Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:24, 30 Наурыз 2023

ҚазҰУ – ғылым мен білімнің ордасы

None
None

Бүгінде қазақ жастарының арасында білікті маман болу үшін міндетті түрде шетелде білім алу керек – деген, теріс көз қарас қалыптасқан секілді.

Иә, шетелдегі ЖООның тарихының терең екеніне, тиісінше материялдық базасы мен ғылымға құятын қаржысыныңда қомақты екені дау жоқ. Дегенменде, білікті мамандар тек шетелде ғана бар — деу қате пікір. Бүгінде елімізде де жоғарғы білімді кадрларды дайындайтын оқу орындары жетерлік. ҚазҰУ да жыл сайын шетелдік ЖООмен қоян-қолтық жұмыс істеудің арқасында әлемдегі танымал оқу орындарында бар технологиялар мен мүмкіндіктерді студенттеріне ұсынып отыр. Тіптен кей тұста Әл- фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің  әлемге танымал ЖООдары бермеген мүмкіндікті беретінін ескергеніміз абзал. Мәселен, ҚазҰУ қалашығын алайық, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген білім қуған, ізденімпаз жастардың нағыз думанды ортасы деуге болады. Бұнда тек жақын дос тауып қана қоймай, өзіңнің танымыңды арттыратын өзің қатарлы жастармен таныса аласың. Түрлі студенттік ұйымдарға мүше болу арқылы қоғамдық жұмыстарға ерте араласу мүмкіндігі бар. Сол арқылы, адам баласының жастық шағындағы елеулі де, тәтті естеліктерге толы студенттік өмірі қызықты естеліктерге тола түспек.

ҚазҰУда тұрақты түрде өткізілетін түрлі өнер байқаулары болсын, ғылыми жобалар байқауы болсын студенттердің білімін шыңдап, ұстаздардың біліктілігін арттыруда  оң әсерін тигізуде. Бұндай байқаулар, студенттердің өмірін қызықты әрі белсенді етіп қана қоймай – жан-жақты дамуына жақсы әсер етеді.

Мана сөз басында Әл — Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің — әлемдегі ең үздік 150 университет қатарына енген Қазақстан мен Орталық Азиядағы жалғыз жоғары оқу орны екенін айттық. Бүгінде ҚазҰУ-де жыл сайын шетелдік студенттер саны артып келеді – әлемнің 30 елінен 2,5 мыңнан астам шетелдік бакалавриатта, магистратурада және докторантурада білім алуда. Бұл да болса университеттің студенттеріне жасаған жайлы жағдай мен берілетін сапалы білімнің бірден бір көрінісі.

Биыл Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне зерттеу университеті мәртебесі берілді.

Бұл дегеніміз енді ЖОО- әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналып, халқаралым ғылыми-білім беру кеңістігінде өз орынын алады деген сөз. Алдағы уақытта, елімзде жасалған түрлі ғылыми жұмыстардың, әлемдік деңгейдкгі жобалардың жемісін көре бастаймыз деген сөз. Бұл дегеніміз тіптен, қазақ топырағында бұдан былай әлемдік деңгейдегі ғылыми жаңалықтардың көптеп жарық көрінуінің бастамасы деген сөз.

Шүкір! Кешегі Алаш қайраткерлері, тарыдай шашырап сай-сайда жүрген қазақ баласының басын қосып, сауатын ашып, қазақ баласының ішінен азаматтық көзқарасы қалыптасқан, мүйізі қарағайдай ғалымдарды көптеп көргісі келіп арманда кеткен еді. Бүгінде міне, елімізда жыл өткен сайын қай салада болсын үздіксіз алға жылжу, өркендеу бар. Тіптен мамыр айында Қазақстан Президентінің Түркия мен Қырғыз Республикасына мемлекеттік сапары аясында Ыстамбұл және Бішкек қалаларында ҚазҰУ филиалы ашылуы, еліміздегі тұрақтылық пен ынтымақтастықтың дәлелі емес пе?

Елімізде әр түрлі саланың жыл сайын дамып, өсіп келе жатқанын айттық. Әлемде кімнің оқуы күшті болса соның сөзі жүретініне XXI ғасырда толықтай көзіміз жетті. Үкіметтің білім беру саласына жыл сайын қомақты қаражат бөліп, әлемдегі озық білім беру жүйесінің негізінде өз білім беру ісін дамытып келе жатқаны да содан болса керек. Бір жыл ішінде! л-фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің QS WUR жаһандық рейтингі бойынша Топ-200 ішінде 25 позицияға жоғарылап, 175-орыннан 150-орынға көтеріуі, білім ордасының жылдам қарқынмен дамып, кемелденіп келе жатқанының айқын көрінісі.

Айта кетейік, QS WUR әлемнің үздік университеттерінің рейтингін 2004 жылдан бастап жарияланып келеді.

 Quacquarelli Symonds World University Rankings (QS WUR) халықаралық рейтингінің ресми нәтижелерін 2022 жылдың 8 маусымында жариялады. Бұл рейтингке әлемнің түкпір-түкпірінен, дүниежүзілік 2462 ЖОО қатысқан, қатысқан жоғары оқу орындарының ішінен тек 1422 жоғары оқу орыны ғана тиісті дәрежелерге ие бола алған.

QS WUR рейтингі әлемнің үздік ЖОО-ындарын анықтауда негізгі алты критерийге жүгінеді :

Академиялық бедел – 40%;

Жұмыс берушілер арасындағы бедел – 10 %;

Оқытушылар құрамының студенттер санына арақатынасы – 20 %;

Дәйексөздер индексі – 20 %;

Шетелдік ұстаздардың үлесі – 5 %;

Шетелдік студенттердің үлесі – 5 %з.

Әлемдік университеттер қатарында жоғары көрсеткіштерге ие болған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –інде білім алғанымызға бек қуаныштымыз. Әлемдік ЖОО бір позицияға жылжу үшін бірнеше жылдарды сарып ететіні ескерсек. Біздің ҚазҰУ інің бір жыл ішінде бірден 25 позицияға жылжып жақсы нәтиже көрсетуі, жақсы көрсеткіш.

Университеттің әлемнің екінші ұзсазы, оқымысты, ғалым – Әл- фараби бабамыздың атымен аталуы, кезіндегі  Отырар, Шаш, Самарқан, Бұхара сынды қалаларда болған ұлы өркениеттің қайта жандану деп білемін. Иә, бір кездері жерімізде әлем оқымыстыларының кеңес өткізіп, түрлі мәселелерді талқылайтын ірі қалалар мен білім ордаларына толы болғанын жиі айтып жүрміз. Тіптен, ол кездегі ғұламалардың  білімінің тереңдігі сонша, бір өзі бір ЖОО-ның жүгін арқалады десек артық айтқандық емес. Бертін келе түрлі саяси жағдайлар мен соғыстың әсерінен сол өркениет ошақтары өшіп, кешегі ұлы түріктердің әлем көшінен кешеуілдеп қалғаны жасырын емес. Сол ұлы ашылулар мен ұлы ғалымдар қазақ топырағынан тағыда шығады, әлемге білім шұғыласын шашады деп сенемін.

Шет тілдер кафедрасының оқытушылары: Айсултанова Қ.А.

                                                                         Досмагамбетова Ж.Ж.

Тегтер: