ҚХА – жалпыұлттық бірліктің ұясы
Қазақстан тұрақтылығы үшін қызмет етіп отырған мекеменің бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясы.
1995 жылы құрылған аталмыш ұйым бүгінге дейін Қазақстан саясатымен бірге шыңдалып, экономикасымен бірге жетіліп келеді. Тәуелсіз Қазақстанмен бірге есейіп, бірге кемелденіп келе жатқан мекенің бүгінде қанаты қатайған, қатары толыққан. Мысалы, көптеген адамдар ҚХА-ның құрылымдарын толық түсіне бермейді. Бүгін біз Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдарына тоқталмақпыз.
Сонымен, ҚХА-ның құрылымына мыналар жатады. Бірінші, ҚХА Кеңесінің құрамы. Одан кейін «Қоғамдық келісім» мекемесі, депутаттық топ пен ҚХА-ның ғылыми-сарапшылық кеңесі және этномәдени бірлестіктер жатады. Этномәдени бірлестіктер жалпыұлттық бірлікті сақтауда өте ауқымды қызмет атқаруда. Одан өзге ҚХА-ның волонтерлері қозғалысы орталықтары мен кафедралары қауымдастығы, ҚХА-ның Достық үйлері және ҚХА Жастар ұйымдары. Бұлар да жалпыұлттық бірлікті сақтауда ауқымды шаралар өткізіп, нәтижелі жұмыстар жасап отыр. ҚХА жанындағы Медиация Кеңесі бар. Журналистер клубы мен ҚХА Қоғамдық келісім кеңесін қосып қойыңыз. ҚХА жанындағы Аналар кеңесі мен «Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығы» сияқты құрылымдары бар. Міне, осындай құрылымға ие ҚХА-ның жүгінің жеңіл болуы, жұмысының аз болуы мүмкін емес.
Енді осы аталған мекемелердің бірқатарының қызметіне, атқарып отырған жұмысына тоқталып кетсек. Өйткен, ҚХА жұмысы деген кезде, міндетті түрде осы аталған мекемелердің жұмысы тілге оралады.
Мысалы, ҚХА атынан тағайындалған депутаттық топтар туралы айтсақ: Сауытбек Әбдірахманов. Ол — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі VII шақырылымының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі қызметін атқарады. Аветик Амирханян – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі VII шақырылымының депутаты. Ол Аграрлық мәселелер Комитетінің мүшесі. Ілияс Бұларов — Мәжілістің VII шақырылымының депутаты. Ол экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі қызметінде. Наталья ДЕМЕНТЬЕВА – Мәжілістің VII шақырылымының депутаты. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. Вакиль НАБИЕВ, Юрий ЛИ, Шамиль ОСИН, Владимир ТОХТАСУНОВ, Абилфас ХАМЕДОВ – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары. Аттары аталған азаматтар ҚХА атынан сайланған, ҚР-дың жалпыұлттық бірлігі үшін тағайындалған парламенттегі өкілдер. Ел бірлігін сақтау үшін жасақталған халық қалаулылары мемлекеттің тұтастығы мен бірлігін сақтау үшін үнемі ат үстінде.
ҚХА құрылымына қарайтын этникалық театрлар мен бірлестіктер өз алдына бір төбе. Атап айтсақ, қазақстандық татарлар мен башқұрттар конгресі. Екінші – Қазақстанның «Вайнах» шешен және ингуштар қауымдастығы. Одан кейін «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы. Төртінші — «Тұран» әзірбайжандар конгресі. Сонымен бірге, Қазақстан украиндерінің Радасы. Қазақстанда мекендеген өзге этнос мәдениеттеріне үлгі болатын орталықтар. «Наири» — армян мәдени орталықтарының қауымдастығы. Жетінші – «Мицва» Қазақстан еврей ұлттық ұйымдарының қауымдастығы. Бұдан басқа Қазақстан корейлерінің қауымдастығы мен «Барбанг» күрдтер қауымдастығы да Қазақстандағы жалпыұлттық бірлік жолында аянбай қызмет етуде. «Возрождение» немістер бірлестігі. Соңғысы орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы. Міне, осы аталған театрлар мен қауымдастықтар, бірлестіктер Қазақстандағы жалпыұлттық бірлікті сақтау үшін өздеріне жүктелген қызметті атқаруда.
Этномәдени бірлестіктер Қазақстандағы этнос өкілдерінің тілін дәріптеп, салт-дәстүрін ұлықтап отырған үлкен рухани-мәдени қарашаңырақ. Бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдарға басқа қазақстандықтар құрметпен қарайды. Өйткені, бұл Қазақстанды мекендеген халықтың мәдениеті. Мәдениетті сақтаудың астарында жалпыұлттық бірлік туралы қазақстандық идея жатыр.
Қазақстан халқы Ассамблеясының волонтерлер қозғалысының орталықтары құрылды. Қазір Достық үйлерінің жанында жұмыс жасайды. Еріктілер қызметінің құрылу себебі — әлеуметтік бастамалар мен КХА-ның кейбір жобаларын іске асыру үшін азаматтарды жұмылдыруға құрылған бірыңғай алаң. Еріктілер қозғалысының бірнеше түрлі міндеттері қарастырылған. Мысалы, еріктілер қозғалысы мен қызметін ұйымдастыру және үйлестіру. Одан кейін волонтерлер институтын дамыту міндеті қарастырылған.
ҚХА құрылымына қарасты Достық үйлері бар. Мысалы, ең біріншісі Республикалық Достық үйі Алматы қаласында. Ал басқа аймақтарда жалпы 12 облыстық, 7 қалалық, 13 аудандық өңірде Достық үйлері қызмет етеді. Достық үйлері қазақстандық жалпыұлттық бірлікті сақтауға қызмет етіп отырған негізгі мекеме. Достық үйлері ерекше мәртебеге ие. Мәселен, Алматы Республикалық Достық үйі ғимаратында 29 этномәдени бірлестік бар. Одан бөлек, қазақ тілін және өзге ұлт өкілдерінің ана тілін үйрететін кабинеттер топтастырылған. «Достық-Дружба» журналы осы мекемеден шығады.
Достық үйлерінің қызметі өте ауқымды. Ең басты қызметі, Қазақстандағы өзге этно өкілдерінің мәдениетін сақтауға, Қазақстанды дамытуға, ғылым мен білімді, спорт пен мәдениетті өрістетуге барлық достық үйлерінің қосып отырған үлесі көп. Жалпыұлттық бірлік дегенде – Қазақстанды мекендеген барлық ұлт пен ұлыстардың ынтымағы, береке-бірлігі тілге оралады. Ал сол бірлікті сақтап отырған ұлттық бірліктің ұясы – Қазақстан халқы Ассамблеясы.