Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:58, 07 Ақпан 2023

Қой, құрсын... Қазақстанда судьялар сайлануы керек!

None
None

Президенттер мұндай деңгейдегі кәсіпкерлерге сәлем беруді құрмет деп санайды, премьер-министрлер олардан кеңес сұрайды, оларға мемлекет барынша қолдау көрсетеді.

Иә. Солай. Бірақ өкінішке қарай, бізде емес.

Қазақтарда бастық туралы басқа түсінік қалыптасқан: олар барыңды қызғанып, тартып алғысы келеді, ал алатындай түгің болмаса, саған ешкім көмектеспейді.

Қазақстандықтардың көз алдында Обухов тау-кен байыту комбинаты төңірегіндегі бітпейтін жыр жалғасып жатыр.

Отандық кенішті шетелдіктер сатып алғысы келіп жүр. «Тиолайн» ЖШС-ның соңғы жылдары көрмеген сұмдығы жоқ: бітпейтін сот процестері, құқық қорғау органдары мен полицияның қысымы, рейдерлердің зорлық-зомбылықпен басып алуы. Бұл қазақстандық кәсіпорын тап болған ауыр сынақтардың бір бөлігі ғана.

Обухов тау-кен байыту комбинатының атқарушы директоры Виктор Иванович Долгалев қаңтар айының қорытындысын шығарып, жаңалығымен YouTube желісіндегі каналында бөлісті. Еске салайық, желтоқсанда «Тиолайн» компаниясы жер қойнауын пайдалану келісімшартын қорғай алды. Халықаралық арбитраждық сот Долгалевті жақтап, тау-кен байыту комбинаты еңбек ұжымының қызметін заңды деп таныды. Компания Австралиядан алдыртқан соңғы үлгідегі жабдықтарын іске қосты.

Қаңтар айы Обухов тау-кен байыту комбинаты үшін өнімді ай болды. Жұмысшылар 3400 тонна цирконий концентратын өндірді. Егер бұл сандарды жылдық шкалаға аударсақ, тау-кен байыту комбинаты әлем бойынша «Люк» пен «Дронекс» компанияларынан кейінгі үздік үш өндірушінің қатарына кіреді.

«Бұл тамаша көрсеткіш. «Люк» компаниясы дегеніміз не? Бұл – бүкіл әлем бойынша жүзден астам филиал. Бұл үш миллиард долларлық тауар айналымы. Бұл компания мемлекет пен Батыс елдері алдында үлкен қолдауға ие. Ал «Дронекс» компаниясы – бүкіл Еуропаның бетке ұстары. Ол компанияға Меркель мен Трюдо сияқты Батыс елдерінің мемлекет басшылары келді. Олар жылына 50 мың тонна өнім шығарады. Ал біз шамамен 40 мың тонна шығарып отырмыз», дейді Долгалев.

Виктор Ивановичтің айтуынша, Обухов тау-кен байыту комбинатының табысты өндірісіне қарамастан, компанияны мемлекет тарапынан қолдау жоқ. Нөл ғой, нөл. Жоғарыда аталған компаниялармен салыстырсақ, «Тиолайн» компаниясына жаның ашиды.

«Біз жылына 50 мың тонна өнім өндіретін кәсіпорындарды көріп отырмыз. Оларға Меркель мен Трюдо келеді екен. Оларға жан-жақты қолдау көрсетіледі екен. Ал бізге деген қарулы қарақшылар мен полицейлері бар жемқор прокурорлар келеді. Бізді пара алатын судьялар қорлауда. Бізді өз территориямыздан қуып жіберді. Бір ай бойы электр қуатын бермеді. Ал біз сонда да тырысып-тыраштанып, жанталасып жұмыс істейміз. Әлгі шетелдік компаниялардың бірі де біздің жағдайымызда бір күн де өмір сүре алмас еді. Ал біз өз жұмысымыз үшін күресуді жалғастырамыз», – деді Виктор Иванович.

Кәсіпорында қаңтарда орташа жалақы 559 мың теңгені құрады. Сыйақы 201%-ға дейін өсті. Бұрын-соңды болмаған мұндай. «Тиолайн» ЖШС-ы орташа төлемдер бойынша Польшаны басып озды.

Обухов тау-кен байыту комбинатының директоры атап өткендей, 2017 жылы «Тиолайнда» жүк тасымалдауға арналған үш жүк көлігі ғана болған. Орташа жалақы 150 долларды құраған. Ал бүгінде зауыт аумағында 75 көлік бар, орташа жалақы 1200 долларға дейін өсті. Зауытта қазір 275 адам жұмыс істейді.

«Мен жұмыс күндері мүлдем ішпеймін. Бірақ бүгін ішемін. 6 жыл күттім. Мен компания үшін 2006 жылдан бері күресіп келемін. Бірақ жұмыс істеуімізге 6 жыл бұрын ғана рұқсат берді әрең. Біз зор нәтижелерге жеттік. Әлі де алар асуларымыз көп. Етектен тартқан ши бөрілерге қарамастан, біз көп табысқа жеттік», – дейді Долгалев.

Долгалевтің мақсаты – қызметкерлерінің өмірін қолдан келгенше жақсарту. Тау-кен байыту комбинатының жұмысшылары дүкенге кіргенде әр нәрсенің бағасына алаңдамай, қалағанын алса дейді. Виктор Иванович тау-кен байыту комбинатының бүгінгі жетістіктеріне үйлесімді жұмыстың арқасында қол жеткіздік деп санайды. Кәсіпорын басшылығы өз қаражатын үнемдей отырып, жұмысшыларға, өндіріс саласына инвестициялауға тырысты.

«Адамдарды еңбекке ынталандыру үшін біз үшін жалақыға инвестиция салу маңызды болды. Өнімділікті арттыруға арналған жабдықтарды алдық. Қазір біздің кәсіпорын дамып келеді. Біз деген бір әкетіп бара жатқан данышпан емеспіз. Біз өз ісіне адал қарапайым халықпыз, өз жұмысын адал орындауға тырысатын», дейді Долгалев.

Жақында тағы бір сот отырысы өтті. Судья Парманов тау-кен байыту комбинатының бұрынғы директоры Ағаевтың бас бостандығын шектеу туралы шешім шығарды. Айта кетейік, бірақ сот Ағаевтың әрекеттеріндегі қылмысты анықтай алмаған екен. Долгалевтің айтуынша, судьялар мұндай шешімді Ресей азаматы Екатерина Плугинаның мүддесі үшін шығарды. Ол кісі өзін жәбірленуші етіп көрсетті, ал Солтүстік Қазақстан облысының билігі мұнымен еш ойланбастан келісті.

«Парманов мырза, Плугинаның қай жері жәбірленуші екен? Өзін өзге елдің азаматымын дегені үшін бе? Әлде оның күйеуі біздің адамдарды сабап жүргені үшін бе? Парманов мырза, олар сізге пара берген шығар ма? Бәлкім, Пармановтың Башқұрт сода компаниясының қызметкерлеріне деген жылы сезімдері бар шығар? Мен білмеймін. Бірақ ерте ме, кеш пе, шындық жеңіп, бәрі осындай пармановтарға әділетті шешім шығады деп мен сенемін», – деді Обухов тау-кен байыту комбинатының атқарушы директоры.

Виктор Иванович СҚО сот құрылымының сыбайластық қағидасымен жұмыс істейтінін айтады. Прокурорлар судьяларды қолдайды. Судьялар бір-бірімен келісе отырып, әділетсіз шешім шығарады. Іс материалдарындағы 32 сантиметрлік дәу пышақ қара темірдің кішкентай сынығы ретінде көрсетілген және бұл жайт ешкімді алаңдатпайды. Барлық жерде сыбайлас жемқорлықтың ізі. Долгалевтің айтуынша, мұндай прокурорлар мен судьялар өз халқын да, елін де сүймейді. Дегенмен әр нәрсенің сұрауы түбі болады.

«Судья Төлебаев үш жыл бұрын кәсіпорынның екі қатысушысы үшінші қатысушыны аумаққа кіргізбеуге құқылы деген шешім шығарған. Ол шешім әлі де күшінде. Осы шешімі үшін судьялардың өздерінің күлкісі келеді екен. Судья Аликбаева деген сұмырай бар. Ол Саверскийдің өтініші бойынша келісімшартты бұзады. Ал Саверский деген кім? Жұмысқа ешқашан келмеген қызметкер. Ол Башқұрт сода компаниясының өкілі. Прокурорлар мен судьялар пышақты темір кесек деп атайды. Біз басқа елдердің азаматтарын жәбірленуші деп танимыз. Біз өзі Қазақстанда тұрамыз ба, әлде Башқұртстанда ма? Оларда жалпы, ұят бар ма?» – деген сауал тастайды Виктор Иванович.

Долгалев алдағы депутаттар сайлауы туралы айтуды ұмытпады. Обухов тау-кен байыту комбинатының атқарушы директоры кандидат болғалы жүргендермен кездесті. Барлық тараптар Қазақстанда судьялар сайлануы керек деген ортақ пікірге келді. Сонда ғана олар халықпен санасатын болады.

Долгалев намыс пен ар-ожданды сататын депутаттарды билікке жібермеу керектігін атап өтті. Ол үшін әрбір Қазақстан азаматы өзінің азаматтық борышын өтеуге міндетті. Сайлауға келіп, дауыс беріңіздер!

Тегтер: