Қоғамдық орындарды дамыту жұмыстары жалғасуда
«Қуатты өңірлер – ел дамуының ұлттық драйвері» жобасы аясында Алматы қаласының біраз өңірінде абаттандыру, ескі үйлерді сүру жұмыстары басталып кетті.
Нақты айтқанда, Алматы қаласы Медеу ауданындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік музейі мен оқушылар сарайының алдындағы скверлерді қайта жаңғырту жұмыстары аяқталған болатын. Ендігі кезек, Алматыдағы хайуанаттар бағындағы тазарту қондырғыларын пайдалана отырып, тоғандардың төртеуінде қайта жаңғырту мен абаттандыру жұмыстары жүргізілген болатын.
Дәл осындай жұмыстар Алатау ықшам ауданындағы «Журналистер» сквері мен Ибрагимов көшесіндегі скверлерді қайта жаңғырту мақсатында жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, сараптама қорытындысы алынды. Ал құрылыс монтаждау жұмыстарын келесі жылдың көктемінде бастау жоспарға іліккен.
Сондай-ақ Есентай өзенінің жағасынан Жамақаев көшесінің дамбасына дейін жаңартылған қоғамдық кеңістіктердің пайда болуына септігі тиді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуінде айтқан болатын. Оның айтуынша, «Биыл абаттандыру жұмыстары басталып кетті. Абаттандыру жұмыстарына 800 миллион теңгенің 19 жобасы іріктелініп, оның 18-і аяқталды. Сондай-ақ биыл Медеу ауданының тұрғындары бағдарламаға 128 өтінім берген болатын. Оның ішінде 30 жобаны комиссия құрып, 2023 жылы іске асыру үшін алдын ала іріктеуден өткізілді», – дейді Ерболат Досаев.
Жалпы қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға 493 миллион теңгеге 23 жобаның жұмыстары жүргізілді. Яғни, 20 аула мен кіші Алматы өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстары қазан айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
Сонымен қатар жоба аясында бірнеше аудандардың көшелерін жөндеу жұмыстары басталып кетті. Мәселен, ауданның көлік инфрақұрылымын жақсарту үшін ұзындығы 5,7 км Шығыс айналма автокөлік жұмыстары жүргізілді. Яғни, жыл басынан бері ұзындығы – 21,4 км болатын 29 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тротуар салу жоспарға ілікті. Нәтижесінде 27 көшенің жөндеу жұмысы аяқталды.
Алматы қаласын көркейтудегі басты мәселелердің бірі су құбырының жұмыстарын жаңарту еді. Осы мәселеге қатысты Медеу ауданындағы халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету қала әкімдігінің жұмыстарының ішіндегі басты бағыт саналатындығын қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуінде баса айтқан болатын. Осыған орай, биыл Думан ықшам ауданында сорғы стансасы мен көлемі 1800 текше метр болатын 2 резервуар қайта жаңғыртылатын болады. Сондай-ақ Юбилейный ықшам ауданында 1,2 км кәріз желілерін қайта жаңғырту мен Горная, Батурин, Бегалин көшелері бойынша 1,4 км су құбырының жұмыстары аяқталды. Әрі аталмыш жұмыстар Коккинаки, Луганский, Елебеков көшелерінде жалғасын тауып, келесі жылдың ІІ тоқсанында аяқталады. Дәл осындай жөндеу жұмыстары Кеңсай, Каменск, Сұлусай ықшам аудандарында басталады. Осыған қатысты Мұзтау мен Көлсай ықшам аудандарында ауыз сумен қамтамасыз ету үшін «Балқаш» су стансасында кеңейту жобасы әзірленетін болады.