Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:39, 17 Маусым 2020

Қоғам белсенділері «Nur Otan» партиясын қолдаушылар лигасын құру туралы мәлімдеді

Қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар жәнеелдің азаматтық белсенділері «Nur Otan» партиясын қолдаушыларлигасы қозғалысын құрды.

Олардың қатарында Ерлан Саиров, ЭдуардПолетаев, Марат Шибутов,  Жанарбек Әшімжан, Мұрат Әбенов,Бибигүл Даулетқызы, Яков Федоров және басқалары бар. Бұл жайында елордадаЕуразиялық интеграция институты ұйымдастырған кездесу барысында белгілі болды.

Институт директоры, саясаттану ғылымдарының кандидатыЕрлан Саиров атап көрсеткендей, Лига – заңды тұлға құрмастан қызмет ететінбейресми қоғамдық қозғалыс.

«Лига күрделі әлеуметтік мәселелердің шешімін тұжырымдауелдің нақты саяси күшінің маңына, яғни «Nur Otan» партиясының жанына шоғырланаотырып, диалог пен консенсусқа негізделуі тиіс деген қағиданы ұстанады. Қозғалысқа қатысушылар өңірлерге шығып, жұрттың әлеуметтікжелілердегі ұсыныстары мен тілектерін жинақтайды, осының негізінде партияғаконструктивті ұсыныстар тұжырымдайды», — деді Ерлан Саиров.

Қозғалыстың тағы бір мүшесі — саясаттанушы ЭдуардПолетаев. Оның пікірінше, партия жариялаған праймериз елдің саяси жүйесініңболашақ бағдарын айқындайды.

«Праймериз саясаттың тек ерекше таңдаулы адамдардың ғанаеншісі емес екендігін көрсетуі тиіс. Қазіргі кезде бізге жаңа идеялары бар, әріқарай дамуға көмек беретін креативті адамдар қажет. Праймериз тың тұлғалардың,әсіресе әйелдер мен жастардың саяси мінберге шығуына жол ашпақ», — деп атапөтті Эдуард Полетаев.

Саясаттанушы, Қазақстан Республикасы Президентініңжанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Марат Шибутов Қолдаушыларлигасы бүкіл қоғамды заң жобаларын талқылауға қатыстыруға ынталы екендігін атапкөрсетті.

«Шын мәнінде праймериз – саяси процеске демкоратиялықнормаларды ендіру. Біз белсенділерді жинап, олардың өту барысын бақылайтынболамыз. Жалпы Лига адамдардың әртүрлі тобының ұсыныстарын талдау негізіндепартия басшылығымен республикалық деңгейде диалог жүргізеді», — деп санайдыМарат Шибутов.

«Серпін» Ұлттықбілім және инновациялар палатасының президенті, Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі М. Әбеновөз сөзінде Лига партиямен бірлесіп балама пікірлер қағидаты негізіндеәлеуметтік мәселелерді оңтайлы шешуге жол ашады деп атап өтті. 

«Егер партияөзгеруге дайын болса, мен көмек беруге дайынмын. Біз өңірлерге шығып,праймериздің ашық өтуін бақылайтын боламыз. Жергілікті жерлерде әкімдерпраймеризге тосқауылдар жасауы мүмкін. Мысалы, егер әлдекім праймеризгеқатысқысы келіп, оған кедергі келтірсе, ол бізге жүгіне алады. Мен өзектімәселелерді талқылау үшін әлеуметтік желілер арқылы ауық-ауық тікелей эфиргешығып отырамын. Жалпы біз алдағы партияішілік іріктеуде жастарға қолдаукөрсетуге тиіспіз. Лиганың барлық күштермен өзара ынтымақтаса әрекет етугедайын екенін атап өткім келеді», — деді Мұрат Әбенов.

Белгілі блогерЯков Федоровтың айтуынша, праймериз – өңірлердегі келешегі бар жастардың елдіңсаяси сахнасына шығуына мүмкіндік беретін маңызды әлеуметтік лифт.

«Біз әлеуметтікжелілерден, ас үйлердегі әңгімелерден торыққан көңіл-күйді көріп отырмыз, яғниадамдар өз туған ауылында, туған қаласында, туған елінде өз қабілеттерін ашаалмайды. Мен бұл ретте бұдан гөрі жақсырақ өмір сүрсем деген қарапайым қалауыбар адамдар туралы айтып отырмын. Мен өңірлерді көп аралаймын, жасы отызданасса да, әлі күнге оларға жас маман деп қарайтын өз ісінің нағыз шебері болғанадамдарды білемін. Біздің міндетіміз – өңірлердегі осындай адамдарды тарту,олардың өз облысын нақты қалай дамыту қажеттігі туралы ойларын айтқызу. «Nur Otan» партиясыныңпраймеризі – өз ойларың мен бастамаларыңды іске асыруға, кәсіпқойлығыңдыкөрсетуге, елді дамыту туралы идеяларыңды ортаға салуға жақсы мүмкіндік. Бізгезаң шығарушы органға баруға дайын кәсіпқой мамандарды табу ғана емес,сарапшылар ұсынатын саяси күн тәртібін қалыптастыруға қажетті идеялардыжинақтау да маңызды. Адам депутат болып тумайды, бұған мектепте үйретпейді.Адам бұған талпыну арқылы жетеді», — деп түйіндеді Яков Федоров.

Кездесу барысында спикерлер «NurOtan» партиясын қолдаушылар лигасын құру партияішілік іріктеудің айқындығынқамтамасыз етіп, қоғамның қазіргі сұранысына жауап беретін идеялардыңтоптастырылуына жол ашады деген ортақ пікірге келді.

Тегтер: