиф Хамиди, өзге де музыка мамандары, ұстаздар бар, Толғанбаевтыңталантына ерекше тәнті болады. «Алматығабаруы тиіс»деп кеңес береді. Жолдама да ұсынған шығар. Училищеде оқысын дейді ғой. Бірақбір мәселе бар.
– Қандай мәселе?
– Негізі,Әйткеш 1924 жылғы. Сол кезде небары 12 жаста ма? Қисыны келмейді ғой. Кемі екіжас жетпей тұр.
– Қиынболды ғой.
– Қиынықиын соқты. Дегенмен жол тауып кетті. Екі жыл кейін шегеріп құжат жаздырды да,1922 жылғы болды да шықты. Сөйтіп Алматыға барып, училищеде шәкірт атанды. Біртүзетілген соң, құжат қалпына келе ме, барлық жазбада туған жылы солай түсті.
– Сезіпотырмыз, 1941 жылы соғыс басталғанда Әйткеш шын мәнінде 17 жаста ғой.
– Иә. Алқұжат бойынша 19-да.
– Училищеніүздік бітіріп, Құрманғазы атындағы консерваторияда жүрген кезі екен ғой.
– Бастапқыкурстарда оқып жүргенде әскерге шақырылған Әйткеш енді Кавказ майданында жүріп,Бакудың маңы ма екен, негізі, әлгі «Шешенстанғақарай» дейді өзі, Дербезден өтіпті. Немістер сол кездеКавказдың мұнайын алмақшы болған. Кескілескен ұрыс жүреді. Күші басым германжағы қоя ма, сонымен қатты шайқас кезінде қоршауда қалады. Біраз әскер өліп кетеді.Көрер жарығы бар екен, Әйткеш жараланып, қансырап жатса да, тірі қалады.Тұтқынға түседі. Көрмегенді көреді енді. Қиындық осыдан басталған. Көргені қорлық пен азап, өмір бақи солай кетті.
Тұрсын Жұртбаевта Әйткеш туралы тебірене әңгімелейді.
– Әйткештің жанын себіл қып алып қалған –скрипка құмарлығы. Бүкіл тұтқын аштан өліп, кісінің етін кісі жеп, ана католектеріндеқайнатып жатқанынан шошынып, жатқан кезінде, тұтқындағы ауыр азапта жүргенбіреу айтады ғой, «Араларыңда музыкант бар ма?» деп. Қасындағылардың біріӘйткешті көрсетеді. Қарсыласатын шама қайда? Дедектетіп штабқа алып барады.Музыкант жоқ, аспап қайдан? Неміс офицерінің бірі шығып кетеді де, сәлден соң,әйтеуір, бір жерден ішегі үзілген, өзі сынған ескі скрипканы алып келеді. Соларада Әйткеш жамап-жасқап, 6-7 ішегі, қылы ғана қалған скрипканың ішегін түзеп,ойнайды. Әлемдік классикадан, Германия композиторынан шығармалар орындайды.
– Әлгі «еврей емес, таза қанды немістуындысын орында» деп ақыратын тұсы ғой?
– Иә, қайсар Толғанбаев неміс офицерініңкөзіне тіке қарап, «музыка ұлтқабөлінбейді» деп жауап берген. Сол үшін азап тартқан. Алайда сол скрипканы жөндей-жөндей, немістердіңішінде кәдімгі ойын-сауық оркестрінің құрамына алынады.
Аздап болсын бағыжанған тұсы да сол секілді. Түрі фашист демесеңіз, түбі Германия, өркениетордасы ғой. Шын мамандар танып, қасына қосып алады. Әйткеш енді Еуропасахнасында өнер көрсетеді.Түрлі турларға шығады, берісі Вена, тіпті Римге дейін жол тартады. Кілеңмықтылар арасында шеберлігі шыңдалып, нағыз музыкантқа айналады. Өзі де туматалант. Айтулы мамандардан дәріс алып, кеңес тыңдап, тынымсыз ізденіс арқасындашоқтығы биіктей түседі. Еуропа көрермендері де ерекше қошемет көрсетеді. Басқабіреу болса сол беделі мен мүмкіндікті өз пайдасына шешіп, қарт құрлыққа сіңіпкетер еді. Бірақ қазақ баласының мінез-құлқы өзгеше ғой. Соғыс аяқталғаннанкейін, Әйткеш елгеқайтқысы келеді. Елші біткеннің алдынан өтіп, Отанға оралу мәселесін реттепберуді өтінеді. Кейбіреуі істі әдейі сиырқұйымшақтатып, соза түсудің жолын қарастырадыекен. Өйткені елде Әйткешті не күтіп тұрғанын ашық айта алмайды ғой. Таланттыңтағдыр-талайы тағы қинайды. Қолқа жасауданеш тартынбаған Толғанбаев ақыр аяғында Кеңестер Одағына оралады. Келген беттеұсталып, 25 жылға сотталады. Он жылдан кейін Ворошилов жарлығына сәйкес босапшығады. Бірақ тұтқында қалғандар қатарында болғандықтан ақталмайды.
Манатай атаайтады:
– Әйткештебас бостандығы болса болған шығар. Алайда саяси жағынан бостандық ала алмаған. Яғни шектеу көп,шетке ысырады. Мысалы, сайлауға қатыстырмайды. Бастысы ол да емес, көпшілікжерде кездесу өткізе алмайды. Концерт қоюға да тыйым салынған. Скрипачтардыңконкурсына шақырту алған. Құжатын рәсімдеп, ұшаққа мінер кезде шекарашыларұстап қалып, «сізге шетелге шығуға болмайды» деп, түсіріп алып қалған.
Бұлөнерге, талантқа жасалған қиянат. Еуропада жүргенде жүздеген ұлт пен ұлыс өкілітыңдап, бағалап, қошемет көрсетті. Рас, ебін табуға болушы еді. «Майдан кезінде қателік жібердік» деп кешірім сұрағанда. Бірақ олтабандап тұрып алды: «Мен ешқандай сатқын емеспін! Отанды сатқан жоқпын! Тыңшыда емеспін!» – деп.
Тағы бірскрипкашы Толғанбаев жайындатарихи дерек бар. Ол – Валерий Әнуарұлы Толғанбаев. Әнуар – Манатай ақсақалдың туған інісі.Валерий 1978 жылдан бастап Семейдегі музыкалық училищеде сабақ берді. Немере ағасыжайында да көп мағлұмат білді. Әйткеш ерте босап келгеннен кейінконсерваторияда білімін қайта жалғастырды дедік қой. 1962 жылы диплом алды дегендерек бар. Бір жылдан кейін Ғазиза Жұбанова ректор болып тағайындалады жәнеӘйткештің мұғалім болып жұмыс істеуіне мүмкіндік жасайды. Көрген құқайы да барсекілді. Өкілетті орындар шақырып алып, «Жауды неге жұмыста ұстайсың?» дейтінкөрінеді. «Жауды емес, музыкантты ұстап отырмын. Мұндай маман далада жатқанжоқ», – деп жауап берген екен Ғазиза Ахметқызы.
Ахмет Жұбановтың өзі де Әйткешті жақсыкөрген. Жақсы көргенде, өнерін бағалаған. «Бір кезде елден келуіне өзімсебепкер болып едім. Соғыс басталып кетіп, майданға аттануына тура келді. Соданкейінгі тағдыры тіпті аянышты. Жау қолында қалды. Отанына оралғаннан кейінжағдайы тіпті мүшкіл тартты. Әйтпесе Әйткештей скрипкашы табу қиын», – дейдіекен Жұбанов. Шіркін-ай дейсің, кешегі кеңестік жүйе қысастық көрсетпей, қайтаөнеріне өріс ашқанда ғой. Музыка әлемінде тағы бір жарық жұлдыз жарқыраптұрғандай екен. Күллі әлемге даңқы естіліп, қазақ жігітінің әлем скрипкашысыатанатынына тұстастары шүбә келтірмейді. Дәл ол секілді скрипканы сезінетінорындаушы аз деседі.
Құсада жүрсе де, туған жерге деген ілтипатыерекше екен. Ауылдасы Рақымғали аға айтады. «Мәшинемен біз осы жерден мынауҚарауылға барып қайтайық, еліме-жеріме барып қайтайын, Жидебайға барайық дегеноймен біз бара жаттық. Содан дәстүр бойынша, мұсылманның парызы деп теқабылдаңыз, Еңлік–Кебектің басына тоқтап, құран оқиық деп ыңғайлана берген едік. Сол сәтте бір мәшине келіп тоқтай қалды. Отыз бес-қырықжас арасындағы жүргізуші отыр екен. Аға жақтырмай қарады. «Ағай, неболды?» деп едім, ол кісі үндеген жоқ.Сосын, өзі іштей күбірледі. Бізге естілгені – «Еңлік–Кебектің басына құран оқи алмайтынболдық қой, ең құрығанда осы кезде аңдуды қоя тұрса қайтер еді?!»
Анығында, Әйткеш арманынажеткен адам. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары толық ақталды. Алғаш естігендебір орында қатып қалыпты. Көзден жас тамбаған. Сұлық тұрып қалады. Содан кейінғана жүзіне қан жүгіріп, қуаныш табы білінген. Көп ұзамай елден кісілер келіп,халықпен кездесу өткізу жайын ақылдасыпты. «Ел шақырса неге бармайын. Сәлемайтыңдар, Әйткеш бақытты адам екен деңдер. Көзі тірісінде ақталу да бір бақыт»,– деп, түсініксіздеужауап қайтарыпты. Келген ақын Төлеген Жанғалиев екен. «Қоштасып, сыртқа шығардаағам ту сыртын беріп тұрды. Иығыбүлкілдеген секілді. Жылап тұр-ау деп ойладым да, кете бардым. Пойызға отырып, Аягөзгекелгенде естідім, ағаның о дүниеге аттанғанын. «Адам баласына айтар жалғыз өтінішім –әке-шешемнің қасына жерлеңіздер»деген екен марқұм. Ол аманаты орындалды», – дейді.
Толғанбаевтымузыка тірі алып қалды. Сан ажалдан арашалап қалды. Аранын ашып келгендескрипка көлденең тұра қалатын. Жазалауға келген жендеттің өзі есін жиып алып,«Сен солдат емессің. Музыкасың, ал музыка өлуге тиіс емес» деп айқай саладыекен. СС офицерлері де Әйткеш «Елім-айды»орындағанда ден қойып тыңдайтын көрінеді. «Неткен сарын, неткен сағыныш. Советсолдаты,сені ататын қол жоқ мына әлемде» дейді екен. Әттең, ататын қол табылмағанымен, буындыратын қол кездесті. Бірнеше реталқымынаналды. Демі үзілген жоқ. Десе де,шала-жансар күйге түсірді.
Жарлықшыққаннан кейін,көп ұзамай жарық дүниемен қоштасып жүре берді. Жеңіс күнінің қарсаңында ӘйткешТолғанбаев туралы толғану дағдыға айналыпты. Әсіресе отты жылдар жайында түсірілгенфильмдерден скрипкашы қазақ шыға келетіндей болады да тұрады. Алайдатағдыр-талайы оның кең қанат серпуіне мүмкіндік бермеді. Артында өкініш қалды.Бірақ тағдырынаөкпелеген жоқ. Өміріне шүкіршілік айтты. Алла тағала алдынан жарылқасын!
Аманкелді СЕЙІТХАН