Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:30, 14 Ақпан 2022

ҚФФ президенттігіне басты үміткер кім?

None
None

Қазақстан футбол федерациясының басшысы лауазымына басты үміткер туралы не білеміз?

28 ақпанда өтетін Қазақстан футбол федерациясының конференциясында ҚФФ-ның жаңа президенті сайланады. Бұл лауазымға бес үміткер таласып отыр. Бүгінде олардың арасында ең перспективті үміткер де айқындалып үлгерген, деп хабарлайды zhasalash.kz

Қазақстан футбол федерациясының сайлау конференциясына үміткерлерді тіркеу  рәсімі 7 ақпанда аяқталды. Аймақтық федерациялардан Олжас Абраев, Әділет Барменқұлов, Давид Лория, Берік Қаниев және Қайрат Оразбеков өз кандидатураларын ұсынды.

Бұл жаңалыққа жанкүйерлер мен кәсіпқой спортшылар сын-пікірлер жаудыра бастады. Олар бірауыздан Жақсыбеков сайлауға түспей, отставкаға кетуі керек екенін жарыса жазды. Алғашында сайлау додасына қатыспайтыны туралы ҚФФ-ның қазіргі президенті емес, Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы, ҚФФ вице-президенті Олжас Абраев мәлімдеген болатын.

Ал 11 ақпанда Жақсыбековтің де қоғамдық пікірге қарсы шықпауды ұйғарып, ҚФФ президенттігіне сайлаудан бас тартқаны белгілі болды. Үміткерлер тізімінде Жақсыбеков есімінің орнына Қазақстан әуесқой футбол лигасының төрағасы Ерлан Жарылқасыновтың есімі пайда болды. Футбол әуесқойлары дегеніміз, әрине, жақсы, бірақ Қазақстанның спорт саласын реформалауға кәсіби мамандар тартылғаны жөн болар еді. Ең болмағанда, ҚФФ-ның қазіргі басшылығына барынша қатысы жоқ болғаны абзал.

Мәселен, үміткерлердің бірі сол Жақсыбековтің мүддесін тікелей қорғайды – ол ҚФФ президентінің кеңесшісі, федерация атқару комитетінің мүшесі Әділет Бәрменқұлов.

Тағы бір үміткер  — Қайрат Оразбеков те ҚФФ атқару комитетінің мүшесі, бірақ тәжірибесі әлдеқайда мол: ол «Қайрат» футзал клубын жылдар бойы басқарып келеді. Ал Қазақстандағы футзал, негізінен, Қайраттың арқасында жақсы нәтиже көрсетуде, десе де, үлкен футбол туралы бұлай деп айту қиын.

Осылайша, екі үміткердің ғана ҚФФ-ның қазіргі басшылығымен байланысы аз болып шықты. Солардың бірі – Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы, елордалық футбол федерациясын басқарған және оған дейін «Астана» футбол клубының бас директоры болған Давид Лория. Лорияның есімі бірнеше жанжалды оқиғада аталады, жанкүйерлердің бір бөлігі оның кандидатурасын қолдағанымен, басым көпшілігі бұрынғы жақсы қақпашының көшбасшылық қабілеті жоқтығын, көшбасшы ретінде тәжірибесінің жеткіліксіздігін жасырмайды.

Тағы бір үміткер қалып отыр, футбол мамандары оның келешегі зор екеніне сенеді. Бұл – қазақстандық «Форбс» тізіміндегі бизнесмен, меценат және «Жас Қыран» футбол лигасының негізін қалаушы Берік Қаниев. Ол да ҚФФ атқарушы комитетінің мүшесі, яғни оның Қазақстандағы үлкен футболдың жағдайынан нақты түсінігі бар.

Республиканың еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Алматы қаласы футбол федерациясының тұңғыш президенті Самат Нұржановтың республикалық БАҚ-тың біріне берген сұхбатында Берік Қаниевтің кандидатурасына қатысты айтқан пікірін келтірейік.

«Меніңше, футбол федерациясының президенттігіне үздік үміткер – Берік Қаниев. Ол ауқатты адам, ақша жымқыру үшін федерацияның қалтасына түспейді. Менің ойымша, керісінше, Қазақстан футболын дамыту үшін инвестиция тартып, өз қаражатын сала алады. Неліктен мен бұған сенімдімін? Өйткені ол қазірдің өзінде жастар футболына инвестиция салып қойған. Алматыдағы ескі «Спутник» стадионын жөндеуден өткізіп, «Жас Қыран» жасөспірімдер футбол орталығына айналдырған Берік Қаниев пен Марат Әбділдабеков болатын. Ал биыл олар Қазақстан біріншілігінің екінші лигасында өнер көрсеткен команда құрды. Командаға үлкен талаптар қойылған жоқ. Бұл дұрыс көзқарас деп ойлаймын. Орталықтың түлектері ойынды жалғастыруы керек. Біз болашаққа жұмыс істеп жатырмыз. Бұл ретте барлық дайындау топтарының жаттығулары мен матчтарында заманауи технологиялар мен цифрландыру қолданылады. Олар футболдың болашағын ойлап, осы болашаққа инвестиция салады. Білуімше, бүгінде Қаниев пен оның командасының қалай алға дамуға болатыны туралы өз бағдарламасы бар», — дейді Самат Нұржанов.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы балалар мен жасөспірімдер футболын жан-жақты қолдау, оқу орталықтарының инфрақұрылымын жақсарту және жаттықтырушылар құрамының біліктілігін арттыру мақсатында құрылған «Жас қыран»  футбол лигасының жетістіктерін сұрады.

«Басқаларға қамқорлық жасау да үлкен және маңызды мотивация факторы болып табылады. Әлеуметтік жауапкершілік туралы көп айтылды, бірақ менің тағы біраз қосарым бар еді. Әлеуметтік жобалар сіздің және ұжымыңыздың ортақ іске жұмылдырылғанын сезіндіреді. Барлық шараларға қатысыңыз – мейлі дауалды бояу болсын, мейлі сенбілікке бару болсын, маңызды емес, сіздің өміріңіз осылайша баянды бола түседі», — деген еді Берік Қаниев мотивация тақырыбындағы лекциясында.

28 ақпанда Қазақстан футбол федерациясының өзгерістерді қалайтыны немесе қаламайтыны белгілі болады: президенттікке үміткерлерге тек ҚФФ мүшелері ғана дауыс бере алады.

Тегтер: