Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:13, 01 Тамыз 2020

ҚМДБ: құрбан айттың бірінші күнінде 17 997 отбасына ет таратылды

Қадірлі жамағат!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныңқоғам алдындағы негізгі 4 қызметінің бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру.

ҚМДБ көмекке мұқтаж жандарды қолдау, қауіпті індетті алдын алу мақсатында WWW.QURBAN2020.KZ сайтын іске қосқан болатын.

Жоба мақсаты – қайырымдылыққа дәнекерболу, халықтың денсаулығы мен өміріне төнген қауіпті сейілтуге үлес қосу,құрбан шалуға ниет білдірген жандарға карантин жағдайында оңтайлы жол ұсыну,т.б.

 

Құрметті қауым!

WWW.QURBAN2020.KZ жобасы бойынша жүйеліесеп беріп тұратынымыз жайлы осыған дейін өздеріңізге хабарлағанымыздай, 2020жылдың 31 шілдесі сағат 15:00-дегі мәлімет бойынша республика деңгейінде 3225адам құрбандық шалуға тапсырыс берді. Бұдан бөлек 1000-нан астам адамАлла разылығы үшін қосымша құрбандық малын әкеліп тапсырды. Бүгін, яғни Құрбанайттың бірінші күнінде еліміз бойынша 4 700 мал шалынды.Оның ішінде қой – 4341, ірі қара – 274,ешкі – 83 , түйе – 2. Бұған қоса 22 кәсіпорынмен мекемелер құрбандық малын тапсырды. Барлық мәліметті жинақтап айтқанда,еліміз бойынша 17 997 отбасыға құрбандық еті таратылды.

Қадірлі отандастар!

Халқымызда: «Қайырымдылық жасасаң, қайырынөзің көресің» деген нақыл сөз бар. Баршаңыз шынайы ниетпен құрбан шалып, мұқтажотбасыларға мерекелік қуаныш сыйлап, сауапты іске ортақтасып отырсыздар.

Аса Қамқор, Ерекше Кеңшілік Иесі болғанАлла Тағала осы амалдарыңыздың сауабын арттырып, өз құзыретінде қабылдыққажазғай. Сауабы мол қайырымдылық істің жақсылығы өздеріңізге еселеп қайтып,халықтың алғысы мен батасына бөлене беріңіздер. Көмек алған жандардың сіздергежолдаған дұға-тілектері қабыл болғай. Жаратқан Жаббар Иеміз мерейлеріңіздіүстем етіп, екі дүниенің нығметі мен құрметіне бөленуді нәсіп еткей. Әмин! 

Тегтер: