Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:09, 22 Наурыз 2023

Қолдаушыларыма мың алғыс

None
None

Сайлау – демократиялық елдерде қалыптасқан азаматтардың саяси таңдау жасау мүмкіндігі.

Қазақстан жағдайында, 30 жылға жуық ішінде сайлау өткізудің өзіндік механизмдері қалыптасты. Қазақ халқында дала демократиясы деген ұғым бар. Қара қылды қақ жарып, әділдік жолында еліне адал қызмет еткен хандар мен би-шешендердің өмір жолын осы сөзіміздің дәлелі ретінде айтуға болады.       

Мен 20 жылдан астам уақыт прокуратура саласында қызмет еттім. Шүкір, абыроймен қызметті өткерудің шекті жасына жетуі себебінен зейнеткерлікке шықтым. Заңдылықтардың сақталуын қадағалау жасайтын бұл органның ерекшелігі  азаматтардың шағымдарын қарайды, құқық қорғау саласындағы кей заңсыз шешімдер, сот, тергеу процесіндегі келеңсіздіктерді және басқа әр түрлі заңсыз әрекеттердің болдырмауын қадағалайды. 

Мұны неге айтып отырмын, мен 2-ші сайлау округі бойынша Астана қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркеліп, сайлауға қатыстым. Бағдарламада тұрғындардың әлеуметтік жағдайы, баспана мәселесі мен жастарды жеңілдетілген несие арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету және Ауған, Чернобыль ардагерлерін қолдау мәселері қамтылды.ПИК (КСК) мен ЖМБ (ОСИ) арасындағы өзара келіспеушіліктер мен ортақ ұстанымдар туралы үлкен талқылаулар жасалды. Тұрғын үйлерді уақытылы жөндемеу, қыс мезгілінде қардың тазаланбауы, қоғамдық көліктердің уақытылы жүрмеуі және жылы аялдамалардың көптеп салынбауы айтылды.Маған бекітілген сайлау учаскелеріне тиісті аймақтарда өзім жүрдім. Себебі, көзбен көріп, қолмен ұстамайынша нақты ұсыныстар айту дұрыс емес. Ол жалған ұран, жәй сөз болмауы үшін осындай қадамдарға бардым.

Мысалы, кәсіпкерлерді тексермеу, мараторийді тағы да ұзарту жөніндегі бастамамды бағдарламама арнайы енгізіп және ол туралы газетке мақала жарияладым. Қазір әлемдік экономика мың құбылған мына кезеңде кәсіпкерлерге барынша қолдау жасамасақ, келешекте елдің кіріс бөлігіне үлкен соққы болуы мүмкін. Белсенділік жоғары болды. Оны өзім кездескен сайлаушыларымның сенімінен байқадым. Бірақ, әттеген-ай дейтін жағдайлар орын алып, кей сайлау учаскелерінде бақылаушылармен сайлау комиссиясы мүшелерінің арасында жан-жалдар болды. Бірнеше округтерде «сброс» жасалғаны анықталды, яғни келмеген сайлаушылардың блютендерін пайдаланды. Бұл «жаңа Қазақстанның» саяси келбетіне кері әсер ететін факторлар деп айтар едім. 

Сайлау бұл азаматтардың еркіндігі, таңдау құқығы. Ал, оған құрметпен қарамау құқықтық жағынан жауапкершілік ғана емес, адами моралдық тұрғыдан ар азабына тарттыратын жағдайлар әкеп соғады. Әрине, осындай келеңсіз істердің әлі де жалғасын тауып келе жатқаны өкінішті. Ел боламын десек, азаматтырдың сеніміне құрметпен қарауымыз керек. Бұл – мемлекеттік биліктің басты ұстанымы болуы тиіс. Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев өзінің Жолдауларының негізгі бағыты ретінде «ашықтық, әділеттілік» қағидаттарын алға қойып отырды. Осы ұстаным барлық мемлекеттік органдардың, барша азаматтардың ажырамас бағдаршамы болуы тиіс. Олай дейтінім, қазақ елі – баршамыздың ортақ мекеніміз. Өзім 51 жастағы азаматпын. Әлі елдің өсіп-өніп,  өркендеуіне адал қызмет етуге мүмкіндігіміз зор. Отбасы құндылықтарын әрқашан биік қоямын. «Amanat»  партиясының мүшесімін. Астана қаласы мәслихаты депутаттығына өзін өзі ұсыну, бір мандаттық жүйемен кандидат ретінде тіркеліп, жұмыс жасадым. 

Қадірлі менің сайлаушыларым!

 Маған сенім білдіріп үлкен іске ұйытқы болған ақ көңіл, адал ниеттеріңізге алғыс айтамын! Отбасы аман, төңірек түгел болғай! Мына келіп жатқан жаңа жылымыз – Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесі құтты да, берекелі болсын! Қазақ елінің асығы алшысынан түсіп, алға қадам баса берсін! 

 КІШКЕНЕБАЕВ БАУЫРЖАН ЖҰМАБЕКҰЛЫ, ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ, ПРОКУРАТУРА САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ

Тегтер: