05:18, 12 Сәуір 2023
ҚазМұнайГаз: Маңғыстау облысында кәсіпорындар жұмысын қайта бастады
ҚазМұнайГаз Маңғыстау облысында кәсіпорындар жұмысын қайта бастағанын хабарлады, деп хабарлайды Жас Алаш.
Аталмыш компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір кәсіпорындар қалыпты жұмыс істеп тұр.
«11 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 19.00-де Маңғыстау облысының бірқатар кәсіпорындары, атап айтқанда „Өзенмұнайгаз“ АҚ, „Өзенмұнайсервис“ ЖШС, „Бұрғылау“ ЖШС жұмысын тоқтатты. Алайда бір сағаттан кейін сағат 20:00-де аталған кәсіпорындардың жұмысшылары жұмысқа шықты».-дейді компанияның баспасөз қызметі.