Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:37, 10 Наурыз 2023

«Қазақтың ұшан-теңіз байлығы өзіне бұйырсын»

None
None

ҚАДЫРНИЯЗОВ НҰРТАЗА САТЫМҰЛЫ

Экономист-қаржыгер, ғалым, публицист.

«Записки Императорского Русского Географического общества» журналы: саясат, экономика, мәдениет» атты монографияның,

«Қазақстанның саясаты, экономикасы және әлеуметтік өмірі» атты кітаптардың авторы.

Алматы қ., № 3 бір мандатты сайлау округі (Ауезов, Алатау ауданы), мәжіліс депутаттығына өзін-өзі ұсынушы кандидаттың

САЙЛАУ АЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ:

  1. Біз негізінен аграрлы мемлекетпіз, халқымыздың 47 % ауылда тұрады, сондықтан ауылдағы экономикалық қатынастарға заң жүзінде өзгерістер енгізу керек.
  • 2,3 миллион «өзін өзі жұмыспен қамтамасыз етушілердің» негізгі бөлігі – жұмыссыздар ауылда тұрады, сондықтан менің басты мақсатым заң негізінде, мемлекеттің қатысуымен ауылдағы елдімекендерде сүт, май, ірімшік, қант жасайтын, көкөніс өңдейтін, мал терісін, жүнін өндірістік мақсатта өңдеп, құны жоғары, сапалы тауар шығаратын завод, фабрикалар салу.
  • Бұл үрдіс ауылдағы жұмыссыздықтың жойылуына, жастардың қалаға көшу үдерісін тоқтатуға, ал үстемелі түрде төленетін мол жалақы өз халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуға алып келеді.
  1. Лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол бермеу үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» (тендер өткізу), «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» және «Субсидиялау ережелерін бекіту туралы» қағидаларға өзгерістер енгізу;
  2. Латифундистер мен олигархтардың жеке меншігіндегі миллиондаған гектар ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекеттің (халықтың) меншігіне толықтай қайтаруға заң жүзінде негіздер қалау арқылы жүзеге асыру;
  3. Соңғы 25 жылда мемлекетімізден шет елге әкетілген барлық капиталды (бұл 142 миллиард доллардан астам) Қазақстанға қайтаруға заңнамалық қолдау көрсету;
  4. Шет елдіктердің (әсіресе қытайлардың) жеке меншігіне сатылып кеткен мұнай, газ, көмір, хром, уран, алтын кен орындарын және «Алматы халықаралық әуежайын», ГРЭС-1, ГРЭС-2, ЖЭС, СЭС, теміржол желілері сияқты маңызды стратегиялық нысандарды мемлекет меншігіне қайтару, ол қайтарудың заңнамалық негізін қалау;
  5. Саяси партиялардың қызметін мемлекет бюджетінен қаржыландыру заңын тоқтату.
  • Өткен жылдың өзінде «Аманат» партиясы мемлекет қазынасынан 6 млрд 563 млн теңге, айына – 546 млн 982 мың теңге, күн сайын – 18 млн 232 мың алып отырды.
  1. Жоғарғы технологиялық ғылыми институттарды, ауруханалар мен емханаларды, балаларды сауықтыру лагерлерін, бұқаралық спорт объектілерін, санаторийлерді – яғни құрылысына мемлекеттің қаражаты жұмсалған барлық халыққа қажетті нысандарды мемлекет меншігіне қайтару жобасын заң жүзінде қолға алу;
  2. Жер қойнауындағы қазба байлығымызды игеруге шет ел транс ұлттық компаниялармен жасалған келісім-шарттардың құпиясын ашу және ондағы біздің мемлекет мүддесінің дұрыс сақталуын анықтау.
  • Мемлекет мүддесі толығымен сақталмаған келісім-шарттарды заң қабылдау арқылы қайта қарау немесе күшін жойдырту. Негізінен бұл мәселе қытай компанияларына қатысты;
  1. Қазіргі кезде 160 миллиард 900 миллион долларды құрайтын сыртқы қарызымызды қысқартуға күш салу.
  • Елді сыртқы қарыздың (әсіресе Қытайдың) батпағына батырудың ұзақ мерзімді тәжірибесін дереу тоқтату керек, себебі жер асты байлығын сатып тапқан пайдамыз түгел дерлік сыртқы қарызды жабуға кетіп жатыр;
  1.  Екінші палата – Сенаттың унитарлы мемлекетте болуы қажет емес, себебі біз федеративті, немесе конфедеративті мемлекет емеспіз.
  • Сенаторлар, жаңа конституция бойынша, тіпті заңдарды да қабылдамайды, тек «мақұлдайды» немесе «мақұлдамайды».
  • Салық төлеушілердің қалтасынан 49 сенатордың қызметін қаржыландыруға жыл сайын миллиардтаған ақша жұмсалуда, оны тоқтату керек.
  1.  Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін, сөз жүзінде емес, іс жүзінде көтеру;
  2.  Қазақстан азаматшасына үйленіп (көп жағдайда жалған үйленіп) еліміздің азаматтығын алып жүрген қытайларға (шет елдіктерге) заң жүзінде тосқауыл қою;

Егер сіздердің қолдауларыңызға ие болып мәжіліске өтіп жатсам жоғарыда аталған 12 бап бойынша есеп беріп тұруға және депутаттық мерзімнің аяғында қандай іс атқарылғаны, орындалғаны туралы толық есеп беруге дайынмын.

Тегтер: