Қазақтың тарихы негативке толы

Қазақтың санасын өзгертуге септігін тигізе алатын ғылымныңкелесі түрі – тарих. «Тарихын білгенадам отаншыл болады» деген түсінік бар.
Мен бұл байламға қарсы емеспін. Солайболса да, тарихшылар мен оны мектепте оқытумен айналысушылардың көңілін мынағанаударғым келеді. Англияның тарихын білген ағылшынның отаншыл болып шығуы нағыздыққасәйкес келеді. Өйткені, ағылшын тарихы тек прогреске ұмтылыстар мен жарқын жеңістердентұрады. Ағылшындарда әлеуметтік өрлеу, озық мәдениет, ғылым мен техникадағыжетістіктер.., бәрі бар, мың жыл бойы үзіліссіз өрлеу бар. Бір ғана тілімен дүниеніжаулап алып отыр. Осылардың бәрі қатардағы ағылшынды мақтанышқа бөлейді, көкірегінкөтеріңкі күйге толтырады.
Ал отарға түскен халықтың тарихына қатысты мұндайды айтаалмайсың. Қазақ тарихының оқулықтары негативке толы. Авторлардың жазатыны: әлеуметтіксалада – қайыршылық пен аштық; соғыста – жеңіліс; мәдениетте – артта қалу;саясатта – бағыныштылық; құқықта– қорғансыздық… Былайша айтқанда, тарих оқулықтарыжылау, күңірену, қашу, қырылу… сияқты баланың жігерін құм қылатынсипаттаулардан тұрады. Мұнысымен қоймай, негативті тарих орта және ЖОО-ларда төртрет қайталанып оқытылады. Осындай тарихты оқып жүрген баланың «қазақ болғымкелмейді» деп жылағанына да куә болғанымыз бар.
Әрине, қазақ тарихы ыңғай сұрғылт оқиғалардан тұрмайды.Позитивті сәттер де баршылық. Ал жалпы тарихты зерттеу мен оқытуға қатыстымынаны ескеру керек. Мектепте баланың сағын сындырмайтын, позитивті оқиғаларіріктеліп оқытылуы керек. Ал академиялық тарих идеологияландырудан азат болуыкерек. Ұстанымсыз зерттеушілер биліктің емеурініне икемделіп, соларға ұнайтын «тарих»жазып беріп жүр.
Идеологияландырылған тарих – ол іс жүзінде көсемнің өмірбаяныжәне оны әсіре әспеттеулерден тұратын мәтіндердің жиынтығы болып шығады. Әрине,онда іс жүзінде орын алған тарихи оқиғалар да қамтылады. Бірақ, олардың көбіне кезіндекөсемнің өзі кедергі болғандығы, халықтың қолымен, даму инерциясымен, ағыспен жүзегеасырылып келген шаралар екендігі ескерілмейді. Ондай тарихтың басты субъектісіхалық емес, көсем болып шығады. Идеологияландырылған тарих – ол жалған тарих.
XX ғасырдың екінші жартысынан бастап дүние жүзінің алдыңғықатарлы ғалымдары менталды тарихжазумәселесін көп көңіл аударып жүр. Оның ерекшелігі кез келген тарихи оқиға оған қатысушы халық бұқарасыныңменталитеті астарында сипатталады. Менталдық тарихтың бірден бір субъектісі– халық бұқарасы. Менталдық тарихта тарихи қақтығыстардағы жеңістің де, жеңілістіңде, қоғамның жетістікке жете алуы да, жетпесе – жете алмауының да себептері солтарихи кезеңдегі бұқараның дүниетанымымен, жан әлемімен – менталитетімен түсіндіріледі.Менталдық тарих арқылы бұқаралық сананы әлеуметтік апатия құбылысының меңдеуісебептерінің де нақты көрінісін көз алдыға келтіруге болады.
Тарихтың ресми басылымдарында «отарға түстік», «жеріміздітартып алды», «тонады», «қуды», «аштықтан қырылдық», «шетке қаштық» деген түсіндірулертұнып тұр. Бұл – қате әдістеме. Осындайдан кейін, бұқара тағы қырылуға дайындықпсихологиясына бейіндік таныта бастайды. Негативтіқайталап айта беру бұқаралық сананы келесі негативке дайындау болып шығады.«Отарға түстіктен» «енді кімнің отары боламыз» деген «идея» туындайды. Осы«идеяның» елесі әлі қазақтың санасынан шықпай жүр. «Етіміз үйренген орыстыңотары болғанымыз жақсы» деген «ұсынысты» да естіп жүрміз.
Негативті зарлап айта беру қолдарынан түк келмейтін, өзіназамат, ұлт адамы ретінде сезінбейтіндерге – құлдарға тән. Негатив – рухты сөндірушіфактор. Ұлтқа сәйкестігі бар, жігері бар халық «жеңілдік», «отарға түстік»деген сөздерді айтуға арлануы, намыстануы керек.
Қазіргі таңда ашаршылық және саяси репрессияларжылдарындағыдай, отаннан қашуидеясытағы белең алып отыр. Жылына ондаған мың адам шет елдерге қашып та жатыр. Жүздегенмың адамның кәлласына «мүмкіндік болса – қашу» идеясы ұялаған. Қашудың бұрынғысымен қазіргісінің айырмасы мынада: өткен ғасырда шекаралар ашық болатын. Сондықтанжаппай қашу орын алды. Қазір білімділер, қаражаттық мүмкіндігі барлар қашады. Бұл– қоғамның келешегі үшін қауіпті үрдіс.
Менталдық тарихта басты назар жеңілу айғағынан гөрі, жеңілудіңсебебіне көбірек аударылады. «Неге жеңілдік» деген сұраққа жауап ізделеді. Жеңілістіңсебептері түсіндіріледі. Келесі ұрыста жеңілмеу үшін қандай шара керектігі тарихимәселе ретінде алға тартылады. Менталдық тарих қазақтың санасында «арыстандайайқастық», «жолбарыстай шайқастық», «тістестік», «шекістік», «кетістік», «бірақ,төтеп бердік», «беріспедік»,… идеяларын сіңіруге тиіс. Тарихи еңбектердетрагедияның өзі оптимистік сарында баяндалуы қажет. Қырылудың өзі рухты көтеругеқызмет етуі, салтанатқа ұласуы керек. Қырылыстан тірі қалғандар бұл жолы кеткенқателіктің келесі жолы қайталанбайтынына сеніммен, көтеріңкі рухпен шығуыкерек.
Қазаққа өткеннен сабақ беретіндей, өкінішті оқиғаларды қайталамауғаүйрететіндей, алдағы уақыттарда тек жеңіске жетелейтіндей тарих керек. Кеңестіңқұрамында болған кезде қазаққа кім мейілінше аяусыз қастандық жасаса – сол еңжоғары лауазымдарды иеленетін. Ұлтқа қатыстының бәріне қаскөйлік жасау –билікке ие болудың төте жолына айналған болатын. Бұл орыс шовинистерінің ұлттардықосу саясатынан туындап жатты. Енді мына масқараға көңіл аударыңыз: осындай құбылыстарқазір де орын алып отыр. Орыс шовинистері қазақтың елін де, жерін де қосып алу үшінсатқындар мен сұмпайыларды әдейі көтерді. Ал тәуелсіздік жағдайындаантигеройлардың биліктің жоғарғы басқыштарына тез көтерілуін қалай түсінугеболады? Қазақтың басына төнген көп қырсықтың бірі осы арада көміліп жатыр. Мұныңда сыры менталдық тарих арқылы ашылады. Менталдық тарих кезінде билікке келіпалып, халықты қан қақсатқандардың үрім-бұтағына сайран салдырып қоюдың алдынатосқауыл қояды.
ҚанағатЖҮКЕШЕВ, «Билік метаморфозасы» мақаласынан
(Жалғасыбар)
Фото: el.kz